Казахский переводчик

Песня «Құпия махаббат»
Скачать или слушать онлайн

00:00/00:00

Текст песни:

Бастауы асқақ арманның
Нәзігім күнге теңдес
Біз жайлы басқа жандардың
Білуі міндет емес

[Қайырмасы]
Армандаумен кезігуді
Ұмытатын көз ілуді
Өзің ғана біліп жүрші
Саған деген сезімімді

Сезім заңы қатал-ақ тым
Сынына төзу бір күш
Құпиясын махаббаттың
Ашудың өзі қылмыс

[Қайырмасы]
Армандаумен кезігуді
Ұмытатын көз ілуді
Өзің ғана біліп жүрші
Саған деген сезімімді

Жасырдық шын сырымызды
Терең, тереңіне
Сүйеміз бір-бірімізді
Басқаның керегі не

[Қайырмасы]
Армандаумен кезігуді
Ұмытатын көз ілуді
Өзің ғана біліп жүрші
Саған деген сезімімді