Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Казахские песни на гитаре.
Страница 2

Исполнители

Добавить
Все казахские исполнители

На гитаре

Сборник казахских исполнений на гитаре с текстом песен и аккордами. Песни всех казахских певцов. Каверы, новинки.
  • Жаныңа салып сенің байқамай мұң, Сүйемін деп те сирек қайталаймын. Қасымда жүрген соң, Биіктігіңді де көп байқамаймын. Соқтырса да қатал күндер ызғарын Қабағыңды маған мүлде бұзбадың Жүзікпен емес біз Жүректерімізбен біргеміз жаным [Қайырмасы] Ханшайымым-ау, Жүрегім менен ошағымның иесі. Шаңырағым мен шаттығымның киесі, Ыстық сезіммен үнсіз ғана сүйесің. Ханшайымым-ау, Бағымды менің жалғыз өзің еселер, Бағымның гүлі болып бақыт кеше бер. Бағаңа жетпей жатсам егер кей кезде, Сен кеше гөр. Басымды да өзің төрге сүйреген, Ешбір адам мені сендей сүймеген. Тілегім сол ғана, Өмірлік біздерді бөлмесін деген. [Қайырмасы] Ханшайымым-ау, Жүрегім менен ошағымның иесі. Шаңырағым мен шаттығымның киесі, Ыстық сезіммен үнсіз ғана сүйесің. Ханшайымым-ау, Бағымды менің жалғыз өзің еселер, Бағымның гүлі болып бақыт кеше бер. Бағаңа жетпей жатсам егер кей кезде, Ханшайымым-ау, Жүрегім менен ошағымның иесі. Шаңырағым мен шаттығымның киесі, Ыстық сезіммен үнсіз ғана сүйесің. Ханшайымым-ау, Бағымды менің жалғыз өзің еселер, Бағымның гүлі болып бақыт кеше бер. Бағаңа жетпей жатсам егер кей кезде, Сен кеше гөр.
  • Арманым алауына мас боп алдандым Арбалдым, сонда да мен биік самғармын Мөп-мөлдір жанарымда жас боп қалғанмын Жүрегіммен бақ тілеп тұрып саған Маған қалдыр жалғанның мұңын Мен сыйлайын арманның гүлін саған Өткен күннің бар жүгін артып Қала берем ән-жырымды айтып саған Шын құзға биігіне шығып самғардың Жұлдызға жүрегімді соғып жырғанмын Күйдіріп қанатымды отқа салғанмын Жүрегіммен бақ тілеп тұрып саған Маған қалдыр жалғанның мұңын Мен сыйлайын арманның гүлін саған Өткен күннің бар жүгін артып Қала берем ән-жырымды айтып саған [x2] Кетпесе де тағдырым жалығып Жеткіземін жан сырын қайтіп саған Махаббатым адал боп тұрар Өртенсем де обал жоқ шығар маған
  • Жүректе мұң, көңілде тың Жараладың жанымды Сағынамын, мен жанамын Болалмаймыз бірге біз Арбап алдың сен тамырын ойдың Жетеді тойдым, жетеді тойдым Саған деген жок сезімім енді Бəрінде жойдым [Қайырмасы] Жетеді енді болды ештеңе керек емес Түсіндім сірə біздің тағдырымыз тең емес Ұмытшы ұмыт, ұмытшы ұмыт, мені ұмыт Сені сүйдім, болды сезім Оны бағаламадың Неге екенін мен білмедім Неге, неге алдадың? Арбап алдың сен тамырын ойдың Жетеді тойдым, жетеді тойдым Саған деген жоқ сезімім енді Бəрінде жойдым
  • Түсінбесең де сырын жанымның Құлазып жиі сені сағындым Болсыншы деп ем Гүлі бағымның Шолпаны жалғыз атар танымның Неліктен тосын серттен жаңылдың Ақ ұрып жиі сені сағындым Болар-ау деп ем гүлі бағымның Басқа сезімге бірақ бағындың [Қайырмасы:] Деуші едің ғой сенің пәгіңмін Өкініш өртеп сені сағындым Атыра алмай таң түндер сабылдым Жарығы сөніп үміт шамымның Кімдер сыйлаған сырға тағындың Қызғаныш лаулап сені сағындым Жалғыз құлазып жүрмін жанымның Болшы нұры сен атар таңымның Басқа сезімге бірақ бағындың Сағыныш деген ғажап сағымның Еркіме бойлап сені сағындым Келтірер сенсіз өмір мәнін кім? Тынысы екенсін менің жанымның Күтумен сені ұзақ сарылдым Сабырым жеңіп сені сағындым Атар таңыңмын, сенің бағыңмын Жылыншы келіп, Өртпін жалынмын [Қайырмасы:] Деуші едің ғой сенің Пәгіңмін Өкініш өртеп сені сағындым Атыра алмай таң түнде сабылдым Жарығы сөніп үміт шамымның Кімдер сыйлаған сырға тағындың Қызғаныш лаулап сені сағындым Жалғыз құлазып жүрмін жанымның Болшы нұры сен атар таңымның Басқа сезімге бірақ бағындың
  • Дархан тағдыр сені маған жолықтырды қайдан, Өміріме нұрлы көктем болып кірдің айнам. Бір сәтке де босай алмай өзің жайлы ойдан, Жүрегімде басталды бір майдан. [Қайырмасы:] Перзентісің гүлім, Махамбеттің жырын, Тудырған ұлы өлкенің. Аямашы құрбыңнан көркемім, Жүрегіңнің бар нұрын. Жанарыңда сенің Жатыр екен менің тағдырым. Біздің жастық шағымыздай қанатын кең жайып, Барады ағып бабамыздың ерке өзені Жайық. Өр теңізге бағыт ұстап жағада тұр кемем, Кешігем деп ойламайсың неге? [Қайырмасы:] Перзентісің гүлім, Махамбеттің жырын, Тудырған ұлы өлкенің. Аямашы құрбыңнан көркемім, Жүрегіңнің бар нұрын. Жанарыңда сенің Жатыр екен менің тағдырым. Оңайлықпен асу бермес қырқасы мен белі, Түу алыста қолын бұлғап тұр махаббат елі. Желкеніңді пенделіктің билемесін желі, Бір жоғалтсаң таба алмайсың мені.
  • Қаракөз ең алғашқы сүйген қызым, Көктемім жазым менің күзім қысым. Армандап жыл мезгілін қалай күтсем, Ол да менің көптен күткен аққу құсым. Қалап ем махаббаттың Қаламқасын, Қолдан ұштың қанатты қарлығашым. Аймалап аялаған күндерімді, Қалайша сен есіңнен шығарасын? Қайырмасы: Алтыным менің, Кете бардын амалым жоқ қала бердім. Жүрегім кеудеме сыймайды-ау, Сол менің жүрегімді қинайды. Алтыным... Күте күте сарғайдым хаттарынды, Сағынышым жыр болып ақтарылды. Мен ғана жалғыз сені сағынатын, Ойлап тұрсам осы бір шақтарынды. Ұмыттын ба жастықтың көп күндерін, Сол жылы алма ағаштар көп гүлдеді. Сол жылы көрші үйдің баласына, Мәңгілікке айырбастап кеттін мені