Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Көктем»
исполнителя Ұланғасыр Қами.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Ғашықпын саған әлі,
Жандармыз жоқ амалы.
Жүзігің қолыңдағы,
Жүректі жаралады.
Сезімнің ережесін,
Бұзасың, не көнесің.
Көз жасың қағып тұрды,
Жүректің терезесін.
Сүйкімді едің неткен,
Жымиғаның көктем.
Мөлдіреген көздер,
Жанды өртеп кеткен.
Жан шуағын төккен,
Сұлу едің неткен.
Жолықтырған тағдыр,
Бізді ғашық еткен.
Ең сұлу ізгі, адалым,
Жүзіңе жүз қарадым,
Мен сені айдан, күннен,
Жұлдыздан қызғанамын.
Жүрегің соғып тылсым,
Қоңырау соғып тұрсың,
Бұйырмас бақытымсың,
Қол жетпес көріктімсің.

Другие песни исполнителя:

  • Бір күн келіп алмастырып бір түнді, Көктем келіп айналамыз құлпырды. Қос қарлығаш тыным таппай тағатсыз, Жөндеп жатыр ескі ұясын былтырғы. Қайырмасы: Қос қарлығаш көктемде, Сағындырып жеткенде, Қандай сезім жетеледі туған мекенге? Тағып алып ақ тұмар, Жұлдыздай боп ақтыңдар. Ерте өшкен үмітімді, Қайта жақтыңдар. Қос қарлығаш, қияқ қанат достарым, Қанатымен тілгілеген аспанын. Тілгіленіп қалар еді-ау жүрегі, Ұя салса ауласына басқаның. Қайырмасы: Қос қарлығаш тағдырларын тең бөлген, Тірліктерін туған жерге өңделген. Әрбір адам туған жерін сүюді, Үйренсе екен, үйренсе екен сендерден. -
  • Сабақтан қашып, Бірге су тасып, Достармен шулап, Ойнайтын асық-ай, жайма, Шуақ кездер қайда? Қыздарға ғашық, Сезімдер тасып, Жүректің сөзін, Айтшы бір ашып-ай, сайра, Дейтін достар қайда? Жан достардың, Жол-дастардың, Сол достардың әнін салды жүрек, Досқа тірек, Арналсын тілек. [Қайырмасы:] Ақкөңіл аңқылдаған, Дос керек маған мықты. Жарқылдаған, Ту етер адалдықты. Жақтаған, Сақтаған, Достықты бірге. 2. Жеткізер мұраттарға, Дос керек маған мықты, Сынақтарда, Артпайтын саған жүкті, Жаны бір, Әні бір, Күнде. Құрдастар қайда, Шын достар қайда, Сырластар қайда, Көздемес пайда тек пайда, Іс қылмайтын майда! Сыныптас қайда, Ғұрыптас қайда, Аяқтан шалып, Асырмас басыңнан айла, Сенім берер бойға. [Қайырмасы:] Ақкөңіл аңқылдаған, Дос керек маған мықты. Жарқылдаған, Ту етер адалдықты. Жақтаған, Сақтаған, Достықты бірге.
  • Ямахау, ёмасоу, мәңгі-ау, біз билеген әндер-оу Әндер-ау керім Вечердан қалмайтын, талмайтын, таңды-таңға жалғайтын Кездер-ай дедім Сұлу қыздар қайдасың сол баяғы Сендер жайлы естелік бал ғой әлі Қайта оралмас шақтар-ай Жүрек тулап жатқаны-ай Тәтті кездер қайдасың сол баяғы Бал сезімдер жүректе бар ғой әлі Қайталанбас сәттер-ай Қайта оралмас әттең-ай Шашыңда бигуди, чинури, тоқсан тоғыз жигули Астымда жаңа Қыздарға баратын, қара түн, терезесін қағатын Кездер-ай бала Сұлу қыздар қайдасың сол баяғы Сендер жайлы естелік бал ғой әлі Қайта оралмас шақтар-ай Жүрек тулап жатқаны-ай Тәтті кездер қайдасың сол баяғы Бал сезімдер жүректе бар ғой әлі Қайталанбас сәттер-ай Қайта оралмас әттең-ай Сұлу қыздар қайдасың сол баяғы Сендер жайлы естелік бал ғой әлі Қайта оралмас шақтар-ай Жүрек тулап жатқаны-ай Тәтті кездер қайдасың сол баяғы Бал сезімдер жүректе бар ғой әлі Қайталанбас сәттер-ай Қайта оралмас әттең-ай
  • Мен сенің қолаң шашың тарайтын, Мен сенің қолайнаңмын қарайтын, Мен сенің бөлмеңдегі күнтізбең, Күнде санайтын. Мен сенің жырларыңмын жаттаған, Мен сенің сырларыңмын сақтаған, Мен сенің сағынышты сәттерің, Тағат таппаған. Мен - сенің үйің, Мен – көңіл күйің, Мені ұмыту саған, Әй, қиын, қиын. Мен сенің әтіріңмін аңқыған, Мен сенің қиялыңмын қалқыған, Мен сенің ерніңдегі деміңмін, Демде шарпыған.