Казахский переводчик

Песня «Шайхана»
исполнителя Ернар Айдар.
Скачать или слушать онлайн

00:00/00:00

Текст песни:

Бұл шаһардың көшелері тар екен.
Көшесінде шайханасы бар екен!
Шай ұсынған сұлулардың саусағын,
Бір сүюге көп жігіттер зар екен.
Бұл шаһарға жетелеген жол екен.
Шай құйған қыз шын ғашығым сол екен!
Қолындағы кесесі де билейді...
Мына шайдың дәмі сондай зор екен!

Қайырмасы:
Шайхана, әсем шайхана
Шай құйған қыз деп айтам ән!
Шай ішсең көңілің жай болар
Шай ішпей қалай қайталам?!

Шыр айналар уақыт, шіркін, қас қағым.
Шайханадан таптым бақыт бастауын
Бақытыңды бәлкім тауып аларсың,
Шайханада кездесейік достарым!
Қою күрең шайға құмар балаңмын!
Қараңдаршы шай құйған қыз жанарын.
Айналайын, айналайын достарым.
Бұдан бұлай шайханада боламын!