Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Ақтамақ»
исполнителя Ернар Айдар.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Тағдыр деген біреулер
Жол дейді ғой шырғалаң
Жүрек сені қалайды
Мен қалайша құр қалам
Ақ тамағым ән маған
Сен едің ғой жыр маған
Күндіз менің күлкімді
Түнде ұйқымды ұрлаған

Жүрегімді езесің
Оны өзің де сезесің
Ай жүрегім, жүрегім
Бұған қалай төзесің
Жарқыраған күнімсің
Ақтамақ сен сұлусың
Арман отын жағайық
Жүрегіміз жылынсын

Ақтамақ-ай, ақ тамақ
Жоғаласың мақтап ап
Елесіңді мен жүрмін
Жүрегіме сақтап ап
Ақтамақ-ай, ақ тамақ
Жүрмін жолға көп қарап
Қорқам сені біреулер
Кете ме деп топтан ап

Жүрегімді езесің
Оны өзің де сезесің
Ай жүрегім, жүрегім
Бұған қалай төзесің
Жарқыраған күнімсің
Ақтамақ сен сұлусың
Арман отын жағайық
Жүрегіміз жылынсын

Другие песни исполнителя:

  • Жайнаган сен менин кызгалдагымсын кездеспей сендей жан куз болганым шын жемисин мен ушин тизген багымсын арай танымсын суйген жанымсын тал бойында бир мин жок тунги жалынсын сагынсам салатын суйкимди анимсин озинсин бак кусым алтын кауырсын суйген жанымсын суйген жанымсын к\сы: аспанда аккулар тизбектелгенде журеик сырласып биз коктемдерде сагынып озинди издеп келгенде оттай жанбайын таппаи калмайын мен сени жайдары кунге балайын жауказын ал кызыл гулге балайын сен келип ашасын конил сараиын сен толган айым гаышк болайын сен един сагыныш сенсин ансарым журектин шаттыгын калай тауысамын телефон нуктесин назык саусагын жаным ансадым жаным ансадым
  • Күнім сен сөнбеші, Сөнбеші сөне көрмеші. Күлкіннің түссе сəулесі, Жайнайды жүрегімнің барлық бөлмесі. Күнім-ау. Күнім сен сөнбеші, Сөнбеші сөне көрмеші. Күлкінің түссе сəулесі, Жайнайды жүрегімнің барлық бөлмесі. Күнім-ау. Күндей ажарың, гүлдей ғажабым, Сен данасың, дарасың. Қатты таңданба, Мына жалғанда менікі ғанасың. Сансарсаңға кейде салсамда, Естен таңсамда сүймеймін демедің. Сол мінезіңді, Мен бір өзіңді жақсы көремін. [Қайырмасы] Күнім сен сөнбеші, Сөнбеші сөне көрмеші. Күлкіннің түссе сəулесі, Жайнайды жүрегімнің барлық бөлмесі. Күнім-ау. Күнім сен сөнбеші, Сөнбеші сөне көрмеші. Күлкінің түссе сəулесі, Жайнайды жүрегімнің барлық бөлмесі. Күнім-ау. Тəттім нəзігім, Қақтың қазығын сен үзілмес үміттің. Үні сезімнің, нұрлы көзіңнің, Жанымды менің жылытты. Тілдескенде біз гүл кештерде, Сырлар көшкенде жүректен жүрекке. Сен күлген кезде, Серпілген лезде тастайды лекте. [Қайырмасы] Күнім сен сөнбеші, Сөнбеші сөне көрмеші. Күлкіннің түссе сəулесі, Жайнайды жүрегімнің барлық бөлмесі. Күнім-ау. Күнім сен сөнбеші, Сөнбеші сөне көрмеші. Күлкінің түссе сəулесі, Жайнайды жүрегімнің барлық бөлмесі. Күнім-ау.
  • Неге маған мұң шақтың Төгілдім мен жыр ән болып Бұл сезімге мұң шақтым Сенің тәтті кінәм жоқ Жүрекке әмір жүргізбес ән бұл Мені кінәлама Қайырмасы: Ғашық жүрек таңғажайып гүлім Ән шырқасам болады ғайып мұңым Сүйетін жүректерді жаратқанын Сүйе бер жаным сүйе бер сүйе бер Ғашық жүрек не дейсін жарасысқан Мұнар болған мұңсызым шыдашы сәл Жауапсыз қалсадағы махаббатым Сүйе бер жаным сүйе бер мені, Сүйемін сені Тек жақсылық амалдар Жасайықшы кел күнім Жер бетінде адамдар Жақсы көрсін бір бірін Өмірсін әнім көзімнен бәрін көрген қандай бақыт Қайырмасы: Ғашық жүрек таңғажайып гүлім Ән шырқасам болады ғайып мұңым Сүйетін жүректерді жаратқанын Сүйе бер жаным сүйе бер сүйе бер Ғашық жүрек не дейсін жарасысқан Мұнар болған мұңсызым шыдашы сәл Жауапсыз қалсадағы махаббатым Сүйе бер жаным сүйе бер мені, Сүйемін сені Қайырмасы: Ғашық жүрек таңғажайып гүлім Ән шырқасам болады ғайып мұңым Сүйетін жүректерді жаратқанын Сүйе бер жаным сүйе бер сүйе бер Ғашық жүрек не дейсін жарасысқан Мұнар болған мұңсызым шыдашы сәл Жауапсыз қалсадағы махаббатым Сүйе бер жаным сүйе бер мені, Сүйемін сені
  • Аңсатқан айлы жаз кешінде Кешігіп келіп кездесуге Кешір дегенің, есімде менің Махаббат мұңын ұғыншы деп Көргенде мені күлімсіреп Жаным дегенің, жадымда менің Қайырмасы: Мен сені ұмытпаймын, Сезімді саған деген суытпаймын Өзіңсіз ой да мені Ай да әдемі жылытпайды Ұмытпа сенде мені, Мен сені ұмытпаймын. Түсіндім мен де бұл шындықты Сендегі ұзақ үнсіздікті Өкпелегенің, кетпе дегенің Сезімді нәзік елжіреген Көзіңді сенің мөлдіреген Ұмыта алмадым, үміт арманым.
  • Сүйдім сүйдім бар жаныммен Қиялыммен арманыммен Сүйдім сені өзен көлім Сүйдім сені орманыммен Сүйдім сүйдім ақ киелі Бар әлеммен дос болған Сүйдім сүйдім Астанамды Жақсылықтар бастау алған қайырмасы: Сүйдім сүйдім жүрегіммен Саған бақыт тіледім мен Не көрсемде бақыттымын Ұлы Астана ұлы еліммен Жарқыай бер сен Астана Ертеңіне сенемін мен Құшағынды аш гүл Астана Өзіңді аңсап келемін мен Ұланынмын жауаптымын Күлкісіне сәбидің мен Көзімді алмай күзетемін Тыныштығын әр үйдің мен Ұлы далам даналығы Ғасырлармен асқар асқан Сүйдім сені ұлан ғайыр тарихынды тасқа басқан қайырмасы: Сүйдім сүйдім жүрегіммен Саған бақыт тіледім мен Не көрсемде бақыттымын Ұлы Астана ұлы еліммен Жарқыай бер сен Астана Ертеңіне сенемін мен Құшағынды аш гүл Астана Өзіңді аңсап келемін мен