Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Елім менің»
исполнителя Кайрат Нуртас.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Арайлап таңым асқақтап тауым
Ән ойнап көгім күй тартты елім
Қол жетті міне аңсаған күнге
Жасай бер жаса Қазағым менің

Қазақстаным жасыл орманым
Қуанышымды жасыра алмадым
Аңсаған бабам аңсаған елім
Бостандық еді-ау асыл арманым

Елім менің аңсаған
Тас бұғаудан босаған
Құтты болсың отауың
Берік болсын оу босағаң

Бабамның қаны анамның жасы
Сіңген бұл далам қымбатсың маған
Береке бірлік - қамалдың басы
Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы далам

Күйінсін жауың сүйінсін досың
Жиылсын қауым құйылсын көшің
Ертеңің үшін аянба елім
Ояншы елім жиылсын есің

Ұрпақ үшін, ел үшін,
Атамекен жер үшін
Берекең мен бірлігің,
Таси берсін ырысың.

Ұрпақ үшін, ел үшін,
Атамекен жер үшін
Берекең мен бірлігің,
Таси берсін ырысың.

Другие песни исполнителя:

  • Айтылмаған сенбісін асқақ әнім Басқа өмір бар сенде басқа бағың Жол таба алмай қайтуға артқа қарай Жалтаң қағып жүр ме екен жас жанарың Қайырмасы: Сүйем деуге өзіңді жасқанамын Кешір жаным қалмады басқа амалым Бұза алмаймыз тағдырдың тас қамалын Сенің де бар жаным ау басқа адамын Қонбасанда қолыма бағым болып Атпасанда арайлы таным болып Күннен қашқан айдай боп жасырынып Көрініп жүр алыстан сағым болып Қайырмасы: Сүйем деуге өзіңді жасқанамын Кешір жаным қалмады басқа амалым Бұза алмаймыз тағдырдың тас қамалын Сенің де бар жаным ау басқа адамын Қайырмасы: Сүйем деуге өзіңді жасқанамын Кешір жаным қалмады басқа амалым Бұза алмаймыз тағдырдың тас қамалын Сенің де бар жаным ау басқа адамын
  • Көңілімді қайтейін, қол асығып Сағынғанда саналың, жылатып ем Жүрегімді қайтейін, қиылмаған Кең кеуде не сен маған,сыйылмаған Қайырмасы: Кайта оралшы аяулым Аяулым-ай сен кеткелі көңілім - қай аулымда-ай Жабырқатты, жүдетті - сағынышым Асыл арман кайдасын,бағырымсың 2. Шақырады сан жолдар, жиырлаған Пенденіп бұл бақыты, бұйырмаған Сенсіз мына омірде, қайтсем екен Қошқандай боп сағындым, өтсем екен Қайырмасы: Кайта оралшы аяулым Аяулым-ай сен кеткелі көңілім - қай аулымда-ай Жабырқатты, жүдетті - сағынышым Асыл арман кайдасын, бағырымсың Қайырмасы: Кайта оралшы аяулым Аяулым-ай Кайта оралшы аяулым Аяулым-ай сен кеткелі көңілім - қай аулымда-ай Жабырқатты, жүдетті - сағынышым Асыл арман кайдасын,бағырымсың
  • Түгесіліп бар төзім Елес болды бал сезім Қалай ғана қалай ғана бір күнде Кезіктіріп сенімен Сөнбестей боп көрінген Жоқ махаббат бұл мүмкін бе?! [Қайырмасы:] Сол бір тəтті ең қымбатты кезге Қош деместен бақыт тауып өзге Берген сертті ұмытуың лезде Мүмкін емес мүмкін емес Арман қуып əлдекіммен басқа Жанарымды толтыруың жасқа Ет жүрегің айналмаса тасқа Мүмкін емес мүмкін емес Тағдыр шығар тағы да Бақытыңның соңында əр Сығалайтын сорың бар Тағдыр тағдыр тартуы таусылмған Тағдырға не демекпіз Ғашық қылып себепсіз Сағындырып жан қинаға
  • Ой ойлатқан талай-талай өтті күндер алыс, Міне бүгін бізде үй-жай, олда біздің парыз. Өз үйіміз бір отан береке, Қандай қызық бір қыдырсаң жанұяңмен бірге [Қайырмасы:] Аман болсын ата-анамыз бізді өсіріп баптаған, Аман жүрсін баурымыз алыстағы аңсаған. Берік болсын босағамыз, отауымыз қосылған, Ең керегі тату-тәтті болсын менің жанұям. Адал жаным сен қолыма гүл боп біттің менің, Тосу менен өтті талай күнім менен түнім. Шаршап келсем жұмыстан мен үйге, Жадырап сен қарсы аласың нұрын шашқан күнім [Қайырмасы:] Аман болсын ата-анамыз бізді өсіріп баптаған, Аман жүрсін баурымыз алыстағы аңсаған. Берік болсын босағамыз, отауымыз қосылған, Ең керегі тату-тәтті болсын менің жанұям. Жанұяның бір қызығы арадағы бала, Онсыз үйде болған емес құт-береке сірә. Жастайымнан еркелетіп өсірген, Аман болшы теңдесі жоқ Ата менен Ана! [Қайырмасы:] Аман болсын ата-анамыз бізді өсіріп баптаған, Аман жүрсін баурымыз алыстағы аңсаған. Берік болсын босағамыз, отауымыз қосылған, Ең керегі тату-тәтті болсын менің жанұям.
  • Сыңарым сенсің білемін, Сені ойлап өмір сүремін, Fашық көзді, сол бір кезді Іздейді жүрегім Арманға биік сенемін Самал боп саған келемін Әдемі сұлу жанарыңа Қиялмен енемін. [Қайырмасы:] Жаным, сенсің бағым, арай таңым Енді неге болдың сағым гүлім, Жоқсың бүгін Қайда сол бір нәзік үнің, Жүректің өзің таптың емін Сағындым сені жаным менің Болдың сағым гүлім, жоқсың бүгін Қайда сол бір нәзік үнің, Жүректің өзің таптың емін Сағындым сені жаным менің Әдемі алау гүлмекен Сені ойлап өтті күндерім Көрінбей маған қайда жүрсің Тек соны білмедім Ұмытпай мөлдір көзіңді Назданып айтқан сөзіңді Түндерде жүрмін көзімді ілмей Сағынып өзіңді [Қайырмасы:] Жаным, сенсің бағым, арай таңым Енді неге болдың сағым гүлім, Жоқсың бүгін Қайда сол бір нәзік үнің, Жүректің өзің таптың емін Сағындым сені жаным менің Болдың сағым гүлім, жоқсың бүгін Қайда сол бір нәзік үнің, Жүректің өзің таптың емін Сағындым сені жаным менің, Жаным менің. [Қайырмасы:] Болдың сағым гүлім, жоқсың бүгін Қайда сол бір нәзік үнің, Жүректің өзің таптың емін Сағындым сені жаным менің [Қайырмасы:] Болдың сағым гүлім, жоқсың бүгін Қайда сол бір нәзік үнің, Жүректің өзің таптың емін Сағындым сені жаным менің, Жаным менің