Әндерімді менің тыңдадын ба?
Түндеріңді сенің ұрладым ба?
Өзімді өзің жайлы сезінбей
Ойласың ба мені көз ілмей?
Түн жарымда..
Қайырмасы:
Жаралған жүрегің мен үшін білемін,
Шырқай бер тілегім, тыңдата алмай.
Күйсең күйем, сүйсең сүйем,
Ләззат алам, тыңдасан сен мені тағыда.
Тәкаппар жүрек ұнайды ма?
Жаныңа мені сұрайды ма?
Мезгілсіз менің мазамды алмашы.
Айдан да сұлу аяулым-ай,
Көңілім менің баяғыдай,
Сен маған алаң болма.
Қайырмасы:
Жаралған жүрегің мен үшін білемін,
Шырқай бер тілегім, тыңдата алмай.
Күйсең күйем, сүйсең сүйем,
Ләззат алам, тыңдасам сен мені тағыда.
Ерім бар елім үшін мақтанып
Темірдей жүрегіңнің қақпаны
Болаттай берік болсын сынбайды
Қазақтың қайсар азаматтары
Жүрегі жомарт адам бар еді
Санаулы мұндай жандар əлемде
Сендерге əн арнаймын деп едім
Тұрамын еркек болып уәдемде
[Қайырмасы]
Жүрегі нағыз батыр еркек
Тілегі ақыл нағыз еркек
Жасасын талмай
Беделі таудай!
Болаттай нағыз азамат елдер
Жақсының ісін айту заңдылық
Сөзімді жеткізейін əн қылып
Ел үшін туған жанды ұмытпай
Ер ісін бағалайық мəңгілік
Арманы таусылмайды адамның
Батыры осы алып заманның
Тік тұрып тəңірімнен тілеймін
Арландай амандығын ағамның
[Қайырмасы]
Жүрегі нағыз батыр еркек
Тілегі ақыл нағыз еркек
Жасасын талмай
Беделі таудай!
Болаттай нағыз азамат елдер
Қазақ қызы намысы сынғырлаған сезімдей
Айша бибі Домалақ аналардың көзіңдей
Баян сұлу, Қыз Жібек, Еңліктердің өзіңдей
Намысынды ерлерін қорғаса екен көз ілмей
Мәншүгім мен Әлиям жаудың бетін қайтарған
Лязатым мен Сәбирам гүлім еді жайқалған
Фаризам мен Мәрфуған елдің сөзің айта алған
Қазақ қызы ешкімнен кем түспейтін майталман
Ахоу аридар-ей
Күләшім мен Майрам бар осыдан біл анам кім
Бибігүл мен Роза апам шоқ жұлдызы ғаламның
Мәдина апам жезтаңдай ақ баяны даламның
Қыздарым бар осындай бар қазаққа тағармын
Қызын туған батыр боп ар сатуға қақын жоқ
Аналарды кешегі аңсатуға қақын жоқ
Қабырғасын халқымның қаусатуға қақын жоқ
Қазақ қызы жаныма сенен артық жақын жоқ
Әдептікті Айман Шолпан қыздай жыр еттім
Күй ойнаса Дина апам қуын шерткен жүректің
Бүгін Мақпал апамдай сахнаға гүл ектің
Қазақ қызы сендерге ең тәттіс тілектің
Бір қыз маған жар болып көңілімді байытсың
Дархан дала мен болсам Ертіс Еділ Жайықсың
Болсам егер ескегін көлде жүзген қайықсың
Қазақ қызы қазақтың жігітіне лайықсың
Төгіп көзден жақұтымды,
Жоғалттың деп бақытынды ойлама, ойлама
Кірпік қақпай айлы түнде
Деп құшағы жайды кімге ойлама
Ойлағаның бекер, бекер
Барі жаным өтер, кетер жай ғана
Шын сезімге жоқ дүйім
Бұл өмір жолы қиын болса да
Талмай түстің батқан таңнан
Өз бақытын тапқан жандар қаншама
Қайырмасы:
Қатар ұшқан бақ құсыңмен, өткеніңді сағынарсың
Жүрегіңе шоқ түсірген, көктеміңді сағынарсың
Серік етіп сарық күзді, жалғыздықты жабырқарсың
Тағдыр қосты жолымызды,сағыныштан арыларсың
Күркіреді тағы да анық
Бізге деген бағың алып
Бірің мұңсыз, бірің мұңды
Сезімдегі тұнығыңды, лайлама
Мұңға батып, жаның жүдеп
Тағдыр жолы тарылды деп ойлама, ойлама
Қайырмасы:
Қатар ұшқан бақ құсыңмен, өткеніңді сағынарсың
Жүрегіңе шоқ түсірген, көктеміңді сағынарсың
Серік етіп сарық күзді, жалғыздықты жабырқарсың
Тағдыр қосты жолымызды,сағыныштан арыларсың
Арайлап таңым асқақтап тауым
Ән ойнап көгім күй тартты елім
Қол жетті міне аңсаған күнге
Жасай бер жаса Қазағым менің
Қазақстаным жасыл орманым
Қуанышымды жасыра алмадым
Аңсаған бабам аңсаған елім
Бостандық еді-ау асыл арманым
Елім менің аңсаған
Тас бұғаудан босаған
Құтты болсың отауың
Берік болсын оу босағаң
Бабамның қаны анамның жасы
Сіңген бұл далам қымбатсың маған
Береке бірлік - қамалдың басы
Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы далам
Күйінсін жауың сүйінсін досың
Жиылсын қауым құйылсын көшің
Ертеңің үшін аянба елім
Ояншы елім жиылсын есің
Ұрпақ үшін, ел үшін,
Атамекен жер үшін
Берекең мен бірлігің,
Таси берсін ырысың.
Ұрпақ үшін, ел үшін,
Атамекен жер үшін
Берекең мен бірлігің,
Таси берсін ырысың.