Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Өмір теңіз - біз балық»
исполнителя Асан Пердешов.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Кәлима ғой момындар
Шайырдың сөзін андағын
Өткен өмір өкініш
Түлкі бұлан алдағың
Мағалына жете алмай
Мен-мен деген недейлер
Тістеумен өткен бармағын
Кеудедегі шыбын жан
Аманаты Алланың
Өмір теңіз біз балық
Әзірейіл балықшы
Қабамыз бір күн қармағын
Өмір теңіз біз балық
Әзірейіл балықшы
Қабамыз бір күн қармағын
Бір дем әрі не бері
Келмегендей боласын
Ұрпағынның қызығын
Көрмегендей боласын
Дүниеде көңілді

Бөлмегендей боласын
Әз әзілдің тіліне
Ермегендей боласын
Айтып-айтпай не керек
Бір қорымның сен дағы көп етесін моласын
Кеңейтесін жобасын
Біле тұра осыны
Баяны жоқ жалғанның
Байыбына бармаймыз
Шала жансар сауатпен
Шарияттан сарнаймыз
Мысалы біз көрмеген
Суданда тұңық жандаймыз

Өтірік айтып ұрлық қып
Реті келсе алдаймыз
Әлсіздерге әл бітсе
Әл бермей кетер түбі деп
Түсетін торды қамдаймыз
Жаманды жаман деймізде
Жақсының тілін алмаймыз
Өзіміз сонда қандаймыз
Жаманды жаман деймізде
Жақсының тілін алмаймыз
Өзіміз сонда қандаймыз
Әділ айтқан сөзі шын
Боламыз досты көрместей
Ғайбаттаймыз өзгені
Соңымыздан біздіңде өсек-аян ерместей

Күніміз жоқ өткерген
Болмасқа таяқ сермеспе
Боламыз-ау өлместей
Өлместің суын іздеумен
Талайдың талды ау өзегі
Айласы жоқ ажалдың
Бізгеде келер кезегі
Біз кеткен соң қалғандар
Пәленше жақсы жан еді деп
Екі талай елері
Біле тұра осыны
Бірінді бірің ғайбаттап

Күншілдік не деу керегі
Біле тұра осыны
Бірінді бірің ғайбаттап
Күншілдік не деу керегі
Күншілдік не деу керегі

Другие песни исполнителя:

