Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Сагыныш» исполнителя Айкын Толепберген. Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Қанша арман кеткенімен
Жоғалттым сені мүлде
Көзімнен кеткеніңмен
Жүрсің ғой көңілімде
Сыры бар сезбес пенде
Айналдым танымасқа
Қайтадан кездескенде
Болар ма еді бәрі басқа

Қайырмасы

Көнерсің күйгеніңе
Тағдырмен егесе алмай
Қоспайтын сүйгеніңе
Бұл өмір неге сондай
Махаббат мағынасын
Таба алмай кезіп жүрмін
Сен мені сағынасың,
Мен оны сезіп жүрмін



Жадымда бейнең әлі
Үмітім мың гүлдеді
Қайтадан кейде бәрі
Келердей бір күндері
Биікке самғап ағып
Кеудемде ән ойнасын
Сындырып алма жаным
Бықыттың шарайнасын

Қайырмасы

Көнерсің күйгеніңе
Тағдырмен егесе алмай
Қоспайтын сүйгеніңе
Бұл өмір неге сондай
Махаббат мағынасын
Таба алмай кезіп жүрмін
Сен мені сағынасың,
Мен оны сезіп жүрмін
Поделиться: VK TG WA OK
Встроить на сайт

Другие песни исполнителя:

  • Өз жолым мақсатым бар Жетелер арманым бар Алысқа апаратын. Сенімім дарыным бар Менің де жарығым бар Ғарышқа апаратын Махаббат жолы қиын болса да Ол тылсым кие дер-ем Махаббат менен алыс болса да Мен оны иеленем Қайырмасы: Тыңдамай ақылшының өзін Еркімен кететін көкесі Таусылып қалса дағы төзім Шыдаймын тағы да. Ешкімге жалынбаған Тек алға арындаған Өзіме сеніп келем. Биікте жымыңдаған Шашатын нұрын маған Жұлдызға еріп келем Махаббат жолы қиын болса да Ол тылсым кие дер-ем Махаббат менен алыс болса да Мен оны иеленем Қайырмасы: Тыңдамай ақылшының өзін Еркімен кететін көкесі Таусылып қалса дағы төзім Шыдаймын тағы да. Қадалып қарағанда көзің Мен үшін ең бақытты кезің Оянып жүрегімде сезім тулайды тағы да.
  • Жұмбақ-ай өмір шешілмеген жұмбақ-ай! Өмір ашылмаған сырлар-ай Ашып шешеді оны кім қалай? Жылдар-ай айлар жылдардан да жылдамай Күннен озып жатыр күн қалай? Неге бірден олай?! Қайырмасы: Өткенің артта қала берсін өкпе мұң Мейлі нала болсын,ұмытылады шын бəріде бəрі Ертеңің ертегі ала келсін ақ жолға Бастап бара берсін атады əлі күт Бақыттың таңы -бəрі де уақыт заңы! Шыңдар-ай ,өмір алынбаған шыңдар-ай! Өмір қалыңдаған мұңдар-ай Асып өтеді оны кім қалай?! Күндер-ай..... Өмір кімге қиын,кімге оңай?! Өмірге əзер қолын бұлғамай Неге олай,олай?! Қайырмасы: Өткенің артта қала берсін өкпе мұң Мейлі нала болсын,ұмытылады шын бəріде бəрі Ертеңің ертегі ала келсін ақ жолға Бастап бара берсін атады əлі күт Бақыттың таңы -бəрі де уақыт заңы!
