Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песни под медленный танец на казахском языке.
Страница 12

Исполнители

Добавить
Все казахские исполнители

Медляк

  • Қайтемін сенің сұлу бейнеңді алыста қолын бұлғаған Қайтемін сенсіз жыр мен күйлерді ұйқымды түнде ұрлаған Екеумізді қоспады тағдыр Жүрсек те бірге қаншама сан жыл Сен кеттің - - басқамен Көз алдымда өмір жоқ болып қалды Сені сүйген жүрек от болып жанды Тек өзіңе ғана арнадым әнді Бақытты бол жаным Сен күліп тұрсың мәңгі жанарың Саған айтар басқа қалмады амалым Осы әнімді жаным саған арнадым Бақытты бол жаным Ұмытайын қалай күндерді қызық өзіңмен бірге өткізген Мұңаймашы сен көркіңді бұзып жанымды көрсең күздемде Табармын бір күн бақытымды Өзіңдей жанды жүрегі жылы Сен кеттің - - басқаға Көз алдымда өмір жоқ болып қалды Сені сүйген жүрек от болып жанды Тек өзіңе ғана арнадым әнді Бақытты бол жаным Сен күліп тұрсың мәңгі жанарың Саған айтар басқа қалмады амалым Осы әнімді жаным саған арнадым Бақытты бол жаным На-на-на-ней на-на-на на-на-на-ней на-на-на на-на-ней на-на-на-ней на-на-на не-е-е-е-е-ей На-на-на-ней на-на-на на-на-на-ней на-на-на на-на-ней на-на-на-ней на-на-на не-е-е-е-е-ей Көз алдымда өмір жоқ болып қалды Сені сүйген жүрек от болып жанды Тек өзіңе ғана арнадым әнді Бақытты бол жаным Сен күліп тұрсың мәңгі жанарың Саған айтар басқа қалмады амалым Осы әнімді жаным саған арнадым Бақытты бол жаным
  • Айлардын султаны рамазан айы Сол айдын ишинде Кыдырдын туни Басымды саждеге койып сураймын Шукир деп Аллахым корсеткен кунге 2рет КАЙЫРМАСЫ: Жолынан адаскан бауырларымнын Жолына жаксы истер насип ет Алла Жумага барганда балкиды бойым Келеси жуманды насипет Алла 2рет Журекке сонбеитин иман бер Алла Жаныма жаксыны жинай кор Алла Уимнин шырагы анам мен акем Соларга Бакытты сыйлай кор Алла 2рет 2.Бир корип кейде аламын жылап Алсиздик танытсам бере гор куат Козимнин карасы моншактан кымбат Бере гор козиме саулели шырак Бир Алла баринде биледи алып Тагдырга не шара болсам мен гарып Анам мен акемнин бейнесин корип Сыйлай гор козиме саулели жарык 2рет Кайырмасы: Журекке иман бер сонбейтин Алла Жанымнын жарасын емдеитин Алла Осынау алемди тамашалайтын Козине шырак бер кормеитин жанга 2рет 3.Тауелсиз елимнин тыныштыгын сакта Айналсын елим бир гажайып бакка Бабалар иманнан тауыпты жолын Сол бакты насип ет болашак жаска Мезгилсиз келген ажалдан сакта Куйзелип жаным кажалган шакта Жаныма озин беретин демеу Жетеле жанымды сабырлы жакка 2рет Кайырмасы: Журекке сонбеитин иман бер Алла Жаныма жаксыны жинай кор Алла Уимнин шырагы анам мен акем Соларга Бакытты сыйлай кор Алла 2рет
  • Оңайда емес, қиында емес үй болу Ой бөлу үйге, қамқорлық жасап үйрену Көңілін табу, қабағын бағу жарыңның Екеу боп өмір сүрудің жолын игеру Болады онда, ішкі де сыртқы саясат Аяық жарды, біреуді егер аясақ Жақсы үйде болмақ, әскери қатаң құпия Жүрмеңдер әсті, ішкіні сыртқа жаясап Қашанда жарға керегі жылы назарың Жалғыссыратпа тартқызба өмір азабын Мен сөйтіп едім, сен неге бүйтпей журсің бе Сауданың үйге орнатпау керек базарын Асығыстықтан ашудан абзал безінген Дос болу керек қашанда сабыр төзіммен Жар деген өзің, өзің деп тапқан жалғызың Кешірімді бол келіспей жүрме өзіңмен Киелі зат жоқ жарыңның махаббатынан Екеуінді де аялау оны шақыра Көсегелерің көгерсін берген ақ батаң Сендерден бұрын үй болғандардың атынан
