Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Хақың бар өмір сүрүге»
исполнителя Әбдіжаппар Әлқожа.
Скачать или слушать онлайн

Премьера песни: 2021-06-11

Текст песни:

Тілдеме досым тіршілігіңді,
Күндеме мәнін ғұмырдың.
Сезеді Құдай құлшылығыңды,
Сезбесе неге жығылдың?

Жұттың ба жұпар тылсым деміңді,
Барсың ғой барсың тірісің.
Естиді Құдай күрсінгеніңді,
Айқайлай берме құрысын.

Шыр еткен шақтан шапағат берді,
Жөнің жоқ еді алаңдар.
Мөп-мөлдір таза махаббат берді,
Былғады оны адамдар.

Қара басымды қаңтарып кетті,
Махаббатыма сеніп ем.
Көп достар менен жалтарып кетті,
Жалғыздық қалды менімен.
Көп достар менен жалтарып кетті,
Жалғыздық қалды менімен.

Ар, намыс берді, арпалыс берді,
Талауда талай қалғанмын.
Жеңдіріп мұңға арқа күштерді,
Жағасын алдық жалғанның.

Жаныңмен сүйші жұмыр ғаламды,
Кім үшін бірақ кім үшін...?
Естиді Құдай сыбырлағанды,
Айқайлай берме құрысын...

Жүзі мақтаса, мыңы тілдейді,
Тағдырдан кінә көрме сен.
Күдік сейілер, үміт өлмейді,
Өлімнен бұрын өлме сен.

Шуақ түспейді көңілге кектен,
Ит қана туған үруге.
Ақың жоқ сенің өмірде кеткен,
Хақың бар бірақ сүруге.
Ақың жоқ сенің өмірде кеткен,
Хақың бар бірақ сүруге.

Жүзі мақтаса, мыңы тілдейді,
Тағдырдан кінә көрме сен.
Күдік сейілер, үміт өлмейді,
Өлімнен бұрын өлме сен.

Шуақ түспейді көңілге кектен,
Ит қана туған үруге.
Ақың жоқ сенің өмірде кеткен,
Хақың бар бірақ сүруге.
Ақың жоқ сенің өмірде кеткен,
Хақың бар бірақ сүруге.
Хақың бар өмір сүруге.

Другие песни исполнителя:

  • Қызыл да жасыл жан жағы Сендіріп сөзіңнің арзаны Арбадың, алдадың ар жағы көп нүкте Кездесер сәттерде көп пе еді Бітті ме бізге ортақ түкте жоқ Жолымыз түйісер нүкте жоқ, жоқ нүкте [Қайырмасы] Барамын десең бара бер Біздің жолымыз параллель Екі жол бізді күтіп тұр Біреуін таңдап ала бер Қаламын десең қала бер Бәрібір жолың параллель Екі жол бізді күтіп тұр Біреуін таңдап ала бер Адалдық бәрінін асқақ ұғым Жанарым толғанмен ма жасқа мұң Бақытқа баратын басқа жол табамын Жалт сөніп сезімнің жарқылы Қалсада азайып қарқыны Басқаның жүрегі арқылы барамын [Қайырмасы] Барамын десең бара бер Біздің жолымыз параллель Екі жол бізді күтіп тұр Біреуін таңдап ала бер Қаламын десең қала бер Бәрібір жолың параллель Екі жол бізді күтіп тұр Біреуін таңдап ала бер [Қайырмасы] Барамын десең бара бер Біздің жолымыз параллель Екі жол бізді күтіп тұр Біреуін таңдап ала бер Қаламын десең қала бер Бәрібір жолың параллель Екі жол бізді күтіп тұр Біреуін таңдап ала бер
  • Анаудадан көрініп мынаудадан Жалған сөзге жүрегім мың алданар Жұмбақ қалар көкейде шешілмеген Жауап таппай сана да сұрау қалай [Қайырмасы] Айтыңдаршы ал қайсың шынайысың, Қанжылаған еместе бұлай ішің. Жайымды егер жүрекпен ұқпасаңдар, Қалдырыңдар жайыма Құдай үшін Жайымды егер жүрекпен ұқпасаңдар, Қалдырыңдар жайыма Құдай үшін Алыстыдан тұратын құлақтыдан Шындық жоқ қой өмірде шын ақ құрам Айналамның сол шығар адам таппай Айналдымда амалсыз жылап тұра [Қайырмасы] Айтыңдаршы ал қайсың шынайысың, Қанжылаған еместе бұлай ішің. Жайымды егер жүрекпен ұқпасаңдар, Қалдырыңдар жайыма Құдай үшін Жайымды егер жүрекпен ұқпасаңдар, Қалдырыңдар жайыма Құдай үшін [Қайырмасы] Айтыңдаршы ал қайсың шынайысың, Қанжылаған еместе бұлай ішің. Жайымды егер жүрекпен ұқпасаңдар, Қалдырыңдар жайыма Құдай үшін Жайымды егер жүрекпен ұқпасаңдар, Қалдырыңдар жайыма Құдай үшін
  • Не айттын жігіт не дедің Дегендей маған керегін Сен айтқан түрік әніңе Сынады менің демегім Биік болса да беделің Қарамас саған мен едім Мақтаншақ болсаң әр ойына Сізге тыс шәкір ,,,, Утону в твоих глазах Прошу не жми тормоза Любовь раскинув паруса Уносит снова в небеса Лишь о тебе мои мечты Ты королева красоты И среди этой суеты Ты утешаешь как цветы Ой, спасибо, шырағым Күлкің әрең деп шыдадым Оңсызда барлық жерлерің Орысша естіп шығамын Сері жігіттің тең едің Сөзімнің түсің теренің Әр түрлі тілі керек жоқ Қазақша айтса сенемін Қазақтын елдің сері едім Сен маған ару тең едің Ерекше түрің болғасың Ерекше болсың деп едім Тапқандай жүрек керегің Інжу маржаны сен едің Өзіңнен жауап болмаса Өзімнен бәрің көремін Талабын жақсы үмітіп Сертің де тұрсың жігіт боп Сөзіне осы сенейін Алдайтын болсаң үміт жоқ Серімсің болсаң қорғаған Шын сезім маған жолдаған Алдайтын бізді тарихта Донжуан тенен болмаған Алдауым менің кім деген Жүрек қалауын сен деген Жібек аруым сен болсаң Төлеген болам мен деген Сендей Төлеген көрмеп ем Қай жақтан келдің көлденен Жүрегің келсе шипа іздеп Мен болам соны емдеген
  • Мейірімді, мақтаулы, мінсіз Алла Мәңгі тірі, мұқтажсыз, мұңсыз Алла Түн жараттың демалар бұл дүние Не болмақ күнсіз, Алла? Беріп бойға адалдық, сенім, Алла Сені тәктеп үзілсін демім, Алла Бүкіл ғалам талпынып жеткізе алмас Құдіретіңді сенің, Алла [Қайырмасы] Алла, иә раһман, иә раһим әл-илләм, Алла Алла, иә-ғафар, иә-джафар, джалиль Алла Алла, иә-рашид, иә-разаh, бәсир Алла Алла, уәмухаммадүл адбуху-расул Алла Сені танып ашылды санам, Алла Қолдап қорғар рахымды панам, Алла Сақтай гөр деп жаманнан, атаулыдан Сыйынамын саған, Алла Нәсіп етіп құлыңа иман, Алла Құр қалдырма жәннаттан, сыйдан, Алла Ізгі жолға жұмсалып шашылса егер Бар дүнием жиған, Алла [Қайырмасы] Алла, иә раһман, иә раһим әл-илләм, Алла Алла, иә-ғафар, иә-джафар, джалиль Алла Алла, иә-рашид, иә-разаh, бәсир Алла Алла, уәмухаммадүл адбуху-расул Алла