Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Сүймегендер сағынбайды»
исполнителя Жубаныш Жексенулы.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Ақ қайыңдай белестегі,
Сенің бейнең елестеді,
Шуақ шашып төзімге,
Сүймегендер сағынбайды,
Шын сүйген жан бағынбайды,
Асау қызба сезімге .

Aңсасам жалын шашқан жанарыңды,
Ылғи да мұң жабады қабағымды, қалқатай.
Аққулар қайтты күзде қаратаудан,
Oларда айталмады хабарыңды қалқатай.
Ақ қайыңдай белестегі,
Сенің бейнең елестеді,
Шуақ шашып төзімге,
Сүймегендер сағынбайды,
Шын сүйген жан бағынбайды,
Асау қызба сезімге.

Другие песни исполнителя:

  • 1. Ассалаумағалейкум, ағаларым Бүлдірген. Ақ жібекпен қайырған жағаларын Бүлдірген. Сіздерге арнап, ағайын, өлең айтсам Бүлдірген. Жаңылдыра сөзімді, бабаларым Бүлдірген. Қ-сы: Тауда өскен бүлдірген Қырда өскен бүлдірген Ағаларым болмаса, Қадірімді кім білген? Жаны жайсаң ағайын, Қадіріңді кім білген? 2. Қарағайлы ендеше, қарағайлы, Бүлдірген. Қарағайды көп жылқы аралайды, Бүлдірген. Жақсы – жайсаң осындай бас қосқанда Бүлдірген Бекер қарап отырған жарамайды , Бүлдірген. [bad word] [bad word]
  • Дархан тағдыр сені маған жолықтырды қайдан, Өміріме нұрлы көктем болып кірдің айнам. Бір сәтке де босай алмай өзің жайлы ойдан, Жүрегімде басталды бір майдан. [Қайырмасы] Перзентісің гүлім, Махамбеттің жырын, Тудырған ұлы өлкенің. Аямашы құрбыңнан көркемім, Жүрегіңнің бар нұрын. Жанарыңда сенің Жатыр екен менің тағдырым. Біздің жастық шағымыздай қанатын кең жайып, Барады ағып бабамыздың ерке өзені Жайық. Өр теңізге бағыт ұстап жағада тұр кемем, Кешігем деп ойламайсың неге? [Қайырмасы] Оңайлықпен асу бермес қырқасы мен белі, Түу алыста қолын бұлғап тұр махаббат елі. Желкеніңді пенделіктің билемесін желі, Бір жоғалтсаң таба алмайсың мені. -
  • Біз екеуміз бәйшешектей ерте гүлдедік, Қол ұстасып, бақыт жырын шертеміз дедік. Қарсы жүріп үйренсек те қар мен жаңбырға, Бірақ қарсы тұра алмадық асау тағдырға. Қайырмасы: Жылдар, Өмірдің өзенімен, Ағады кезегімен. Сенсің көңілі ашық, Менің ғашық ғасырым. Ертеде де кеште, Тұрасың сен есте, Мен өшсем де өшпе, асылым. Алуан гүлдер шуақ шашты бүгін бақшамда, Қызғанбаймын, басқа ошақтың отын жақсаң да. Өмір мынау, бақ пен қайғы күнде жарысқан Ақ тілекпен қол бұлғайсың әркез алыстан. Жалғыз аққу таудан асып, қайтып барады, Сағынышын әнге қосып айтып барады. Сол ерке құс мұңын жалғап ерте көктемде, Мені есіңе ал, ауылыңнан ұшып өткенде