Казахский переводчик

Песня «Ақ еркем»
исполнителя Кайрат Нуртас.
Скачать или слушать онлайн

00:00/00:00

Текст песни:

Басыңа жарасқан алтын бөрік
Ақ еркем көркіңді қалдым көріп
Көңілім бірге деп ойлаушы едім
Білмеймін не деген дәтің берік


Күтем деп мәңгілік, атыңды ән қылып
Сағынған біреу бар, білесіңбе-ей?
Таңдарда көз ілмей, үмітім үзілмей
Жүр екен дегейсің сұрағанға

Кештерде сағынып саламыз ән
Достыққа сарай салып санамыздан
Арманның ал қызыл әләуләйлім
Алыстап барады арамыздан

Күтем деп мәңгілік, атыңды ән қылып
Сағынған біреу бар, білесіңбе-ей?
Таңдарда көз ілмей, үмітім үзілмей
Жүр екен дегейсің сұрағанға

Әніңмен жанымды еліктірші
Сезімнің мирасын кезіктірші
Қалқам-ау егерде мені сүйсең
Ат ізін суытпай келіп тұршы

Күтем деп мәңгілік, атыңды ән қылып
Сағынған біреу бар, білесіңбе-ей?
Таңдарда көз ілмей, үмітім үзілмей
Жүр екен дегейсің сұрағанға

Күтем деп мәңгілік, атыңды ән қылып
Сағынған біреу бар, білесіңбе-ей?
Таңдарда көз ілмей, үмітім үзілмей
Жүр екен дегейсің сұрағанға