Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Үйленді серің»
исполнителя Асан Пердешов.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Қол ұстасып екі жас шашады шуақ
Сезімдері жібермей бір бірін жырақ.
Жарасымды жүптары арманы асқақ
Алдарыңа келіп тұр ақ бата сұрап
Қол ұстасып екі жас арманы асқақ
Алдарыңа келіп тұр ақ бата сұрап

Қайырмасы
Үйленді бүгін боз бала серің
Құтты болсын ағайын ақ ұлпа келін
Жар жар айтылсын шашу шашылсын
Ақ батамен жастардың жолы ашылсын

Бұндай тойға жеткендер жетпегпндер бар
Жетемін дем армандай кеткендерде бар
Баршаңызға осы той болсын жұғысты
Той жасаңыз ағайын жинап барша туысты

Қайырмасы
Үйленді бүгін боз бала серің
Құтты болсын ағайын ақ ұлпа келін
Жар жар айтылсын шашу шашылсын
Ақ батамен жастардың жолы ашылсын

Другие песни исполнителя:

  • Түн келіп басқанда күндізімізді, Екеуіміз бір жарық шаша алмадық. Шын сүйдік жүректен бір-бірімізді, Амал не тағдырдан аса алмадық. Жас тамды көзімнен есіме түссе Үмітім үзілді күн өткен сайын, Ешкімді ешкімге қоспайды күшпен. Түсінсе көңілмен сезімнің жайын Жазғанына тағдырдың амалсыз бағындын ба сен? Көздеріңнен жас тамып амалсыз сағындын ба сен? Сағындын ба сен? Жазғанына тағдырдың амалсыз бағындын ба сен? Көздеріңнен жас тамып амалсыз сағындын ба сен? Сағындын ба сен? Бар менде бір жүрек сүйгені біреу Қалайша өзгені сүйіп ұнатсын, Болар ма деп едім сүйгені тіреу Қамалдым ішінде күйік сұрақ Дәл мендей өзіңді ешкім сүймеген. Сүймедін деп мені кінәламағын Жыласан түсуші мұңлы күйге мен Расында ұнайтын жыламағаның Тағдырыңды кінәлап, қамығып, жылап жүрсін бе Басқалардан сен мені сағынып сұрап жүрсін бе? Сұрап жүрсін бе? Тағдыріңді кінәлап, қамығып, жылап жүрсін бе Басқалардан сен мені сағынып сұрап жүрсін бе? Сұрап жүрсін бе? Тағдырыңды кінәлап, қамығып, жылап жүрсін бе Басқалардан сен мені сағынып, сұрап жүрсін бе? Сұрап жүрсін бе? Жазғанына тағдырдың амалсыз бағындын ба сен? Көздеріңнен жас тамып амалсыз сағындын ба сен? Сағындын ба сен?
  • Білім нәрін толтырдық біз кеудеге Қателікте болды бізде кей жерде Үйретуден жалықпаған ұстаздар Жанашыр да бола білдің көп жерде, көп жерде [Қайырмасы:] Қош бол енді мектебім менің Сенде оқып сенде көктедім Қоштасар сәттің алтын ұяңмен Байқамай қалдым келіп жеткенін Ұмытпаймыз біз сіздерді мәңгілік Жадымызда бейнең тұрар жаңғырып Келешектің алтын нұрын сепкендей Алдымыздан арайланды таң күліп, таң күліп [Қайырмасы:] Қош бол енді мектебім менің Сенде оқып сенде көктедім Қоштасар сәттің алтын ұяңмен Байқамай қалдым келіп жеткенін
