Текст песни:
Жолықпай жүрді жол қарағанмен
Кезікті бір жан жолым болып
Ұрланып тұрып бір қарағаннан
Маңайым кетті гүлге толып
[Қайырмасы]
Олай дедім бұлай дедім
Еркелесе шыдай бердім
Жан-жағына нұрын шашып
Жерде жүрген күн-ай көрдім
Мекен-жайын сұрап қалдым
Ебін тауып гүл апардым
Мөлдір көзді сол бір қызды
Бір көргеннен ұнатқанмын.
Тулайды жүрек тулайды келіп
Арнама сыймай ағылып жыр
Қиялымдағы періште бейне
Аңсатпай менің қасымда жүр
[Қайырмасы]
Олай дедім бұлай дедім
Еркелесе шыдай бердім
Жан-жағына нұрын шашып
Жерде жүрген күн-ай көрдім
Мекен-жайын сұрап қалдым
Ебін тауып гүл апардым
Мөлдір көзді сол бір қызды
Бір көргеннен ұнатқанмын.
Другие песни исполнителя: