Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Махаббатымсың»
исполнителя Ернар Айдар.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Екі көзің бірдей жанып
Күлімдейсің күндей жарық
Гүлге теңеп қоя берем
Гүлден сұлу көркіңді білмей қалып

[Қайырмасы]
Алаңдама ақылдым
Саған ғана жақынмын
Жүрегімнен төр бердім
Сол орында отырсың
Мәңгі адал сезіммен
Сен менің махаббатымсың

Сыйладың сен маған айым
Сол себепті бағалаймын
Жүрегімсің, мен өзімнің
Жүрегімді қалайша жаралаймын

Другие песни исполнителя:

  • Мұң өмір шынын айтқанда Күте алмай құстар қайтқанда Ойланып достар жатқанда Бас тарттын өзгеруден сен Кездескен сары алтын бақта Ұяндық билеген шақта Айтпаған сөздеріме Өкінген кездерімде Түсіндін көздерімнен сен [Қайырмасы] Жаным мен сені ұнатамын Бір күн күткенмін тан атарын Келгем тек саған өмір бойы Ашып ақ жүрек ақ отауын Жүректің оттығы сенен Сен болсан мұз жарды кемем Сен барда түспеймін төмен Қайтадан мен саған сенем Бұл әнді ғұмырда аз қып Жұлдызбен мен көкке жаздым Өмірде артты тұман Адаспай бақытымнан Өзіңмен бір болсам дедім [Қайырмасы] Жаным мен сені ұнатамын Күткем Бір күн тан атарын Келгем тек саған өмір бойы Ашып ақ жүрек ақ отауын [Қайырмасы] Жаным мен сені ұнатамын Күткем бір күні тан атарын Келгем тек саған өмір бойы Ашып ақ жүрек ақ отауын Келгем тек саған өмір бойы Ашып ақ жүрек ақ отауын
  • Бір сәт жылт еткен сәуледей, Көрініп ғайып болдың. Аңсап, қол созып жетерде, Қалай көз жазып қалдым. Бейнең тылсым сырға толы, Қиялмен жобалайын. Сендей жұмбақ арулардың, Есімі - Сұлулайым! [Қайырмасы] Қайдан іздеп сені, Қайдан табар екем? Сұлулайым! Ойдан, шығар емес ойдан, Көңілдесің сен әрдайым. Қайдан іздеп сені, Қайдан табар екем? Сұлулайым! А-ааа-ай! Табар екем қайдан? А-ааа-ай! Сұлулайым! Жұмсақ жайдары мінезің, Жүрекке жайлы шығар. Көркің ақылға сай келген, Күндей шырайлы шығар. Қайта сені бір көрмесем, Бар төзімім таусылар. Менің осынау жайымды, Тек ғашық жандар ұғар. [Қайырмасы] Қайдан іздеп сені, Қайдан табар екем? Сұлулайым! Ойдан, шығар емес ойдан, Көңілдесің сен әрдайым. Қайдан іздеп сені, Қайдан табар екем? Сұлулайым! А-ааа-ай! Табар екем қайдан? А-ааа-ай! Сұлулайым!
  • Жанымда жүргенің Бақыт деп білгенім Әттең ол сағым екен. Мен жетпес гүл ме едің Еркелеп күлгенің Өзгенің бағы ма екен. Сәт сыйлап қас қағым Кеттің де тастадың Жазықсыз сезімді отқа. Елеспен тілдестім Елеусіз күн кештім Ардағым өзің жоқта. [Қайырмасы] Сен жоқта айналаны, Түн басып жаныма мұң жайланады Көп күмән көңіліме байланады Болады лайым, көңілде уайым Сөнгендей күн-айым ой қамады Сен жоқта жанардан жас тайғанады Сен жоқта мұздай суық қара тасқа Құс жастық айналады. Сағынам әлі де Сен жайлы бәріде Санамда ой жүрсе мың Көз салмай бір қызға Ең жарық жұлдызға Атыңды қойдым сенің. Не қиып кете алмай Не саған жете алмай Әурелі күйде жүрмін Жолыңды тосқаным Әніме қосқаным Дәлелі сүйгенімнің [Қайырмасы] Сен жоқта айналам, Түн басып жаныма мұң жайланады Көп күмән көңіліме байланады Болады лайым, көңілде уайым Сөнгендей күн-айым ой қамады Сен жоқта жанардан жас тайғанады Сен жоқта мұздай су, қара тасқа Құс жастық айналады.
  • Гүлдей,гүлдей жаным гүлдейсің Күндей нұрың күлімдеген Гулдей сұлу түріңменен Сенің отты жанарың гой Түн тылсымы тілімдеген Арай асыл алтыным Жаны жайсаң жарқыным Жүрегіме қондырдың Жанарыңның жарқылын Қайырмасы: Гүлдей,гүлдей жаным гүлдейсің Жүрегіме жақын жүргейсің Сенсіз маған өмір жоқтығын Беу халқам білгейсің Ақылың сай көркіңменен Ешқандай мін келтірмеген Екеуміз бір жүрген кезде Сыр қалмаушы еді шертілмеген Арай асыл алтыным Жаны жайсаң жарқыным Жүрегіме қондырдың Жанарыңның жарқылын Көркем сұлу келбетіңде Сендей жан жоқ жер бетінде Бізге қарап тамсанушы еді Қос аққуда көл бетінде Арай асыл алтыным Жаны жайсаң жарқыным Жүрегіме қондырдың Жанарыңның жарқылын
  • Балғын жүрек ерке сезіммен Сахнаға келген кезімнен Қошеметтеп мені қолдадын Бәрекелді деген тәтті сөзіңмен Елім сені артық көремін өзімнен Қайырмасы: Адал баға берген әніме Алғысым көп жас пен кәріне Жүзіңді көруге ән салып беруге Келіп тұрмын бәріне Жүзіңді көруге ән салып беруге Келіп тұрмын бәріне Теңіз болсаң мен бір тамшымын Қуанышқа ғана жаршымын Ақ батанның қабыл болғаны Менің бүгін алып жатқан бар шыңым Шың тыңдарманы әншінің Қайырмасы: Адал баға берген әніме Алғысым көп жас пен кәріне Жүзіңді көруге ән салып беруге Келіп тұрмын бәріне Жүзіңді көруге ән салып беруге Келіп тұрмын бәріне