Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Салқын Салқын»
исполнителя Ернар Айдар.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Сезім баурап алдын жаулап
Шаттыққа толды әр қадам
Біз таныстық сезім ыстық
Құлап кетеді ортадан
Сылқым сері бір күндері
АЯ соқты арқадан
Күттім сенім сені көрдім
Сағынышы тарқаған

Қайырмасы:
Үміт толы әр күнім-ай
Сен қайдасың алтыным-ай
Көңіл күмән дала туман
Сары күздің салқыны-ай
Салқын салқын далада тұр
Жаным жаурап жағада тұр
Екеуміздің неге арамыз
Салқын болып бара жатыр

Есік қақтым кім бар кім жоқ
Жүрегінде құлып тұр
Сені іздеген бір көк бөрі
Айға қарап ұлып тұр
Мен ақ қайың тұла бойым
Сан жапырақ төгіп тұр
Уақыт алдап бір бір талдап
Жапырығымды жұлып жүр

Қайырмасы:
Үміт толы әр күнім-ай
Сен қайдасың алтыным-ай
Көңіл күмән дала туман
Сары күздің салқыны-ай
Салқын салқын далада тұр
Жаным жаурап жағада тұр
Екеуміздің неге арамыз
Салқын болып бара жатыр

Другие песни исполнителя:

  • 1)Алиде бұл кеудеме толмаи арман жас конил еш нарсеге болмаи алан бейхабар жур едимгой махаббаттан 2 рет кол созып кушак жайган кандай адам 2)Киялым саулесимен дирилдеген Коктеги куним бекен кулимдеген Алде бир коктемдеги сандугашпа 2 рет Жанымды елжиреткен униңменен 3)Калайша журегимди арнай алам Мен оны жалгыз саган арнай алам Бейхабар жур едимгой махаббаттан 2 рет Дарига кушак жайган кандай адам
  • Бір сәт жылт еткен сәуледей, Көрініп ғайып болдың. Аңсап, қол созып жетерде, Қалай көз жазып қалдым. Бейнең тылсым сырға толы, Қиялмен жобалайын. Сендей жұмбақ арулардың, Есімі - Сұлулайым! [Қайырмасы] Қайдан іздеп сені, Қайдан табар екем? Сұлулайым! Ойдан, шығар емес ойдан, Көңілдесің сен әрдайым. Қайдан іздеп сені, Қайдан табар екем? Сұлулайым! А-ааа-ай! Табар екем қайдан? А-ааа-ай! Сұлулайым! Жұмсақ жайдары мінезің, Жүрекке жайлы шығар. Көркің ақылға сай келген, Күндей шырайлы шығар. Қайта сені бір көрмесем, Бар төзімім таусылар. Менің осынау жайымды, Тек ғашық жандар ұғар. [Қайырмасы] Қайдан іздеп сені, Қайдан табар екем? Сұлулайым! Ойдан, шығар емес ойдан, Көңілдесің сен әрдайым. Қайдан іздеп сені, Қайдан табар екем? Сұлулайым! А-ааа-ай! Табар екем қайдан? А-ааа-ай! Сұлулайым!
  • Іздейсің телефоныңды Ілгенде неге тонымды, Қызғанышпа ай Суреттің сылқындары бар Белімнен жыртылғандары, Қызғанышпа ай Сағатым қолымда дейсің Әтірге шомылма дейсің, Қызғанышпа ай [Қайырмасы:] Қыз біткеннен қызғанасың Үздіккеннен қызғанасың Жасырынбақ ойнамаймын Жас жүрегім сыздамасын, Қызғаншағым-ай Мен де сені қызғанамын Тұнық ойды бұзба жаным Намысы бар ер-жігіттің Ары қымбат қыз баланың Қызғаншағым ай, Қызғаншағым-ай Айнаға көп қарағаным Сен үшін тек қана жаным, Қызғанбашы Ақ көңіл замандастарға Қол бұлғап амандассам да, Қызғанбашы Сенбесең кеткені сыйдың Мен болсам тек сені сүйдім, Қызғанбашы [Қайырмасы:] Қыз біткеннен қызғанасың Үз біткеннен қызғанасың Жасырынбақ ойнамаймын Жас жүрегім сыздамасын, Қызғаншағым-ай Мен де сені қызғанамын Тұнық ойды бұзба жаным Намысы бар ер-жігіттің Ары қымбат қыз баланың Қызғаншағым ай, Қызғаншағым-ай
  • Сұлулығын сәнді Жанды жаулап алды Бойды баурап алдын сезіммен Бірге шыркап әнді Күнді күтіп таңды Жүрсек бірге мәнгі өзінмен Тағат барма менде Майда салмал желде Орамалын желбірегенде -- ей Жаным, жаным деп тұрдың Ботакөзің мөлдірегенде Бақыт құсым бағым Сені қызғанамын Өзгеденде жаным өзімнен Қарай қалсам күліп Жүрмін шаттық ұлып Сенің мөлдір тұңық көзіне Тағат барма менде Майда салмал желде Орамалын желбірегенде -- ей Жаным, жаным деп тұрдың Ботакөзің мөлдірегенде Көзін тенеп күнге Өзінді тенеп гүлге Талды бітті тнде көз ілмей Қиылмен күн кештім Бұл жалғанда әрдестім Болалмайды ау ешкім өзіндей Тағат барма менде Майда салмал желде Орамалын желбірегенде -- ей Жаным, жаным деп тұрдың Ботакөзің мөлдірегенде Қарай қалсам күліп
  • Өкпелейді көкжиекте бір арман Мың адасқан таппай сені тұманнан Сен келердеп селт етеді Мөлдір көзі мөлт етеді Арман қалі соңғы жыларман Мына қала ой майданы аланы Қандай қызық тағдырымның қалауы Үмітіне сен сенесін Сен сүйесін өртенесін Ол біреу деп оттай жанады Үмітіне сен сенесін Сен сүйесін өртенесін Ол біреу деп оттай жанады Қайырмасы: Үні түні күні түні Бағымда сайрайды Кеше емеспе сол елеспе Ол неге тоймайды Бұл күндері менің күйім осындай Сырласымдай көрінуші едің досымдай Жарқ еттіңде найзағайдай жоқ болдын Қайда кеттің айтсан еді жасырмай Қайда кеттің айтсан еді жасырмай Кездесе алмай жарыла алмай ағымнан Өзі келіп табылардай жаныннан Сағынасын сағынас мұңнан моншақ тағыласын Одан басқа не келеді қолыннан Сағынасын сағынас мұңнан моншақ тағыласын Одан басқа не келеді қолыннан Қайырмасы: Үні түні күні түні Бағымда сайрайды Кеше емеспе сол елеспе Ол неге тоймайды Бұл күндері менің күйім осындай Сырласымдай көрінуші едің досымдай Жарқ еттіңде найзағайдай жоқ болдын Қайда кеттің айтсан еді жасырмай Қайда кеттің айтсан еді жасырмай Қайырмасы: Үні түні күні түні Бағымда сайрайды Кеше емеспе сол елеспе Ол неге тоймайды Бұл күндері менің күйім осындай Сырласымдай көрінуші едің досымдай Жарқ еттіңде найзағайдай жоқ болдын Қайда кеттің айтсан еді жасырмай Қайда кеттің айтсан еді жасырмай