Русские песни

Песня «Неке туралы куәлігіміз»
исполнителя Әбдіжаппар Әлқожа.
Скачать или слушать онлайн

00:00/00:00
Премьера песни: 2021-08-16

Текст песни:

Сағынсам уақыт қатып қалады
Батыл жүректер бақыт табады
Бақытымды іздеп барайын саған
Қиялдай бер уақыт талабы



Күннен жан болып көріне алмаймын
Өзге жүректен орын алмаймын
Туу туралы куәлігіміз
Бөлек екен деп бөліне алмаймыз



[Қайырмасы]
Шаттанып талай шығар үніміз
Солай болсын деп толы күніміз
Бір күні бізді біріктіреді
Неке туралы куәлігіміз



Жадырап жаның гүлдей болсыншы
Жарқырап жүзің күндей болсыншы
Егіз жүректей бірге болайық
Фамилиямыз бірдей болсыншы
Сергелден болып сері көңілім
Сені күтуде менің өмірім
Жүргізіп жүрген көлігімде
Артынғы орнында сенің орның





[Қайырмасы]
Шаттанып талай шығар үніміз
Солай болсын деп толы күніміз
Бір күні бізді біріктіреді
Неке туралы куәлігіміз



[Қайырмасы]
Шаттанып талай шығар үніміз
Солай болсын деп толы күніміз
Бір күні бізді біріктіреді
Неке туралы куәлігіміз

Другие песни исполнителя:

  • Сенделген сәлемдемелер Жауапсыз хаттарда Сен жалғыз барып жүрмісің алмалы бақтарға Оралғым келіп жүр қайта сол ғажап шақтарға Сәлем айт қалқатай Алматылықтарға [Қайырмасы] Кездескен күндер кешегі Тілдескен түндер кешегі Бір кешкен сол бір көшені сағынам, сағынам Күтер ме сезім кемесі Бәрі де бекер демеші Кездесу шешер келесі жаным-ау Арамыз алшақ болған соң жаулай ма мың күдік Өзіңе деген адалдық мендегі құндылық Сағыныш сезім пендені тастайды Күтер ме мені Алматым Көктөбеден күн күліп [Қайырмасы] Кездескен күндер кешегі Тілдескен түндер кешегі Бір кешкен сол бір көшені сағынам, сағынам Күтер ме сезім кемесі Бәрі де бекер демеші Кездесу шешер келесі жаным-ау [Қайырмасы] Кездескен күндер кешегі Тілдескен түндер кешегі Бір кешкен сол бір көшені сағынам, сағынам Күтер ме сезім кемесі Бәрі де бекер демеші Кездесу шешер келесі жаным-ау Кездесу шешер келесі жаным-ау
  • Жауға мінген Райымбек Көкойнақты, Жаудың жүгін жылқымен оңайлатты. Нарқызыл мен Абылай ақұдайлап, Жаудың бетін қайтарып ойрандатты. Истай жауға салған Ақтабанды, Жылқысыз батыр күні қап қараңғы. Қарасай Айтұяқпен аттанғанда, Қанжығаға өңгерген ақ қараңды. [Қайырмасы] Аттан түспе палуан аттан түспе, Арғы атаңдай берік бол артқан іске. Қазақтың салт-дәстүрі не болады, Қазіргі жігіттер аттан түссе Қабанбай жауды жеңген Қубастымен, Наурызбай Ақауызбен бұрапты жең. Кеңесары Ақтаңгердің арқасында, Жайған екен соғыста құлашты кең. Қобыланды шапқанда Тайбұрылмен, Қанжығаға жау менен бәйге ілінген. Әбілқайыр Ақ бозға отырғанда, Астындағы атынан жау түңілген. [Қайырмасы] Аттан түспе палуан аттан түспе, Арғы атаңдай берік бол артқан іске. Қазақтың салт-дәстүрі не болады, Қазіргі жігіттер аттан түссе Айналайын Ақаннан Құлагерден, Ар намысты арқалап құлап өлген. Алпамыстың кешегі Байшұбары, Тарихтың түбін түртсең шыға келген. [Қайырмасы] Аттан түспе палуан аттан түспе, Арғы атаңдай берік бол артқан іске. Қазақтың салт-дәстүрі не болады, Қазіргі жігіттер аттан түссе Кесік құлақ серігі еді Махамбеттің, Махамбетпен біздерге қатар жеттің. Жігіт жылқы дегенің егіз ұғым, Ең басты қаруы ғой ат әулеттің.
  • Мен сені, бір көргеннен сүйіп қалдым-ба, о-о-о... Жанымды, жанымды, менің баурап алдың-ба, Жалындаған от болдың-ау, от болдың, Бір көрініп жоқ болдың-ау, жоқ болдың, Алыстадың сағым-дай, сезіміме бағынбай. Қайырмасы: Адидім-ай дидім, күйдім-ай, Неге неге сені сүйдім-ай, Сүйдім сүйдім сүйдім-ай, Көңілімді саған қыйдым-ай, Ай ай жаным-оу, жаным-эй. Күлгенің, тау бұлағы сыңғыр қаққан-дай, о-о-о... Гүл-ме едің, гүл-ме едің, жаным бүршік атқан-дай, Жалындаған от болдың-ау, от болдың, Бір көрініп жоқ болдың-ау, жоқ болдың, Алыстадың сағым-дай, сезіміме табынбай. Қайырмасы: Адидім-ай дидім, күйдім-ай, Неге неге сені сүйдім-ай, Сүйдім сүйдім сүйдім-ай, Көңілімді саған қыйдым-ай, Ай ай жаным-оу, жаным-эй. Жаралдың, қандай жанның жаным бағына, о-о-о... Мен сені, мен сені жүрмін әлі сағына, Сағынғанмен пайда жоқ-ау, пайда жоқ, Сағынбасқа айла жоқ-ау, айла жоқ, Енді қайтем япұр-ай, өзіңнен өзге ой-да жоқ. Қайырмасы: Адидім-ай дидім, күйдім-ай, Неге неге сені сүйдім-ай, Сүйдім сүйдім сүйдім-ай, Көңілімді саған қыйдым-ай, Ай ай жаным-оу, жаным-эй.
  • Не айттын жігіт не дедің Дегендей маған керегін Сен айтқан түрік әніңе Сынады менің демегім Биік болса да беделің Қарамас саған мен едім Мақтаншақ болсаң әр ойына Сізге тыс шәкір ,,,, Утону в твоих глазах Прошу не жми тормоза Любовь раскинув паруса Уносит снова в небеса Лишь о тебе мои мечты Ты королева красоты И среди этой суеты Ты утешаешь как цветы Ой, спасибо, шырағым Күлкің әрең деп шыдадым Оңсызда барлық жерлерің Орысша естіп шығамын Сері жігіттің тең едің Сөзімнің түсің теренің Әр түрлі тілі керек жоқ Қазақша айтса сенемін Қазақтын елдің сері едім Сен маған ару тең едің Ерекше түрің болғасың Ерекше болсың деп едім Тапқандай жүрек керегің Інжу маржаны сен едің Өзіңнен жауап болмаса Өзімнен бәрің көремін Талабын жақсы үмітіп Сертің де тұрсың жігіт боп Сөзіне осы сенейін Алдайтын болсаң үміт жоқ Серімсің болсаң қорғаған Шын сезім маған жолдаған Алдайтын бізді тарихта Донжуан тенен болмаған Алдауым менің кім деген Жүрек қалауын сен деген Жібек аруым сен болсаң Төлеген болам мен деген Сендей Төлеген көрмеп ем Қай жақтан келдің көлденен Жүрегің келсе шипа іздеп Мен болам соны емдеген