Казахский переводчик

Гадилбек Жанай.
 Слушать песни исполнителя и скачать онлайн

Группа вконтакте

Исполнители

Все казахские исполнители

Гадилбек Жанай

00:00/00:00
  • Бұл өмір сабырлы болғанды ұнатар, Сыны бар кей кезде қатігез, жылатар. Адалдық туын көтеріп жүргеніңмен, Жалғанда жан көп шалып сені құлатар. Уақыттың түсін, қайта айналып келмесін, Қайтару мүмкін емес тағдыр кемесін. Адам бо(лы)п өмір сүремін десең егер де, Алладан кейін өзіңе тек сенесің. Қайырмасы: Керемет жан санамай өзіңді босқа, Өзіңнен шыққан әрбір сөзіңді раста. Иілмес айналаңның бәрі сен үшін, Өзгерткің келсе бәрін, өзіңнен баста. Керемет жан санамай өзіңді босқа, Өзіңнен шыққан әрбір сөзіңді раста. Иілмес айналаңның бәрі сен үшін, Өзгерткің келсе бәрін, өзіңнен баста. Өмірде жүрме ешқашан тым тәкәппар, Алдыңда күтер қашанда көп сынақтар. Басыңа қонған бақ құсың бір күні ұшса, Жақыныңнан өзгенің бәрі жырақта. Арманыңның бағындыр биік белесін, Дәлелде, бәріне жақсыға теңесін. Өзгерткің келсе кенет жат мінезіңді, Өзіңді білгін, өзің ғана жеңесің. Қайырмасы: Керемет жан санамай өзіңді босқа, Өзіңнен шыққан әрбір сөзіңді раста. Иілмес айналаңның бәрі сен үшін, Өзгерткің келсе бәрін, өзіңнен баста. Керемет жан санамай өзіңді босқа, Өзіңнен шыққан әрбір сөзіңді раста. Иілмес айналаңның бәрі сен үшін, Өзгерткің келсе бәрін, өзіңнен баста. Қайырмасы: Керемет жан санамай өзіңді босқа, Өзіңнен шыққан әрбір сөзіңді раста. Иілмес айналаңның бәрі сен үшін, Өзгерткің келсе бәрін, өзіңнен баста. Түзу жолдан адаспай, көзіңді аш та, Амалың бар ма, сірә, төзімен басқа. Иілмес айналаңның бәрі сен үшін, Өзгерткің келсе бәрін, өзіңнен баста. Өзгерткің келсе бәрін, өзіңнен баста.
  • Неліктен жаным жолықтың маған өмірдің жолында жүрегім сен деп соғып тынбаған мазасыз болуда бірақ өзгенің ол қолында өтеді көктем өтеді күз жүрекке салып кетеді із мен сені сүйем жаным бірақ қосыла алмаймыз біз екеуіміз өткізбес бізді қиял өткелі көргенмін ойланып ұшарсың сен де кіналап мені аққуға айналып қалармын тағдырға байланып өтеді көктем өтеді күз жүрекке салып кетеді із мен сені сүйем жаным бірақ қосыла алмаймыз біз екеуіміз
  • Арманым алауына мас боп алдандым Арбалдым, сонда да мен биік самғармын Мөп-мөлдір жанарымда жас боп қалғанмын Жүрегіммен бақ тілеп тұрып саған Маған қалдыр жалғанның мұңын Мен сыйлайын арманның гүлін саған Өткен күннің бар жүгін артып Қала берем ән-жырымды айтып саған Шын құзға биігіне шығып самғардың Жұлдызға жүрегімді соғып жырғанмын Күйдіріп қанатымды отқа салғанмын Жүрегіммен бақ тілеп тұрып саған Маған қалдыр жалғанның мұңын Мен сыйлайын арманның гүлін саған Өткен күннің бар жүгін артып Қала берем ән-жырымды айтып саған [x2] Кетпесе де тағдырым жалығып Жеткіземін жан сырын қайтіп саған Махаббатым адал боп тұрар Өртенсем де обал жоқ шығар маған
  • Тындама мүмкіндік болса менің әнімді, әнімді Туынңаны түсінер осы сәтті қандай жанында Қалмашы жолымнан қош ...... шегілме егілме Келмейдау қолыма ештеңе де сенің де менің де [Қайырмасы] Біреу келер сезім отың жағып кеттін, бір келіп Қиын күйде салып кеттін бір келіп Жұлдыз болып ағып кеттін көзі..... ай! Біреу келер сырларымды танып кеттін бұл келе Жанар таудай жанып кеттім бір келіп Жүрегімді алып кеттін бір өзімнен Сен үшін ғашық болып нұрын сүйдім көктемдегі, көктемдегі Сен үшін салқыны қара күздей жек көрдім Арада қымыл бар алынбайды шалғандай алданба Тым жақын адам бар сағынбайды сөйлейді тынымай [Қайырмасы] Біреу келер сезім отың жағып кеттін, бір келіп Қиын күйде салып кеттін бір келіп Жұлдыз болып ағып кеттін көзі..... ай! Біреу келер сырларымды танып кеттін бұл келе Жанар таудай жанып кеттім бір келіп Жүрегімді алып кеттін бір өзімнен
