Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Өмір солай»
исполнителя Ұланғасыр Қами.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Өмірдің мәні неде,
Сұ-радың ба тағдырдан?
Сезімнің мәні неде?
Жү-ректе от қалдырған?
Байлыққа құмартамыз,
Бос әуреге салдырған.
Жүрекке жүк артамыз,
Ең соңында жан құрбан!

Өмір солай,
Біреуге бақ берілген,
Өмір солай,
Жоқ еш нәрсе тегіннен,
Өмір солай,
Мақсатың тек жеңілмеу,
Өмір солай,
Жол іздеме жеңілдеу!

Бақыттың кілті неде,
Же-телейтін арманға?
Уақыттың кілті неге,
Жетпейді көп жандарға?
Биікке, махаббатқа,
Қол созамыз заңғарға,
Ізгілік, шапағатқа,
Мына бес күн жалғанда.

Иә, иә, өмір солай,
Бақ емес ақша, алтын сарай,
Өтеді бастан небір сынақ,
Қалады жаннан көңіл талай.
Өмір солай,
Өмір зулай,
Өтеді бастан заман талай,
Айтылар сөз көп саған қарсы,
Атылар оқ көп саған қарай.
Өмір солай.

Другие песни исполнителя:

  • Мен сенің қолаң шашың тарайтын, Мен сенің қолайнаңмын қарайтын, Мен сенің бөлмеңдегі күнтізбең, Күнде санайтын. Мен сенің жырларыңмын жаттаған, Мен сенің сырларыңмын сақтаған, Мен сенің сағынышты сәттерің, Тағат таппаған. Мен - сенің үйің, Мен – көңіл күйің, Мені ұмыту саған, Әй, қиын, қиын. Мен сенің әтіріңмін аңқыған, Мен сенің қиялыңмын қалқыған, Мен сенің ерніңдегі деміңмін, Демде шарпыған.
  • Еріксіз билетер махаббат шіркін солай, Өзіңдей сұлуды қарату кімге оңай? Жүректі жаулаған ғажайыпсың өзің, Тілдесеміз, үндесеміз жаным қалай? Менімен бірге биле, Керемет көңіл-күйде, Ғашық боп қалды жүрек, Асықпа жаным үйге. Қылығың тәтті балдай, Қызғалдақ қызсың қандай? Өзіңді қалдым сүйіп, Көзімді қалдым алмай. Шарасыз күйдірер махаббат шіркін шоқтай, Өзіңдей қылықты перизат мүлде жоқтай, Жүректі жаулаған ғажайыпсың өзің Жұлдызымсың, жарқыраған жаным оттай