Казахский переводчик

Песня «Асылым»
исполнителя Айкын Толепберген.
Скачать или слушать онлайн

00:00/00:00

Текст песни:

Көргім келеді сені,
Көздеріңнің жалыны арбап мені, Сені іздеймін!
Нәзік сезім арнап,
Махабаттың балынан бір татсам деп едім,
Кездестірмедім.
Жарық берші, жаныма келші , жаным
Жанып тұршы күнімдей боп әрдайым
Жастығымның лала гүлін арнайын,
Жанымда жүр жазғы түнгі айдайым!

Қайырмасы
Асылым, Ғашығым, айтшы маған ашығын,
Қайдан іздеймін сені?
Асылым, Ғашығым, айтшы маған ашығын,
Қайдан іздеймін сені?

Сыйладым сен үшін,
Сезімімнің лапылдаған жалын күшін,
Шын жүректен.
Жолығарын білем, іздей берем,
Мәңгі саған сенем, арман ақ құсым
Жарық берші, жаныма келші , жаным
Жанып тұршы күнімдей боп әрдайым
Жастығымның лала гүлін арнайын,
Жанымда жүр жазғы түнгі айдайым!

Қайырмасы
Асылым, Ғашығым, айтшы маған ашығын,
Қайдан іздеймін сені?
Асылым, Ғашығым, айтшы маған ашығын,
Қайдан іздеймін сені?

G-Had
Ғашық оты жанған сәттен-ақ бізге мәлім
Бұл бір сезімімді билеген, жұмбақ әлем
Құшағыма басайын, құшарға тәнім дайын,
Асылым, қиратпа ғұмыр мәнін
Түн қарасы әлі кейіпіңді әдемі етеді
Жан сұлуы жаныңа ең керегі Тауды әрі асам,
бағытымнан жаңылмасам
Дара жұп қосылар, егер соны қаласаң
Жарық берші, жаныма келші , жаным
Жанып тұршы күнімдей боп әрдайым,

Алтыным, Асылым
Жастығымның лала гүлін арнайын,
Жанымда жүр жазғы түнгі айдайым!
Алтыным, Ғашығым-ай, жасырмай ашығын айт!

Қайырмасы
Асылым, Ғашығым, айтшы маған ашығын,
Қайдан іздеймін сені?
Асылым, Ғашығым, айтшы маған ашығын,
Қайдан іздеймін сені?

Айкын Толепберген

Решение сделать музыку профессией возникло у Айкына только после участия в телешоу SuperStar.kz
В категории: Pop , Любовь