Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Аттан түспе палуан»
исполнителя Әбдіжаппар Әлқожа.
Скачать или слушать онлайн

Премьера песни: 2021-10-26

Текст песни:

Жауға мінген Райымбек Көкойнақты,
Жаудың жүгін жылқымен оңайлатты.
Нарқызыл мен Абылай ақұдайлап,
Жаудың бетін қайтарып ойрандатты.
Истай жауға салған Ақтабанды,
Жылқысыз батыр күні қап қараңғы.
Қарасай Айтұяқпен аттанғанда,
Қанжығаға өңгерген ақ қараңды.





[Қайырмасы]
Аттан түспе палуан аттан түспе,
Арғы атаңдай берік бол артқан іске.
Қазақтың салт-дәстүрі не болады,
Қазіргі жігіттер аттан түссе





Қабанбай жауды жеңген Қубастымен,
Наурызбай Ақауызбен бұрапты жең.
Кеңесары Ақтаңгердің арқасында,
Жайған екен соғыста құлашты кең.
Қобыланды шапқанда Тайбұрылмен,
Қанжығаға жау менен бәйге ілінген.
Әбілқайыр Ақ бозға отырғанда,
Астындағы атынан жау түңілген.







[Қайырмасы]
Аттан түспе палуан аттан түспе,
Арғы атаңдай берік бол артқан іске.
Қазақтың салт-дәстүрі не болады,
Қазіргі жігіттер аттан түссе





Айналайын Ақаннан Құлагерден,
Ар намысты арқалап құлап өлген.
Алпамыстың кешегі Байшұбары,
Тарихтың түбін түртсең шыға келген.





[Қайырмасы]
Аттан түспе палуан аттан түспе,
Арғы атаңдай берік бол артқан іске.
Қазақтың салт-дәстүрі не болады,
Қазіргі жігіттер аттан түссе





Кесік құлақ серігі еді Махамбеттің,
Махамбетпен біздерге қатар жеттің.
Жігіт жылқы дегенің егіз ұғым,
Ең басты қаруы ғой ат әулеттің.

Другие песни исполнителя:

  • Тілдеме досым тіршілігіңді, Күндеме мәнін ғұмырдың. Сезеді Құдай құлшылығыңды, Сезбесе неге жығылдың? Жұттың ба жұпар тылсым деміңді, Барсың ғой барсың тірісің. Естиді Құдай күрсінгеніңді, Айқайлай берме құрысын. Шыр еткен шақтан шапағат берді, Жөнің жоқ еді алаңдар. Мөп-мөлдір таза махаббат берді, Былғады оны адамдар. Қара басымды қаңтарып кетті, Махаббатыма сеніп ем. Көп достар менен жалтарып кетті, Жалғыздық қалды менімен. Көп достар менен жалтарып кетті, Жалғыздық қалды менімен. Ар, намыс берді, арпалыс берді, Талауда талай қалғанмын. Жеңдіріп мұңға арқа күштерді, Жағасын алдық жалғанның. Жаныңмен сүйші жұмыр ғаламды, Кім үшін бірақ кім үшін...? Естиді Құдай сыбырлағанды, Айқайлай берме құрысын... Жүзі мақтаса, мыңы тілдейді, Тағдырдан кінә көрме сен. Күдік сейілер, үміт өлмейді, Өлімнен бұрын өлме сен. Шуақ түспейді көңілге кектен, Ит қана туған үруге. Ақың жоқ сенің өмірде кеткен, Хақың бар бірақ сүруге. Ақың жоқ сенің өмірде кеткен, Хақың бар бірақ сүруге. Жүзі мақтаса, мыңы тілдейді, Тағдырдан кінә көрме сен. Күдік сейілер, үміт өлмейді, Өлімнен бұрын өлме сен. Шуақ түспейді көңілге кектен, Ит қана туған үруге. Ақың жоқ сенің өмірде кеткен, Хақың бар бірақ сүруге. Ақың жоқ сенің өмірде кеткен, Хақың бар бірақ сүруге. Хақың бар өмір сүруге.
  • Сенделген сәлемдемелер Жауапсыз хаттарда Сен жалғыз барып жүрмісің алмалы бақтарға Оралғым келіп жүр қайта сол ғажап шақтарға Сәлем айт қалқатай Алматылықтарға [Қайырмасы] Кездескен күндер кешегі Тілдескен түндер кешегі Бір кешкен сол бір көшені сағынам, сағынам Күтер ме сезім кемесі Бәрі де бекер демеші Кездесу шешер келесі жаным-ау Арамыз алшақ болған соң жаулай ма мың күдік Өзіңе деген адалдық мендегі құндылық Сағыныш сезім пендені тастайды Күтер ме мені Алматым Көктөбеден күн күліп [Қайырмасы] Кездескен күндер кешегі Тілдескен түндер кешегі Бір кешкен сол бір көшені сағынам, сағынам Күтер ме сезім кемесі Бәрі де бекер демеші Кездесу шешер келесі жаным-ау [Қайырмасы] Кездескен күндер кешегі Тілдескен түндер кешегі Бір кешкен сол бір көшені сағынам, сағынам Күтер ме сезім кемесі Бәрі де бекер демеші Кездесу шешер келесі жаным-ау Кездесу шешер келесі жаным-ау
  • Мейірімді, мақтаулы, мінсіз Алла Мәңгі тірі, мұқтажсыз, мұңсыз Алла Түн жараттың демалар бұл дүние Не болмақ күнсіз, Алла? Беріп бойға адалдық, сенім, Алла Сені тәктеп үзілсін демім, Алла Бүкіл ғалам талпынып жеткізе алмас Құдіретіңді сенің, Алла [Қайырмасы] Алла, иә раһман, иә раһим әл-илләм, Алла Алла, иә-ғафар, иә-джафар, джалиль Алла Алла, иә-рашид, иә-разаh, бәсир Алла Алла, уәмухаммадүл адбуху-расул Алла Сені танып ашылды санам, Алла Қолдап қорғар рахымды панам, Алла Сақтай гөр деп жаманнан, атаулыдан Сыйынамын саған, Алла Нәсіп етіп құлыңа иман, Алла Құр қалдырма жәннаттан, сыйдан, Алла Ізгі жолға жұмсалып шашылса егер Бар дүнием жиған, Алла [Қайырмасы] Алла, иә раһман, иә раһим әл-илләм, Алла Алла, иә-ғафар, иә-джафар, джалиль Алла Алла, иә-рашид, иә-разаh, бәсир Алла Алла, уәмухаммадүл адбуху-расул Алла