Песня «Әнім-жаным»
исполнителя Ернар Айдар.
Скачать или слушать онлайн

00:00/00:00

Текст песни:

Еркімді еңселеп ертегі сезім
Жүректі тербейсің еркем бір өзің
Жайдарлы жүзіңе жарасып тұр-ау
Сымбатың, қылығың, көркем мінезің

Қ-сы
Таусылмас теңеуім,
Өмірлік өлеңім
Тұңғиық тереңім,
Әнім- жаным, бағым сен едің
Әнім- жаным, бағым сен едің

Ән жаздым ұйқымның мың таңын ұрлап
Жүр қазір сол әнді жұрт әлі тыңдап
Сен үшін сезімнің іңкәрі жұмбақ
Мен үшін шашыңның бір талы қымбат

Қ-сы
Таусылмас теңеуім,
Өмірлік өлеңім
Тұңғиық тереңім,
Әнім- жаным, бағым сен едің
Әнім- жаным, бағым сен едің

Бағым сен едің
Бағым сен едің

Үмітпен нұрланар таңдарым алда
Алдағы арманның алдары бар ма
Өзіңдей бақ құсым қондырса қолға
Біздердей серінің арманы бар ма

Қ-сы х2
Таусылмас теңеуім,
Өмірлік өлеңім
Тұңғиық тереңім,
Әнім- жаным, бағым сен едің
Әнім- жаным, бағым сен едің