Казахский переводчик

Песня «Қазағым»
исполнителя Ернар Айдар.
Скачать или слушать онлайн

00:00/00:00

Текст песни:

1.Әулие мен абызын
Бақыт қылған қазағым
Домбыра мен қобызын
Шабыт қылған қазағым
Айдыны мен бұлағын
Суат қылған қазағым
Тұлпары мен қыранын
Қуат қылған қазағым

қайырмасы:
Қазағым,қазағым оралмасын азабың
Тарқамасын базарың қайсар халқым-ай
Қазағым,қазағым сарқылмасын өз әнің
Бұзылмасын ажарың дархан халқым-ай

2.Отырса да есекте
Қасып толған қазағым
Аруына бесікке
Ғашық болған қазағым
Жазылмайтын уәдесі
Қазық қылған қазағым
Жазылмайтын кәдесін
Азық қылған қазағым


қайырмасы:
Қазағым,қазағым оралмасын азабың
Тарқамасын базарың қайсар халқым-ай
Қазағым,қазағым сарқылмасын өз әнің
Бұзылмасын ажарың дархан халқым-ай

3.Ақылы мен тақымын
Суытпаған қазағым
Ақыны мен батырын
Ұмытпаған қазағым
Қара сөзден шешенді
Ескермеген қазағым
Елін сүйген көсемін
Қастерлеген қазағым