Казахский переводчик

Песня «Періштем»
исполнителя Кайрат Нуртас.
Скачать или слушать онлайн

00:00/00:00

Текст песни:

Санай алмай мен жүрмін байлығымды,
Қолыма әкеп қондырдың айды-күнді.
Мың шүкірлік айтамын тәңіріме,
Сен келгелі ұмыттым қайғы-мұңды.

[Қайырмасы]
Аласұрған жүрекке ем шығарсын,
Дариям-ау даламнан кең шығарсын.
Әр адамда періште бар дейді ғой,
Мендегі сол періште сен шығарсын.


Нәзік жүрек сүйіктім қаршадайын,
Келдің дағы орнаттың xан сарайын.
Ғұмырымның қалғаны болса егер,
Саған арнап өтейін шаршамайын

[Қайырмасы]
Аласұрған жүрекке ем шығарсын,
Дариям-ау даламнан кең шығарсын.
Әр адамда періште бар дейді ғой,
Мендегі сол періште сен шығарсын.


Елемейтін дауылды өткен кеткен,
Бүгін менің үйіме көктем жеткен.
Оралмайтын жастығым оралғандай,
Күлкісімен сәбиді сен тербеткен.

[Қайырмасы]
Аласұрған жүрекке ем шығарсын,
Дариям-ау даламнан кең шығарсын.
Әр адамда періште бар дейді ғой,
Мендегі сол періште сен шығарсын.
Әр адамда періште бар дейді ғой,
Мендегі сол періште сен шығарсын.

Әр адамда періште бар дейді ғой,
Мендегі сол періште сен шығарсын.