  • сағынған себебімді айтып жаныңа жетімін қайтым арман ай ұсыншы қолынды әнінді журегімдегі сағындым белемін енді мен қалай табынды жолынды жанным жургегім жаралы жандай кутемін амалым қалмай елесін естен кетпей еркелеген ажарлым аяулы тандай жанымды қайғыга салмай кулімдей кұшағыма келсен екен айталмай бал әнімізді моп молдір жанарымызды мун шалдайды саргайп санамыз бақытты талып іздеп ек айырылды жолымыз болек тым шалгай алыстап жанымыз жургегім жаралы жандай кутемін амалым қалмай елесін естен кетпей еркелеген ажарлым аяулы тандай жанымды қайғыга салмай кулімдей кұшағыма келсен екен
  • Қол ұстасып екі жас шашады шуақ Сезімдері жібермей бір бірін жырақ. Жарасымды жүптары арманы асқақ Алдарыңа келіп тұр ақ бата сұрап Қол ұстасып екі жас арманы асқақ Алдарыңа келіп тұр ақ бата сұрап Қайырмасы Үйленді бүгін боз бала серің Құтты болсын ағайын ақ ұлпа келін Жар жар айтылсын шашу шашылсын Ақ батамен жастардың жолы ашылсын Бұндай тойға жеткендер жетпегпндер бар Жетемін дем армандай кеткендерде бар Баршаңызға осы той болсын жұғысты Той жасаңыз ағайын жинап барша туысты Қайырмасы Үйленді бүгін боз бала серің Құтты болсын ағайын ақ ұлпа келін Жар жар айтылсын шашу шашылсын Ақ батамен жастардың жолы ашылсын
  • Гүл ашты бір нәзік сезім, түбінде жүрегімнің Сүйкімді тұп-тұнық көзің, кіршіксіз күледі шын Мен саған ғашық болмас ем, жүрегім сен демесе Көзіңнен шашылған сезім, мен жаққа кел демесе [Қайырмасы] А-а-а-ай, әдемі күлімдеп қарағаны О-ох-о-охоу, әдемі, бағым деп балағаның Әдемі, сендегі тұнық сезім Әдемі, еркелеп тұрған кезің Жүрегім кеудеме сыймай, түн сайын бұлқынады Өзіңді ешкімге қыймай, жанымда мұң тұрады Сен менен ұзап кетерде, шырқалып ғашық әнім Қанатсыз ұшып жетердей, сен жаққа асығамын [Қайырмасы] А-а-а-ай, әдемі, күлімдеп қарағаны О-ох-ох-охоу, әдемі, бағым деп балағаның Әдемі, сендегі тұнық сезім Әдемі, еркелеп тұрған кезің
  • О, махаббат, махаббат Сегіз әріп бір арман Қос ғашықтың мұңымен Шаттығынан құралған Шын сүймеген адамнан Сүйген жанның мұңартып Жүрегінен не жетсін Бір адамға құмартып Жалғыз жанды ұнатып [Қайырмасы] Сүйем сені жүрекпен Айта амаймын өзіңе Ойлар түрлі жүдеткен Сенбей ме деп сөзіме Құлақ аспай сүйемін Өзгелердің сөзіне Тынып іштен күйемін Айта алмаймын өзіңе Айта алмаймын өзіңе Кеудемдегі бұл жүрек Тыным таппай жүреді Сүйгеніммен бір болу Бүкіл арман тілегі Сүйген жанның халіне Мүмкін біреу күледі Ғашық болған жан ғана Шын сүюді біледі Шын сүюді біледі [Қайырмасы] Сүйем сені жүрекпен Айта амаймын өзіңе Ойлар түрлі жүдеткен Сенбей ме деп сөзіме Құлақ аспай сүйемін Өзгелердің сөзіне Тынып іштен күйемін Айта алмаймын өзіңе Айта алмаймын өзіңе [Қайырмасы] Сүйем сені жүрекпен Айта амаймын өзіңе Ойлар түрлі жүдеткен Сенбей ме деп сөзіме Құлақ аспай сүйемін Өзгелердің сөзіне Тынып іштен күйемін Айта алмаймын өзіңе Айта алмаймын өзіңе
  • Жүрегімде ерте ашылған Махабаттың гүлісің бе сен Кірпігіме келіп асылған Көздерімнің мұңысын ба сен Сенің ғана бағың болам деп Сөздеріңе сендірген едің Неге енді ұмыт бәрін деп Үмітімді сөндіре бердің Қайырмасы: Жоқ, сені жаным ұмыта алмаймын, Жоқ, сені мәңгі есте сақтаймын Жоқ, сені жаным ұмытқаным жоқ Жоқ, қадамашы жүрегіме оқ Қалай ғана ұмытайын мен Өзіңменен өткен күндерді Бал шырына қадалмай қалған Сол ғажайып айлы түндерді.. Тым болмаса түсіме енші Жұбатайын өзіңді бір сәт Елесім боп қасыма келші Соның өзі мен үшін бір бақ Қолым жетпей сенің шашыңа Шаштарыңның иісін сағындым Күлімсіреп тұрып қасымда Еркелегеніңді сағындым Қайырмасы: Жоқ, сені жаным ұмыта алмаймын, Жоқ, сені мәңгі есте сақтаймын Жоқ, сені жаным ұмытқаным жоқ Жоқ, қадамашы жүрегіме оқ Қалай ғана ұмытайын мен Өзіңменен өткен күндерді Бал шырына қадалмай қалған Сол ғажайып айлы түндерді..