Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Тыңда»
исполнителя Ернар Айдар.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Сезімдерің жүрегімді мазалайды
Сенен өзге бір жан оны жаза алмайды
Келші келші кетпеші тұрақташы
Маған айтқан сөзіме құлақ салшы
Сендей ешкім дауа болмайды

Қайырмасы
Тыңда тыңда тыңда тыңдашы
Жүрегімді тыңдашы
Тілегімді тыңдашы
Махаббат сыйлашы
Ай тыңдашы
Мейлі күнді ұрлашы
Мейлі түнді ұрлашы
Тек әуре қылмашы

Іздеп сені күнде көңіл алаңдайды
Сыздап жанып от боп күйіп алаңдайды
Жалғыз жалғыз жалғанда кеш демейсің
Мүмкін сен мені естімейсің
Мын жүрек сені қалайды

Қайырмасы
Тыңда тыңда тыңда тыңдашы
Жүрегімді тыңдашы
Тілегімді тыңдашы
Махаббат сыйлашы
Ай тыңдашы
Мейлі күнді ұрлашы
Мейлі түнді ұрлашы
Тек әуре қылмашы

Другие песни исполнителя:

  • Бір ғана, айтарым саған бір ғана, Ұйқымды енді ұрлама. Түсімде күліп келмей-ақ қой. Тыңдама, сағындым десем тыңдама, Бара бер қолды бұлғама. Сүйемін десем, сенбей-ақ қой. Сезім отына күйіп жатсам да Көңіл бөлмей-ақ қой. Қайырмасы: Сен неге жолықтың мендей пендеге Жер беті дейтін бөлмеде. Кететін болсақ қосыла алмай Мен неге қалардай болып сен келе Атыңды жазып кеудеме Жүрмін өшіре алмай. Алданба сен де енді жаным алданба Орындалмайтын арманға Аялдамам ғой деп қарашы. Жандар да жүрекпен сүйген жандар да Жолда қалады жалғанда Жалғана алмайтын екі арасы Біздің бақытқа пәтер бермейді Махаббат қаласы. Қайырмасы: Сен неге жолықтың мендей пендеге Жер беті дейтін бөлмеде. Кететін болсақ қосыла алмай Мен неге қалардай болып сен келе Атыңды жазып кеудеме Жүрмін өшіре алмай.
  • 1)Алиде бұл кеудеме толмаи арман жас конил еш нарсеге болмаи алан бейхабар жур едимгой махаббаттан 2 рет кол созып кушак жайган кандай адам 2)Киялым саулесимен дирилдеген Коктеги куним бекен кулимдеген Алде бир коктемдеги сандугашпа 2 рет Жанымды елжиреткен униңменен 3)Калайша журегимди арнай алам Мен оны жалгыз саган арнай алам Бейхабар жур едимгой махаббаттан 2 рет Дарига кушак жайган кандай адам
  • Сөзі қуат көзі шуақ Өзі таңды ақ арай Қырмызы ерні Қыпша белі Қылығы бар баладай Жарық жұлдыз бір сұлу қыз Кетті жанды жаралай Сүйіп қалып күйіп жанып Іздей бердім ауадай [Қайырмасы:] Ай ай ай жан Қайда кеттін тоқта Селт етпейтін сезімге Сенде жүрек жоқпа Ай ай ай жан Қинамай көп мені Жүрегімнің мәңгілік Болшы сен көктемі Сөзі жарқын жүрегі алтын Жауқазыным шын сұлу Мақта түсті маржан тісті Тең келмейтін мың сұлу Болар жаным әрине сенсізде өмір сүру Сенсіз өмір алайда Өмір емес тұңшығу [Қайырмасы:] Ай ай ай жан Қайда кеттін тоқта Селт етпейтін сезімге Сенде жүрек жоқпа Ай ай ай жан Қинамай көп мені Жүрегімнің мәңгілік Болшы сен көктемі [Қайырмасы:] Ай ай ай жан Қайда кеттін тоқта Селт етпейтін сезімге Сенде жүрек жоқпа Ай ай ай жан Қинамай көп мені Жүрегімнің мәңгілік Болшы сен көктемі Ай ай ай жан Қайда кеттін тоқта Селт етпейтін сезімге Сенде жүрек жоқпа Ай ай ай жан Қинамай көп мені Жүрегімнің мәңгілік Болшы сен көктемі
  • Біз екеуміз қоштасамыз ба, сағынышпен достасамыз ба Бола алмадық Төлеген, Жібек, тарих бізді қоспасаңызда Кез басылып суынғаның ба, шын сезімді ұғынбадың ба Бар жазығым кеш көргенім бе, әлде ерте туылғаным ба [Қайырмасы] Сендей мені кім ұққан еді Сөзің жанды жылытқан еді Сен ұмытсаң өзімді ұмытам Ұмытпа мені, Ұмытпа мені, Ұмытпа мені Сен ұмытсаң ұмыттым мен де, сыр айтармын күліп гүлдерге Күндіз күліп іздерсің сен де, ұмыта алмай тым ық түндерде Жан толқытар сезім бар еді, жан балқытар сөзің бал еді Сені емес сағындым еркем, көзіңдегі өзіңді әдемі [Қайырмасы] Сендей мені кім ұққан еді Сөзің жанды жылытқан еді Сен ұмытсаң өзімді ұмытам Ұмытпа мені, Ұмытпа мені, Ұмытпа мені
  • Тағдыр деген біреулер Жол дейді ғой шырғалаң Жүрек сені қалайды Мен қалайша құр қалам Ақ тамағым ән маған Сен едің ғой жыр маған Күндіз менің күлкімді Түнде ұйқымды ұрлаған Жүрегімді езесің Оны өзің де сезесің Ай жүрегім, жүрегім Бұған қалай төзесің Жарқыраған күнімсің Ақтамақ сен сұлусың Арман отын жағайық Жүрегіміз жылынсын Ақтамақ-ай, ақ тамақ Жоғаласың мақтап ап Елесіңді мен жүрмін Жүрегіме сақтап ап Ақтамақ-ай, ақ тамақ Жүрмін жолға көп қарап Қорқам сені біреулер Кете ме деп топтан ап Жүрегімді езесің Оны өзің де сезесің Ай жүрегім, жүрегім Бұған қалай төзесің Жарқыраған күнімсің Ақтамақ сен сұлусың Арман отын жағайық Жүрегіміз жылынсын