  • Жанымды озиндей тусинбейди ешким Бар мунын жанымнын колдей гып кештин коз алдым туман боп адасып калсам жолдарын омирдин корсетпейди ешким Улги кыл акеннин ар изин балам Калмасын отелмей парызын балам осылай акылга салатын мени акылшым сен гана жалгызым анам созимнин биреуге мани жок мумкин ан жазсам анимнин жаны жок мумкин мен бугин анимди сен ушин айтам сен болып тусинер бариде бир кун Улги кыл акеннин ар изин балам Калмасын отелмей парызын балам осылай акылга салатын мени акылшым сен гана жалгызым анам Ан жазсам уйкысыз аткызып танды куанып козиннен тамшы жас тамды басыма ис туссе бари де кашты сен калдын анашым андерим калды Жылама анашым жылама бугин касында кулыннын касында улын мен бугин жыласам куанып жылаймын ан салып агамнын тойын да бугин,сен ушин инин
  • сағынған себебімді айтып жаныңа жетімін қайтым арман ай ұсыншы қолынды әнінді журегімдегі сағындым белемін енді мен қалай табынды жолынды жанным жургегім жаралы жандай кутемін амалым қалмай елесін естен кетпей еркелеген ажарлым аяулы тандай жанымды қайғыга салмай кулімдей кұшағыма келсен екен айталмай бал әнімізді моп молдір жанарымызды мун шалдайды саргайп санамыз бақытты талып іздеп ек айырылды жолымыз болек тым шалгай алыстап жанымыз жургегім жаралы жандай кутемін амалым қалмай елесін естен кетпей еркелеген ажарлым аяулы тандай жанымды қайғыга салмай кулімдей кұшағыма келсен екен
  • Дертиме жүрегімнің Бір келип ем болмадын Озинди күдериммын Жалғайтын сен болмадын Жылады жүрегім менің Озинді күнде сурап Білдіртпей күліп турдын Ішимнен үнсіз жылап Жылады жүрегім менің Озіңді күнде сурап Білдірпей күліп жүрдің Ішімнен үнсіз жылап Ұмыттың мені білем Шарасыз шыдап жүрем Сен мені сүймесенде Мен сені шексіз сүйем.. х2 Көгерткен гүліммен жерді Көктемім сен деп едің Гүлді ашып көктемде келді Тек кана сен келмедін Ашылган гүлдерге карап Мен сені есіме алам Өзіңсіз күндерді санап Сагынып әнге салып Ашылган гүлдерге карап Мен сені есіме алам Өзіңсіз күндерді санап Сагыныш анге салам Ұмыттың мені білем Шарасыз шыдап жүрем Сен мені сүймесенде Мен сені,мен сені шексіз сүйем.. х2
  • Сөздеріме сенбей кеттің сен Сенен артық ешкім жоқ десем Сөздеріме сенбей кеттің сен Сенен артық ешкім жоқ десем Пәк сезімді көрмей көрмей кеттің сен жаным сенен кешкім кешкім жоқ десем Пәк сезімді көрмей көрмей кеттің сен жаным сенен кешкім кешкім жоқ десем Ұнаушы еді жаным сендегі Тыныссынның ыстық дем лебі Ұнаушы еді жаным сендегі Тыныссынның ыстық дем лебі Тағдыр бізге бақыт бақыт бермеді жаным сенен кешкім кешкім жоқ десем Тағдыр бізге бақыт бақыт бермеді жаным сенен кешкім кешкім жоқ десем Ойладың ба кеше алмайды деп Менсіз өмір сүре алмайды деп Ойладың ба кеше алмайды деп Менсіз өмір сүре алмайды деп Өз бақытың таба таба алмайды деп жаным сенен кешкім кешкім жоқ десем Өз бақытың таба таба алмайды деп жаным сенен кешкім кешкім жоқ десем
  • Бүгiн мен құшамын аппақ қарларды Тапқандай болып бip таптырмас арманды Ақ қардың iшiнде елесiң сенiң Кipшiксiз күлiмдеп биiкте самғады, биiкте самғады Бар әлемге сыймайды жүректiң мұңы Мен үшiн сен барда боран да жылы Ақ қардың арасы отырмын үнсiз Барады сөнiп үмiттiң гүлi, үмiттiң гүлi Ақ қарлар қонғандай шашыңның иiciне Барлығын оңай-ақ ұмытты дейсiңбе Өзiңмен өткiзген қызықты күндердiң Бәрiде есiмде бәрiде есiмде, әлiде есiмде Кел бipге жасайық ақ қардан мүсiн Аралап ақпанда ақ қардың iшiн Ақ мамық ақ жүзiң елесiң болып Барады ақ қармен қалықтап ұшып, қалықтап ұшып Қар ерiп көктемнiң келерi анық Бәйшешек гүлдерi бүршiгiн жарып Тағатсыз күтемiн көктемдi менде Келедi бip күнi бағымды алып, бақытымды алып Аппақ қар барады қолымда ерiп Қимаймын бipaқта барамын көнiп Жаралы жүректiң табалмай емiн Жазамын ақ қарды қағазға төгiп, қағазға келiп
  • ағзым етип тәніріме. Мойұнсынып әміріне. Иманыммен бойлай алсам Құран Кәрім әміріне Сыйлап жас пен кәрініде. Өнеге боп бар ініге. Жете білсем ел жұртыммен. Ата-анамның қадіріне Ер жігіттің бар арманы. Ару суйсе айыбы не? Аягымен аттап кирсе босағадан бір өнеге. Сәбиімди құшаққа алып. Құлак түрсем бал үніне. Ұрпағымды тәрбиелеп. Көңіл бөлсем тәлібіне. Осыларға үлгертші Аллах кіргенімше қабіріме.