  • Жаңа ғана болғандай боп барi де Өткен күнiм көзiмде тұр елесi Мен өзiмдi жұбатамын сенi ойла Өтiнемiн «ойламашы» демешi Сенi көрем жұмсам да мен көзiмдi Таба алмай дәл осындай сезiмдi Көздерiмде күлiп тұрса елесiң Ойламаймын қалай ғана өзiңдi Бүгiн тағы-тағы сенi ойлауменен, Кешiр жаным көз iлмедiм. Сенi мәңгi өмiрiмнен өшiргенмен, Менiң мына көзiмдесiң. Сағындым сенi, Сағындым сенi, Ойлауменен. Зауқым соқпай сенсiз атқан тұныктардан, Жүрегiмде жылайды үнiң. Мейлi менi мәңгiлiкке ұмытсаң да, Мен өзiңдi ойлай берем. Сағындым сені, Сағындым сенi, Ойлауменен. Аспанда да айым болсаң жұлдыз боп, Жаныңда мен жарқырайын жанайын. Дәл өзiңдей аяулы жан аруды, Айтшы жаным қайдан iздеп табайын. Өзiң едiң көңiлiмнiң көктемi, Сенсiз бүгiн көңiлiм мұң шертедi. Қол ұстасып бiр бақшада жүрушi еk, Болды бүгiн сол бiр күндер ертегi. Бүгiн тағы-тағы сенi ойлауменен, Кешiр жаным көз iлмедiм. Сенi мәңгi өмiрiмнен өшiргенмен, Менiң мына көзiмдесiң. Сағындым сенi, Сағындым сенi, Ойлауменен. Зауқым соқпай сенсiз атқан тұныктардан, Жүрегiмде жылайды үнiң. Мейлi менi мәңгiлiкке ұмытсаң да, Мен өзiңдi ойлай берем. Сағындым сені, Сағындым сенi, Ойлауменен.
  • Оңайда емес, қиында емес үй болу Ой бөлу үйге, қамқорлық жасап үйрену Көңілін табу, қабағын бағу жарыңның Екеу боп өмір сүрудің жолын игеру Болады онда, ішкі де сыртқы саясат Аяық жарды, біреуді егер аясақ Жақсы үйде болмақ, әскери қатаң құпия Жүрмеңдер әсті, ішкіні сыртқа жаясап Қашанда жарға керегі жылы назарың Жалғыссыратпа тартқызба өмір азабын Мен сөйтіп едім, сен неге бүйтпей журсің бе Сауданың үйге орнатпау керек базарын Асығыстықтан ашудан абзал безінген Дос болу керек қашанда сабыр төзіммен Жар деген өзің, өзің деп тапқан жалғызың Кешірімді бол келіспей жүрме өзіңмен Киелі зат жоқ жарыңның махаббатынан Екеуінді де аялау оны шақыра Көсегелерің көгерсін берген ақ батаң Сендерден бұрын үй болғандардың атынан
  • Келе жатыр екі жас қарсы алайық жар-жар Жар-жар айтып жастарға қол соғайық жар-жар Ата-ананың аңсаған арманы бұл жар-жар Ғашық болып екі жас қалғаны бұл жар-жар Жар-жар айту халқымның өнегесі жар-жар Кеңей берсін жас отау керегесі жар-жар Той бұйырсын қызың мен ұлың барда жар-жар Бар қазақтың тойы бұл ұғыңғанға жар-жар Адам-Ата Хауа-Ана ұрпағымыз жар-жар Жұбын тапты мінекей ұрпағыңыз жар-жар Құда-жекжат қыз беріп, қыз алысқан жар-жар Жарылардай жүрегі қуаныштан жар-жар Келін алып, қыз беру міндетіміз жар-жар Ата-салтын әрдайым үлгі етіңіз жар- жар Шаңырағы отаудың биіктесін жар-жар Екі ғашық өсекке ілікпесін жар-жар Екі жасқа жабылып жол берейік жар-жар Бәрімізде осындай той көрейік жар-жар Махаббаттың қадірін біліңіздер жар-жар Тату-тәтті сыйласып жүріңіздер жар-жар Жаңа өмірге жетелер мына думан жар-жар Арманыңа жете бер үміт қылған жар-жар Екі елдің арасын қосып жатсың жар-жар Жанұяның есігін ашып жатсың жар-жар Жалғыздық тек жарасты бір Аллаға жар-жар Артта қалған еліңе алаңдама жар-жар Ата-Ананы сыйласаң бақ табарсың жар-жар Баталары қабыл боп шаттанарсың жар-жар Перзенттерің көп болып өсіп өнсін жар-жар Сонда ананың қадірін түсінерсің жар-жар Осы тойды қызықтап өткізейік жар-жар Көпшілікке шүкір айт дескізейік жар-жар