Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Халқым-ай»
исполнителя Молдир Ауелбекова.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Мен елімді жүре алмаймын сағынбай
Мөлдір судың жағасындағы
Қазақ жері жарқырайды лағылдай
Алты құрлық арасындағы

Сол даланың тұрғындары бағымдай
Жүзі жылы жан асыл бәрі
Өздеріңді жақсы көрем жанымдай
Үніндей жанашырлары

қайырмасы:
Қастерлі халқым-ай
Дәстүр мен салтын-ай
Әнінде балқымай жүрмейді шалқымай
Сен жүрегімдесің халқым-ай
Әр қазақ алтындай алтыннан артық-ай
Сен жүрегімдесің халқым-ай
Халқым-ай

Алтай менен Атыраудың арасы
Араласан ауасы дауа
Көршілерін керегеден қараса
Бесіктегі баласы-ай

Еркелетіп алаңқанға саласың
Анамдайсың бұл әсем дала
Дәл осындай махаббатпен баласың
сүйе алады анасы ғана

қайырмасы:
Қастерлі халқым-ай
Дәстүр мен салтын-ай
Әнінде балқымай жүрмейді шалқымай
Сен жүрегімдесің халқым-ай
Әр қазақ алтындай алтыннан артық-ай
Сен жүрегімдесің халқым-ай
Халқым-ай

Другие песни исполнителя:

  • Екі елдің қосып арасын Біздерден кетіп барасың Өз үйіңде сен өссеңде Өзгенің бағын жағасың Ақ жолын жалғап анаңның Əкенің ақтап арманын Көрмеші барған жеріңде Өмірдің ауыр салмағын Қайырмасы: Аттадың-ай жаңа босаға Босама енді босама!!! Алдыңнан жарқын күн туған Бақытың сені тосады, Гүліндей нəзік көктемнің Еркесі едің текті елдің Арқасы ата ананың Осы бір күнге жеткенің Түсірме сызат арыңа Жақсыны сақта жадыңда Бақытты болшы мəңгілік Тапсырдық сені жарыңа
  • Шын бақыттың бағын аралатып жаным бір жандым, Түсінетін күнде, күрсінетін бірге сен жаным. Шарықтаттың көкке мені өзің байлап қанат, Шын бақытты еттің мені сыңарыңа санап. Қайырмасы: Бірге жаным төземіз деп сынақтарға, Жауап беріп тағдыр қойған сұрақтарға. Бір іргеміз! Біз біргеміз! Мәңгілік! Ең бақытты шағым ата-анам әнім сол барым Сүйеп жүрген тірек тілеуімді тілеп қолдадың. Еркелеткен әркез мені күнде теңеп балға, Ақ кемеме желкен еді жүздіретін алға. Қадам бастым мен сенімменен - тірегім бар. Елім десе елжіреген менің жүрегім бар. Сенсің xалқым жүзің жарқын, аман болшы. Екі көзің мөлдіреген үміт оты. Қошеметпен жүресіздер жылытып.
  • Күн өткен сайын дамып Бақытқа бағыт алып Қалықтай бер қырандай қанат қағып Есілдің бойын жайлап Бағыңда бұлбұл сайрап Күн кеше бер бойыңда намыс қайда [Қайырмасы:] Астана, арайлаған ақ таңым Бас қала еліміздің мақтаны Тәуелсіз қазағымның тәтті әні Гүлдене бер Астана Ертеңгі күнің жарқын Тілеймін соны әр күн Аман болсын көңілі дархан халқым Жастарға жалын бердің Болашағыңа сендім Жүрегі сен қазақтай қайсар елдің [Қайырмасы:] Астана, арайлаған ақ таңым Бас қала еліміздің мақтаны Тәуелсіз қазағымның тәтті әні Гүлдене бер Астана
  • иісің сондай тәтті балдай Тынысымды ашқандай Сезім қандай алған баурай Өмірдің мәнін көрсеттің жаным балапаным Шапағат нұрысың аялап жүрсін алақаным Жаным балам сенімен сұлу ғажап ғалам балапаным Жаным балам сәл көрмесем мен алаңдаған балапаным Жарық айым жаныңнан әркез табылайын балапаным Аман бол деп Тәңіріме мен жалынайын Күнім менің жүзің сенің әкесінен аумаған Үнің сенің тілің сенің Өмірдің мәнін көрсеттің жаным балапаным Шапағат нұрысың аялап жүрсін алақаным Жаным балам сенімен сұлу ғажап ғалам балапаным Жаным балам сәл көрмесем мен алаңдаған балапаным Жарық айым жаныңнан әркез табылайын балапаным Аман бол деп Тәңіріме мен жалынайын
  • Күй ойнайды қазағымның қанында, Күй ойнайды қазағымның жанында. Жүрегінің, жүрегінің, жүрегінің дүрсілі – Күмбірлеген домбырасы барында. Бабамыздың мұңысың сен, домбыра, Анамыздың сырысың сен, домбыра. Қазағымның жүрегінен жаралған, Даламыздың үнісің сен, домбыра! Домбыра бұл, үнсіз қалып көрмеген, Қуаныш та, қайғы-мұң да кернеген. Үзіледі, үзіледі, үзіледі әуендер, Ғашықтардың көз жасындай пернеден. Бабамыздың мұңысың сен, домбыра, Анамыздың сырысың сен, домбыра. Қазағымның жүрегінен жаралған, Даламыздың үнісің сен, домбыра! Домбырадай шежіре жыр болмаған, Даламыздың тағдырларын толғаған. Армандарын, армандарын, армандарын халқымның, Аманат қып ұрпағына жолдаған. Бабамыздың мұңысың сен, домбыра, Анамыздың сырысың сен, домбыра. Қазағымның жүрегінен жаралған, Даламыздың үнісің сен, домбыра!