  • Жетті ғой көзім Мәңгі емес екен ештеңе Мәңгі емес екен,өмірдің шаттық күлкісі Жарылып жүрек кетседе Түседі екен, аспанның жарық жұлдызы Шақырсам дауысым жетпейді Сағындым сені жан әке Елес болып көзден кетпейді Сөздерің сенің дара әке Шақырсам дауысым жетпейді Сағындым сені жан әке Елес болып көзден кетпейді Сөздерің сенің бал әке Сүрініп қалсам Өмірідің тайғақ жолында Ақылыңды айтып Саларма едің жолыма Қайтемін байлық,дүниені Жетпейді әке, ешнәрсе сенің орныңа Өзіңсіз өтті әр күнім Шашылып көздің сары мұңы Алыстап кеттің жан әке Анама артып нар жүгін Өзіңсіз өтті әр күнім Шашылып көздің сары мұңы Алыстап кеттің жан әке Анама артып нар жүгін Сұм тағдыр бізді Ес білмей ерте айырды Түсінер кім бар,қазіргі менің жайымды Балапандарың , қанат қақты Арнаймын әке, қабыл ал осы әнімді Қыздарың әке бой жетті Ұлдарың әке ер жетті Ананың айтқан ақылын Жүрмізгой әке жыр етіп Қыздарың әке бой жетті Ұлдарың әке ер жетті Ананың айтқан ақылын Жүрмізгой әке жыр етіп
  • Жетті ғой көзім мәңгі емес екен ештеме, Мәңгі емес екен өмірдің шаттық күлкісі. Жарылып жүрек кетсе де, Түседі екен аспанның жарық жұлдызы. Қайырмасы: Шақырсам даусым жетпейді Сағындым сені жан әке. Елес боп көзін кетпейді, Сөздерін сенің бал әке... Сүріне қалсам өмірдің тайғақ жолында, Ақылынды айтып саларма едің жолыма... Қайтемін байлық дүниені, Жетпейді әке еш нәрсе сенің орнына... Қайырмасы: Өзінсіз өтті әркүнім, Шашылып көзден зар мұным. Алыстап кеттін жан әке, Анама артып нар жүгін. Сұм тағдыр бізді ес білмей бізді айырды, Түсінер кім бар қазіргі менің жайымды. Балапандарын қанат қақты, Арнаймын әке қабыл ал осы әнімді. Қайырмасы: Қыздарын әке бой жетіп, Ұлдарын әке ер жетіп. Ананың айтқан ақылын, Жүрміз ғой әке жыр етіп...
