Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Астана»
исполнителя Кайрат Нуртас.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Екеумізге ыстық ол жақта,
Есілмен сол бір күн.
Біздерге қызығар көз ілмей,
Еркеле ағатын толқыны.
Қазағымның ордасын.
Тәңір өзі қолдасын.
Бағың бастан таймай.
Жасай бер мәңгі жайнай.
Бар Алаштың анасы.
Ғашықтардың қаласы.
Жүрекке сезім туған.
Есілдің ерке жағасы.

Қайырмасы:
Жақұт төгіп әр күні.
Жұлдыз шашып сан гүлі.
Сарыарқаның төсінде.
Жайнаған көркем
Астана.
Бар әлемге таңылған.
Бақыт көрем бағыңнан.
Бәйтеректей биікке.
Ұмтылған өлкем Астана.

Жастық жігер мәңгі жалындап.
Елімде қуат алып.
Жүректе махаббат барында.
Сүйейін оттай жанып.
Қазағымның ордасын.
Тәңір өзі қолдасын.
Бағың бастан таймай.
Жасай бер мәңгі жайнай.
Бар Алаштың анасы.
Ғашықтардың қаласы.
Жүрекке сезім туған.
Есілдің ерке жағасы.

Қайырмасы:
Жақұт төгіп әр күні.
Жұлдыз шашып сан гүлі.
Сарыарқаның төсінде.
Жайнаған көркем
Астана.
Бар әлемге таңылған.
Бақыт көрем бағыңнан.
Бәйтеректей биікке.
Ұмтылған өлкем Астана.

Другие песни исполнителя:

  • Жүрек бағынбай, іздейді төзім табылмай, Тәп-тәтті елігім, көзіңе ерідім, Мүмкін емес бір сәт жүру сені мүлде сағынбай. Төгіліп гауһардай тамшы, көзіме сезімді салшы, Оралып өзіме, еркелеп езіле, Жанымда мәңгі қалшы. [Қайырмасы:] Үзіліп түсті жанардан, Бір үміт нұрдан жаралған. Айталмай, айталмай, айталмай, Мұның себебін. Өзіңмен жаным егіздей, Тасынып жатқан теңіздей. Жүрегім, жүрегім, жүрегім, Нені сезесің? Сұлу елігім, өмірде болшы серігім, Жүзіңнен мақпалдай бір бақыт тапқандай, Қарақаттай көздеріңнен үміт тауып ерідім. Гүл толы шырайлы бағым, Көрмесем жан-дүнием сағым. Алапат сезімді, тұншыққан төзімді, Өзіңсіз сездірген жаным. [Қайырмасы:] Үзіліп түсті жанардан, Бір үміт нұрдан жаралған. Айталмай, айталмай, айталмай, Бұның себебін. Өзіңмен жаным егіздей, Тасынып жатқан теңіздей, Жүрегім, жүрегім, жүрегім, Нені сезесің?
  • Арманыңа асығасың, Тасынасың, басыласың. Әр адамның жайы осылай, Кімнен нені жасырасың?! Өмір, өмір, өмір деген, Кімге бақыт, кімге қайғы?! Кейде гүлдеп көңіл деген, Кейде ойыңды мұң қамайды. Бұл өмірдің сынағы көп. Шыда бірақ, шыда жүрек. Ертеңіңнен күдер үзбе, «Жаным бүгін жылады» — деп. Өмір, өмір, өмір деген, Кімге бақыт, кімге қайғы?! Кейде гүлдеп көңіл деген, Кейде ойыңды мұң қамайды. Уақыт сені тыңдамайды, Қабағына кім қарайды?! Жігері мол адам ғана, Көре алады күнді арайлы. Өмір, өмір, өмір деген, Кімге бақыт, кімге қайғы?! Кейде гүлдеп көңіл деген, Кейде ойыңды мұң қамайды. Өмір, өмір, өмір деген, Кімге бақыт, кімге қайғы?! Кейде гүлдеп көңіл деген, Кейде ойыңды мұң қамайды.
  • Кешегі, бал күндерім алыстады, Таныс бәрі қызық түн Бау тұстағы үзік сыр, Табыспадық біз ұқтым. Ешкім өзіңдей бола алмас, Шерттім сырымды ең алғаш Асқақтатып,аспандатып, Салған әнім тек саған... Махаббатым-ау,оралмас.... Айтушы ем.... Құпиямды жанға ашпаған, Алғаш саған сыр айттым Болмашыға бола айттым Бекер бағым жылаттың, Неге ЖАНЫМ мұңайттың? Ешкім өзіңдей бола алмас, Шерттім сырымды ең алғаш Асқақтатып,аспандатып, Салған әнім тек саған.... Махаббатым-ау,оралмас...
  • Қалай сүйдім сені Құлай сүйдім сені Жүрегімді ұстап Жылай сүйдім сені 2 Қайырмасы: Арман, адастырмай мені қоя тұр Жалған, құшағыңды маған жая тұр Жүрек, сені сақтай алмадым Үміт, алдадың сен мені, тағыда алдадың Жапырағын төккен Жаныма көз жеткен Ораласың қашан Мен аңсаған көктем 2 Қайырмасы. Құдай жасын қимай Бұл өмірге симай Дауыл болып іздедім Сені ешкімге қимай 2
  • Арман болып бірге жүргенім Өтті өзіңсіз талай күндерім Сенің жаның мені ойлап жүргенін Қалай білмедім... Сыздатып сен қайда барасың Жанымның жарасын Сен ғана табасың, табасың Жүректің дауасын. Қайырмасы: Байқамадым қалай байқамадым Тек сен болсаң жаным жай табарын Сен кеткелі жеп қайта уайым Байқамадым қалай байқамадым. Байқамадым жаным. Қадіріңе неге жетпедім Неге сені жаным керек етпедім Өкіндірді осылай өткенім Келмей кеткенің, оңай деп пе едің Сыздатып сен қайда барасың Жанымның жарасын Сен ғана табасың, табасың Жүректің дауасын. Қайырмасы: Байқамадым қалай байқамадым Тек сен болсаң жаным жай табарын Сен кеткелі жеп қайта уайым Байқамадым қалай байқамадым. Байқамадым жаным.