  • Сұлу жүзіңнен,нәр аламын мен Мас болып калып,тәтті деміңнен Бұйра шашыңнан айналдым еркем Қара қасың жерге төгілген. Жүрегім тулап,кеудем от болды Күйіп,жанып турып,күлі шыгып,тұт болды. Жаным балқыды,жаным айыққандай Саған ғашықпын айтам жасқанбай. Сен барда,батырмын Сен барда,ақынмын Келші,келші күлімдеші Әніммен,тәніммен мен ғашықпын Қос жанарыңнан,қиғаш қастарың Беліңнен қылдай,жаным балқыды Қара шашыңа жарасып бұрмыл Қуантар көзді тәтті қылығың Ерніңнен сүйсем кұмарым қанбас Ақыл есімнен тандырады,мені біраз Махаббатым да сен,жүрегім де өшпес Ағын сумен жуса дағы кетпес. Сен барда,батырмын Сен барда,ақынмын Келші,келші күлімдеші Әніммен,тәніммен мен ғашықпын Сен барда,батырмын Сен барда,ақынмын Келші,келші күлімдеші Әніммен,тәніммен мен ғашықпын Бар әніммен,бар тәніммен мен ғашықпын.
  • Сүйгенімді бірақ саған айтпадым Кешке жақын атыңдай айтпай жатпадым Талай күндер, талай жылдар өтсе де, Жүрегімді ешкімге де, ешкімге де сатпадым. Қайырмасы: Тұмарым, Ай-ай, тұмарым, Аясаңшы мені, сүйген тұмарым. Қайғы-шеоді неге маған айтпадың? Неге сонша жүрегімді таптадың? Табысқанда айлы аспан астында Сүйемін деп неге сондай айтпадың? Қайырмасы: Тұмарым, Ай-ай, тұмарым, Аясаңшы мені, сүйген тұмарым. Тұмарымды гүлге тосты аққайың Құстай ұшты көкжиекке аққайың Қолұстасып екеуміз де барғанда Тосып тұр ғой екеумізді аққайың.
  • Сендей ару жоқ, Саған қарсы қару жоқ. Көріп тұрсың ғой, Менің тек саған қарағанымды, қарағанымды. Сендей ару жоқ, Саған қарсы қару жоқ. Сезіп тұрсың ғой, Менің тек сені қалағанымды, қалағанымды. Түсіне алмай кейде мен сені қаламын, Өшіре алмай сені түбімнен санамның. Баламын, мен әлі барлығын түсінбейтін. Көз алдымнан кетпей қойды сенің сұлу сол бір кейпің. Түсіне алмай кейде мен сені қаламын, Өшіре алмай сені түбімнен санамның. Қаламын, мен, осы маған ғана керек пе деп? Ұрысып қалсақ, жанамын мен ғана тепшіп-терлеп. Сендей ару жоқ, Саған қарсы қару жоқ. Көріп тұрсың ғой, Менің тек саған қарағанымды, қарағанымды. Сендей ару жоқ, Саған қарсы қару жоқ. Сезіп тұрсың ғой, Менің тек сені қалағанымды, қалағанымды. Кетші, әрі кет, қарағым! Бағындыра алмай мен сені өз-өзіме барамын. Ағаштың қайысқан бір – майыспайтын сабағың, Қалай ғана сен өзіңді менен жоғары санадың?! Сендей ару жоқ, Саған қарсы қару жоқ. Көріп тұрсың ғой, Менің тек саған қарағанымды, қарағанымды. Сендей ару жоқ, Саған қарсы қару жоқ. Сезіп тұрсың ғой, Менің тек сені қалағанымды, қалағанымды. Айтқан сөзді ұқпайсың, Тілімді алсаң – ұстайсың, Қалағаныңды, қалағаныңды. Сендей ару жоқ, Саған қарсы қару жоқ. Көріп тұрсың ғой, Менің тек саған қарағанымды, қарағанымды. Сендей ару жоқ, Саған қарсы қару жоқ. Сезіп тұрсың ғой, Менің тек сені қалағанымды, қалағанымды. Маған осы айтқан сөздеріңнің керегі не? Қатты тиіп кеттің сен менің жүрегіме. Өзіңді биік санадың, Бірақ бүгін менсіз өмірің бос қой қарағым

Похожие исполнители