  • Көзіңнің қара тұңғиығына енейін енейін Өзіңнің ғана сөзіне жаным сенейін сенейін Қуанған сәтте жүрегін болып дүрсіл деп дүрсіл деп Қиналған сәтте тірегін болып демейін демейін Қ-сы Сүйем де тағы да сөзіне жаным сенейін сенейін Не көрсемдағы өзіңмен бірге көрейін көрейін Жанынды жаулап ақ самал болып көбейін көбейін Өзіңе арнап маржанның сөзің терейін терейін Көкткмдей көркем көркіңді гүлге теңейін теңейін Еліктей еркем еркімді саған берейін берейін Бұлақтай кәусар сезімнің дәмін тартқызып тартқызып Теңіздей шалқар шаттыққа сені бөлейін бөлейін Ашылып гүлдей сөндірсен мейлі сөнейін сөнейін қалайсың мені қалағанына көнейін көнейін Өзің деп соққан таба алмай тоқтап кеудемде жүрегім Сен керек десен кеудемнен жұлып берейін берейін
  • Отырамын бөлме қараңғы Ой тербетті бүгін санамды Сен жоқ көнілдің сәні жоқ Сен жоқ өмірдің мәні жоқ Дүние маған сенсіз қараңғы Жазатын көнілдің әні жоқ Өмірдің сенсіз мәні жоқ Дүние маған сенсіз қараңғы Басқаны жүрек қаламай Өзіңсіз бақытты таба алмай Дүние маған сенсіз қараңғы Дүние маған сенсіз Дүние маған сенсіз Сенсіз қараңғы Отырамын үнсіз ойлана Өткен күннің бәрін ойға ала Баратын сенсіз жерім жоқ Жаралы жанымның емі жоқ Бөлме бүгін өте қараңғы Баратын сенсіз жерім жоқ Жаралы жанымның емі жоқ Бөлме бүгін өте қараңғы Күлгенім күлкі ұқсамай Отырмын жалғыз ұйықтамай Дүние маған сенсіз қараңғы Дүние маған сенсіз Дүние маған сенсіз Сенсіз қараңғы Қараңғылық билеп санамды Жалғыздық тұр ашып жарамды Жағарға жарық зауқым жоқ Жарық бар маған бәлкім жоқ Қазір маған дүние қараңғы Жағарға жарықтық зауқым жоқ Жарық бар маған бәлкім жоқ Қазір маған дүние қараңғы Басқаны жүрек қаламай Өзіңсіз бақытты таба алмай Дүние маған сенсіз қараңғы Дүние маған сенсіз Дүние маған сенсіз Сенсіз қараңғы
  • Күн болсаң әнімді кімге айтам Түн болсаң сен үшін түнді айтам Сен салған жүректің жарасын Кімге айтам -2 [Қайырмасы] Сен үшін шырқалған күйде мұң Сенсіз мен жабырқау күйдемін Таусылып барады тағатым Сен аңсап сүйгенім - 2 Қағазға қиялдап күн сыздым Келерме, біздерге мұңсыз күн Сөзімді айталмай алдыңда Тағыда үнсізбін-2 [Қайырмасы] Мен үшін жаралған күнсіңбе Жоқ әлде қараңғы түнсіңбе Мені іздеп бір күні келер деп Күтіп сен жүрсің бе -2
  • Құшағыңа мені қысып, Жылап жатсам жұбатасың ба? Әлде жаным басқа бақшада, Гүліңді ашып жылатасың ба? Көңілімді мың бір сұрақ, Жауап таппай жылап жатам. Жүрегіме салып құрақ, Сені ғана ойлап жатам. Ешкімге де айта алмаймын, Мен өзіңді сүйетінімді. Жүрегімді саған арнаймын, Біле тұра күйетінімді. Көз алдымда күнде жүрсең, Қайтем маған ұнайсың да! Сенен ұзап алысқа кетсем, Мені ойлап жылайсың ба? Сенен тастап алысқа кетсем, Сағынып сен жылайсың ба? Көңілімді мың бір сұрақ, Жауап таппай жылап жатам. Жүрегіме салып құрақ, Сені ғана ойлап жатам. Ешкімге де айта алмаймын, Мен өзіңді сүйетінімді. Жүрегімді саған арнаймын, Біле тұра күйетінімді.
  • Жаңа ғана болғандай боп барi де Өткен күнiм көзiмде тұр елесi Мен өзiмдi жұбатамын сенi ойла Өтiнемiн «ойламашы» демешi Сенi көрем жұмсам да мен көзiмдi Таба алмай дәл осындай сезiмдi Көздерiмде күлiп тұрса елесiң Ойламаймын қалай ғана өзiңдi Бүгiн тағы-тағы сенi ойлауменен, Кешiр жаным көз iлмедiм. Сенi мәңгi өмiрiмнен өшiргенмен, Менiң мына көзiмдесiң. Сағындым сенi, Сағындым сенi, Ойлауменен. Зауқым соқпай сенсiз атқан тұныктардан, Жүрегiмде жылайды үнiң. Мейлi менi мәңгiлiкке ұмытсаң да, Мен өзiңдi ойлай берем. Сағындым сені, Сағындым сенi, Ойлауменен. Аспанда да айым болсаң жұлдыз боп, Жаныңда мен жарқырайын жанайын. Дәл өзiңдей аяулы жан аруды, Айтшы жаным қайдан iздеп табайын. Өзiң едiң көңiлiмнiң көктемi, Сенсiз бүгiн көңiлiм мұң шертедi. Қол ұстасып бiр бақшада жүрушi еk, Болды бүгiн сол бiр күндер ертегi. Бүгiн тағы-тағы сенi ойлауменен, Кешiр жаным көз iлмедiм. Сенi мәңгi өмiрiмнен өшiргенмен, Менiң мына көзiмдесiң. Сағындым сенi, Сағындым сенi, Ойлауменен. Зауқым соқпай сенсiз атқан тұныктардан, Жүрегiмде жылайды үнiң. Мейлi менi мәңгiлiкке ұмытсаң да, Мен өзiңдi ойлай берем. Сағындым сені, Сағындым сенi, Ойлауменен.
