Казахский переводчик

Песня «Жаным болшы»
исполнителя Ерке Есмахан.
Скачать или слушать онлайн

00:00/00:00

Текст песни:

Жанарым мөлдіреген сен неткен нәзік едің
Іңкәр болып елжіреген, жанымның жазы ме едің
Көңілің күлімдеді, аққудай құсым ба еді
Қия алмас өмірдегі, сағыныш сазым ба еді

[Қайырмасы]
Жұлдызым көгімде жанған-ай
Аяулым кез болдың арман-ай
Тұңғиық мөп мөлдір көзімнен
Ай нұры үзіліп тамған-ай
Нәзік сырлы, жаным болшы
Арманға жетелейтін
Өмірлік әнім болшы

Кеудемде бүршік жарып, келген бір көктем бе едің
Жаныма тылсым болып, ғайыптан жеткен бе едің
Аққудай көгімдегі, аққудай құсым ба едің
Сезіммен өмір құшқан, жүрегім арман менің

[Қайырмасы]
Жұлдызым көгімде жанған-ай
Аяулым кез болдың арман-ай
Тұңғиық мөп мөлдір көзімнен
Ай нұры үзіліп тамған-ай
Нәзік сырлы, жаным болшы
Арманға жетелейтін
Өмірлік әнім болшы

Ерке Есмахан

Один процент таланта и 99 процентов труда вложено в мои достижения. По-другому сказать не могу.
В категории: Pop , Любовь , Медляк