Казахский переводчик

Песня «Бұл махаббат»
исполнителя Ернар Айдар.
Скачать или слушать онлайн

00:00/00:00

Текст песни:

Жанарыңа жас та толтыратын
Жүрегіңді босқа тоңдыратын
Шыдап көнсең, арманыңа сенсең
Басыңа әкеліп бақ қондыратын

[Қайырмасы]
Бұл махаббат жүректерді жаралаған мыңдаған
Бұл махаббат талай жанның түн ұйқысын ұрлаған
Бұл махаббат тылсымы көп зерттелмеген бір Ғалам
Бұл махаббат-ай
О, махаббат-ай
Бірде тыншып, бірде тулаған

Бар мұңданып жататын шақтары
Бар нұрланып ататын ақ таңы
Сезім, төзім, сүю, күю деген
Жазылмаған махаббат заңы