  • Жүрегімде ерте ашылған Махабаттың гүлісің бе сен Кірпігіме келіп асылған Көздерімнің мұңысын ба сен Сенің ғана бағың болам деп Сөздеріңе сендірген едің Неге енді ұмыт бәрін деп Үмітімді сөндіре бердің Қайырмасы: Жоқ, сені жаным ұмыта алмаймын, Жоқ, сені мәңгі есте сақтаймын Жоқ, сені жаным ұмытқаным жоқ Жоқ, қадамашы жүрегіме оқ Қалай ғана ұмытайын мен Өзіңменен өткен күндерді Бал шырына қадалмай қалған Сол ғажайып айлы түндерді.. Тым болмаса түсіме енші Жұбатайын өзіңді бір сәт Елесім боп қасыма келші Соның өзі мен үшін бір бақ Қолым жетпей сенің шашыңа Шаштарыңның иісін сағындым Күлімсіреп тұрып қасымда Еркелегеніңді сағындым Қайырмасы: Жоқ, сені жаным ұмыта алмаймын, Жоқ, сені мәңгі есте сақтаймын Жоқ, сені жаным ұмытқаным жоқ Жоқ, қадамашы жүрегіме оқ Қалай ғана ұмытайын мен Өзіңменен өткен күндерді Бал шырына қадалмай қалған Сол ғажайып айлы түндерді..
  • Қадірле ата-анаңды тірісінде Бірін бақ, бірін байлық ырысым де Алдында ата-ананың бағаланбас Алтынды гауһар жауһар күмісің де Анаңды аялай біл ақ сүт берген Төрт бөліп тәтті ұйқысын түн ішінде Әкеден қарғыс емес, алғыс алсын Жұмақтың жүрем десе кім ішінде Байлап бақ ата-анаңды жынды болса Бұл нақыл үлгі қызбен ұл үшін де Себебі дайын олар о бастан ақ Бала деп отқа түсіп, у ішуге Себебі дайын олар о бастан ақ Бала деп отқа түсіп, у ішуге Термелеп сөз айтамын саналық ей Бұрынғы өлмесін деп баба мұра Абайла ата-анаңыз налымасын Қаралы қайғы алмасын қабағына Ұрпаққа ұлағатты болғың келсе Сыйлағын әкені де ананы да Ата ана не жасасын алдына сол Келеді деген мәтел баланы да Аялап алақанға сап өтпесен Жәннаттін исі бар ма танауына Ғаламның ғаламатын жиіп терсең Анаңның татымайды ау табанына Ғаламның ғаламатын жиіп терсең Анаңның татымайды ау табанына Жамағат жақсы білер жұма барған Өмірде артық жан жоқ ұлы анадаң Анаңды сыйла деген Пайғамбар да Қолына қасиетті Құран алған Тірі де төбемізге көтеріп жүр Шуақ боп шапағаты шығар алдан Жатыр ғой күні біткен күнде кетіп Қашып ешкім құтылмас сұм ажалдан Сан соғып қалмағайсын ғасылдардан Басынан көшкен шақтан мына жалған Орыны ойсыраған тола қоймас Жеті күн жүр бауырлар жылағаннан Орыны ойсыраған тола қоймас Жеті күн жүр бауырлар жылағаннан Өсиет айтам жайсам жамағатты Керегін алалар кім саралатты Қараусыз қалдырып жүр ата-анасын Кебіреу жеткеннен соң балағатқа Күнәсін Құдай оның кешіре ме екен Қолғап соң надан дейтін жаман атқа Әлпештеп жүргендер бар ата-анасын Қайтейін қарашы елді ау қаралап та Солардын барлығына Тәубе дейміз Бақыттың басы дайын қанағатта Ағайын ата-ананы ардақтайық Сай болып адам дейтін саналы атқа Ағайын ата ананы ардақтайық Сай болып адам дейтін саналы атқа
  • Менi армансыз деппе едiң Жерде емес көктемнiн Көзiмдi ашып көргенмiн Ауызымды ашып өпкенiм Қуанышым қазынам Қабағыңнан наз ұғам Таратайын халқыма Өзiң жәйлi жазып ән Қуанышым қазынам Қабағыңнан наз ұғам Таратайын халқыма Өзiң жәйлi жазып ән Қиял құстай самғайды Бiлесiң-ғой мән жайды Көрсем көзiм тоймайды Сүйсем құмар қанбайды Қуанышым қазынам Қабағыңнан наз ұғам Таратайын халқыма Өзiң жәйлi жазып ән Қуанышым қазынам Қабағыңнан наз ұғам Таратайын халқыма Өзiң жәйлi жазып ән Қуанышым қазынам Қабағыңнан наз ұғам Таратайын халқыма Өзiң жәйлi жазып ән Қуанышым қазынам Қабағыңнан наз ұғам Таратайын халқыма Өзiң жәйлi жазып ән Жас күнiмнiң желегi Жаным жайсаң елегi Кейде сенi о,тоба Жұтып қойғым келедi Қуанышым қазынам Қабағыңнан наз ұғам Таратайын халқыма Өзiң жәйлi жазып ән
  • Сен бе күнім Періштесін бұйырса Пейіш бақтан бұйырады қайтып тұр Бұл дүниеде болып жатқан жайттарды Бәрін, бәрін жаратқанға айтып бер Кедейлерді мазақтап, күлгендерді Бай болса да зекетсіз жүргендерді Қу дүниені бақыт деп білгендерді Бәрін бәрін жаратқанға айтып бер Барлық адам бір-бірін қорғасын деп Барлық адам бір-бірін қолдасын деп Бар әлемде бейбітшілік орнасын деп Жарылқаушы жаратқанға айтып бер Сауда жасап сәбиін сатқандарды Арын сатып арам ақша тапқандарды Арам оймен аққа күйе жаққандарды Бәрін, бәрін жаратқанға айтып бер Бауырларын бауырына баспағанды Ата-анасын далаға тастағанды Ақ қағаздың құлы болған қасқалардың Бәрін, бәрін жаратқанға айтып бер Ешбір адам зұлымдыққа бармасын деп Ешбір сәби жетім болып қалмасын деп Жер бетінде қарттар үйі болмасын деп Жарылқаушы жаратқанға айтып бер Барлық адам бір-бірін қорғасын деп Барлық адам бір-бірін қолдасын деп Бар әлемде бейбітшілік орнасын деп Жарылқаушы жаратқанға айтып бер Сен бе күнім Періштесін бұйырса Пейіш бақтан бұйырады қайтып тұр Бұл дүниеде болып жатқан жайттарды Бәрін, бәрін жаратқанға айтып бер
  • Қолға алып күнді торланып тұрды көкте аспаным Қолыма қондың бақытты болдым сәтте қас қағым Жалғанда жалғыз көрген қуаныш шаттықтың бәрі Екеуміз көрген қиындықтардан тәтті емес жаным [Қайырмасы] Екеуміз күнім-ау тәтті сырларды сыр етейікші Екеуміз гүлім-ау жақсылықтарды жыр етейікші Екеуміз бір болсақ ала алмайтын қамал да болмас Екеуміз екі дүниеде де бір өтейікші Аман бол жаным шарықтап бағың, Бір сағат бір күн сезімнің құлпын жан қаштырмай ма Әлемдегі ең бақытты жанның барлық өмірін Екеуміз жүрген жарты сағатқа алмастырмаймын [Қайырмасы] Екеуміз күнім-ау тәтті сырларды сыр етейікші Екеуміз гүлім-ау жақсылықтарды жыр етейікші Екеуміз бір болсақ ала алмайтын қамал да болмас Екеуміз екі дүниеде де бір өтейікші жаным Бір өтейікші... Екеуміз екі дүниеде де бір өтейікші, бір өтейікші...
  • Бұл өмір сабырлы болғанды ұнатар, Сыны бар кей кезде қатігез, жылатар. Адалдық туын көтеріп жүргеніңмен, Жалғанда жан көп шалып сені құлатар. Уақыттың түсін, қайта айналып келмесін, Қайтару мүмкін емес тағдыр кемесін. Адам бо(лы)п өмір сүремін десең егер де, Алладан кейін өзіңе тек сенесің. Қайырмасы: Керемет жан санамай өзіңді босқа, Өзіңнен шыққан әрбір сөзіңді раста. Иілмес айналаңның бәрі сен үшін, Өзгерткің келсе бәрін, өзіңнен баста. Керемет жан санамай өзіңді босқа, Өзіңнен шыққан әрбір сөзіңді раста. Иілмес айналаңның бәрі сен үшін, Өзгерткің келсе бәрін, өзіңнен баста. Өмірде жүрме ешқашан тым тәкәппар, Алдыңда күтер қашанда көп сынақтар. Басыңа қонған бақ құсың бір күні ұшса, Жақыныңнан өзгенің бәрі жырақта. Арманыңның бағындыр биік белесін, Дәлелде, бәріне жақсыға теңесін. Өзгерткің келсе кенет жат мінезіңді, Өзіңді білгін, өзің ғана жеңесің. Қайырмасы: Керемет жан санамай өзіңді босқа, Өзіңнен шыққан әрбір сөзіңді раста. Иілмес айналаңның бәрі сен үшін, Өзгерткің келсе бәрін, өзіңнен баста. Керемет жан санамай өзіңді босқа, Өзіңнен шыққан әрбір сөзіңді раста. Иілмес айналаңның бәрі сен үшін, Өзгерткің келсе бәрін, өзіңнен баста. Қайырмасы: Керемет жан санамай өзіңді босқа, Өзіңнен шыққан әрбір сөзіңді раста. Иілмес айналаңның бәрі сен үшін, Өзгерткің келсе бәрін, өзіңнен баста. Түзу жолдан адаспай, көзіңді аш та, Амалың бар ма, сірә, төзімен басқа. Иілмес айналаңның бәрі сен үшін, Өзгерткің келсе бәрін, өзіңнен баста. Өзгерткің келсе бәрін, өзіңнен баста.
  • Өзіңмен өткен күндер кеше, Ойлағам сені түндер неше? Бізгеде бақыт жетер еді-ей, Қайтейін жаным үлгермесек. Кездескен сәттер кешке, Қоштасқан сәттер есте. Мәңгілік ұмытылмайды! [Қайырмасы] Өкінбеймін, өкінбеймін! Бақытты болам біл мұны. Бекін мейлі, өтінбеймін, Келші деп маған бір күні, өтінбеймін. Аяулы шақтың куәсі едің, Әр сәттің білдім мұң әсерін. Есейткен мені бұл өмірде-ей, Сезімің шығар сірә сенің. Күлгенде көзің мұңды, Жаныңда сезіндірді. Ол күндер қайта келмейді [Қайырмасы] Өкінбеймін, өкінбеймін! Бақытты болам біл мұны. Бекін мейлі, өтінбеймін, Келші деп маған бір күні, өтінбеймін. Күлгенде көзің мұңды, Жанымда сезіндірді. Ол күндер қайта келмейді [Қайырмасы] Өкінбеймін, өкінбеймін! Бақытты болам біл мұны. Бекін мейлі, өтінбеймін, Келші деп маған бір күні, өтінбеймін.2рет
  • Тындама мүмкіндік болса менің әнімді, әнімді Туынңаны түсінер осы сәтті қандай жанында Қалмашы жолымнан қош ...... шегілме егілме Келмейдау қолыма ештеңе де сенің де менің де [Қайырмасы] Біреу келер сезім отың жағып кеттін, бір келіп Қиын күйде салып кеттін бір келіп Жұлдыз болып ағып кеттін көзі..... ай! Біреу келер сырларымды танып кеттін бұл келе Жанар таудай жанып кеттім бір келіп Жүрегімді алып кеттін бір өзімнен Сен үшін ғашық болып нұрын сүйдім көктемдегі, көктемдегі Сен үшін салқыны қара күздей жек көрдім Арада қымыл бар алынбайды шалғандай алданба Тым жақын адам бар сағынбайды сөйлейді тынымай [Қайырмасы] Біреу келер сезім отың жағып кеттін, бір келіп Қиын күйде салып кеттін бір келіп Жұлдыз болып ағып кеттін көзі..... ай! Біреу келер сырларымды танып кеттін бұл келе Жанар таудай жанып кеттім бір келіп Жүрегімді алып кеттін бір өзімнен
  • Шалықтағанда жайықтай кеуді Тербелеуші едік қайықтай гүлде Баріне өзін қінәләсін деп Жанымау мені айыптай берме Бұл тағдыр бізді жулдырлағанда Тек журегінде орнын калған ба Куй кешіп турам куйіп кетердей Сол сатте бізге кол булғағандай Сен едін менін көрікті ләйлім Куанышымды женіпті кайғым Мажнуннін суйген махаббатымдай жаркыным менде сені умытпаймын Жазылмай жүрек жарасыз жырдан Жастағым өтіп барасын жылдам Қоштасып тұрып өзінді корген Көзінін молдір карашығынан Айрылдым канша мумкіндіктерден Шығасын мнын мумкіндік бекен? Кайтадан енді ашалмаймыз-ау Өткен кундердін кулпылды өткенін
  • Жол – жетелейді арман мен мұраттарға, Жол – жауап жоқ алады сұрақтарға. Сен адастырма, арманым, жол бастаған, Үйреттің өмір сырын алғаш маған. Сен – қиялы құсым сапарға алып ұшқан, Сен – арман ару, жаралған сағыныштан. Сен – жас дәуренім, жүзіндей ақ алмастың, Мөп-мөлдір кәусарыңа қана алмаспын. Сен – арман-қиял, жетелеп жас күнімді. Сен – ұрлап алып кетпеші жастығымды. Сен – қол жетпейтін тұратын сағымнансың, Жолдарда жүріп өткен әнім қалсын
  • Күңіренген күз де, Ұқсап тұрғандай бізге, Махаббаттың гүлі, Солып қалды ғой түзде. Ренжімеші күзге, Сен үмітіңді үзбе. Жүрегіңді тыңда, Шын бақытыңды ізде. қайырмасы: Жылама жаным, Кінәламағын Тағдырыңды сенің мұңды еткен. Жылама жаным, Атады таңың, Сенің де келер бір көктемің. 2. Өкпелейсің кімге, Қосылмас ай мен күн де. Мәңгі бірге болу, Жазылды дейсің кімге. Мен кетермін жырақ, Тамшы-мұң болып құлап, Күзгі жаңбырменен Келіп тұрармын бірақ.
  • Неліктен жаным жолықтың маған өмірдің жолында жүрегім сен деп соғып тынбаған мазасыз болуда бірақ өзгенің ол қолында өтеді көктем өтеді күз жүрекке салып кетеді із мен сені сүйем жаным бірақ қосыла алмаймыз біз екеуіміз өткізбес бізді қиял өткелі көргенмін ойланып ұшарсың сен де кіналап мені аққуға айналып қалармын тағдырға байланып өтеді көктем өтеді күз жүрекке салып кетеді із мен сені сүйем жаным бірақ қосыла алмаймыз біз екеуіміз
  • Көздеріңе сүйсінер сән керек Ерініңнің қалауы бар сәл бөлек Ал жүрекке бір жақын жан керек Күтіп сүйіп ұнататын Жараланған кездерде жұбататын Шыңдығын айтса, жылататын Сұратпай-ақ кешірім кешіретін Жігер күшіңді сынататын Қайырмасы: Жүрекке керек екенсің, Бәрінен ерек екенсің, Түнекке төгеді екенсің Балауыз күлкіңмен жарықты. Жүрекке керек екенсің, Жанға нұр береді екенсің. Білмеймін сене ме екенсің, Өзіңсіз өмір де қауіпті. Сенен асқан табамын бақ қандай? Сәл мұңайсаң жер бетін түн жапқандай Тас болып маған тиіп жатқандай Тамшы түссе көздеріңнен Іздемедім бақытты өзгеден мен Сырымды сезсең сөздерімнен Жаңа жолдан бастадым өмірімді Саған жолыққан кездерімнен Қайырмасы: Жүрекке керек екенсің, Бәрінен ерек екенсің. Түнекке төгеді екенсің Балауыз күлкіңмен жарықты. Жүрекке керек екенсің, Жанға нұр береді екенсің, Білмеймін сене ме екенсің, Өзіңсіз өмір де қауіпті.
  • Сұлу сенің бейнеңе, Жарасады жымиғаның. Сұлуым-ау үйге де, Жылу сыйлап тұр иманың… [Қайырмасы] Сұлу*3 әдемім Сұлулықтың сенсің дәлелі Сұлу*3 әдемім*2 Сұлулыққа ғашық жан едім. Сұлу сенің жанарың, Жарасымды киінгенің. Сұлу етер маралым, Анама келіп иілгенің. [Қайырмасы] Сұлу*3 әдемім*2 Сұлулықтың сенсің дәлелі Сұлу*3 әдемім*2 Сұлулыққа ғашық жан едім.