  • Неліктен жаным жолықтың маған Өмірдің жолында Жүрегім сен деп соғып тынбаған Мазасыз болуда Бірақ өзгенің ол қолында Қайырмасы: Өтеді көктем өтеді күз Жүрекке салып кетеді із Мен сені сүйем жаным бірақ Қосыла алмаймыз біз екеуіміз Өткізбес бізді қиял өткелі Көргенмін ойланып Ұшарсың сен де кіналап мені Аққуға айналып Қалармын тағдырға байланып Қайырмасы: Өтеді көктем өтеді күз Жүрекке салып кетеді із Мен сені сүйем жаным бірақ Қосыла алмаймыз біз екеуіміз
  • Айналайын анамның жүрегінен Көздерінің нұрынан күн еріген Айналайын əкемнің ақылынан Қаруланған қайраты мен жігерінен Қайырмасы Қазағымның айналдым даласынан Даласының айналдым қаласынан Қаласының айналдым баласынан Баласының айналдым санасынан Бір қазаққа бір қазақ айнадай Айнадағы бейнеңе сай болайын Əр қазақтың баласы жалғызым деп Сабырадай секілді айналайын Қайырмасы Қазағымның айналдым баласынан Даласының айналдым қаласынан Қаласының айналдым баласынан Баласының айналдым санасынан
  • Күндер қайда кешегі өткен, Нұрға бөлеп таңымды. Жаным неге, не себептен, Тағдыр жолы тарылды? Келсе-дағы неше көктем, Гүлге орамас бағымды. Мұңға айналған осы елеспен, Жұбатамын жанымды. [Қайырмасы] Өзге жанның қолындағы Мен ұнатқан гүлсің бе? Мөлдір мұңды жаныңдағы Мендей ұғып білсін бе? Сол сезімді, сол әнімді Есте сақтап жүрсің бе? Өткінші өмір оның бәрі Күрсінбе сен, күрсінбе. Сен де мені сағындың ба Шыныңды айтшы шырайлым? Тағдырыңа бағындың ба Бақытты боп мұңайдың. Сені аңсаудан арылдым ба мені қойшы, шыдаймын. Бөленсе деп жаның нұрға Бақытыңды сұраймын. Енди конырау согылмайды бизге, Енди ол кундер оралмайды мулде. Бакытты балдаурен сыйлаган бизге, Кош бол енди мектеп, Енди конырау согылмайды бизге, Енди ол кундер оралмайды мулде. Бакытты балдаурен сыйлаган бизге, Кош бол енди мектеп, Кош бол мектеп. [Қайырмасы] Ерекше сезімін, нұрын төк сейілі Жүрегім сезімнің сырын шерт сейілі Осылай маған күлім келсең еді, еркешім (2х) Жаным, ол менің жаным...
  • Сұлу сенің бейнеңе, Жарасады жымиғаның. Сұлуым-ау үйге де, Жылу сыйлап тұр иманың… [Қайырмасы] Сұлу*3 әдемім Сұлулықтың сенсің дәлелі Сұлу*3 әдемім*2 Сұлулыққа ғашық жан едім. Сұлу сенің жанарың, Жарасымды киінгенің. Сұлу етер маралым, Анама келіп иілгенің. [Қайырмасы] Сұлу*3 әдемім*2 Сұлулықтың сенсің дәлелі Сұлу*3 әдемім*2 Сұлулыққа ғашық жан едім.
  • Қалдырып махаббат қаласын Сен бүгін аттанып барасын Сондықтан жүректің жарасын Қозғама, қозғама. Түсінем, білемін, көнемін Кемелді жолынды бөгеймін Ұмытпай жүрем сені дегенің Сөз ғана, сөз ғана. Бар, бақытына бар Жаратқаның болсын жар Бір саған құсым Бар, бақытына бар Бұл бақыттың жолы тар Үш адам үшін мейлі Босатып жүректің сарайын Өзіңе бақ тілеп қалайын Өткенді өкініп алайын Есіме, есіме Жоғалды бұл әннің жалғасы Көңілге тым ауыр алмашы Қош енді сапарынннан қалмашы Осымен, осымен Бар, бақытына бар Жаратқаның болсын жар Бір саған құсым Бар, бақытына бар Бұл бақыттың жолы тар үш адам үшін бар енді
  • Тәңір берер төзгенге Ұмытпа және өзгерме Не табасың ал маған кінә артып Ештеңе жоқ қулығымыздан артық Көңіл сарайын ашатын Шаршағаныңды басатын Не бар айтшы тату отырып Әңгімемен ішкен сол бір шәугім шайдан артық Қайырмасы Ұмыт ұмыт өкпе назды Бекер бекер кетті ау аз күн Ұмыт бәрін ұмыт бәрін Кел,кел шай ішейік Сенде де бар мінез менде де бар мінез Тек тауысып сөз құймағына Не жетер өзің бір кесе шай құйғанына Көңіл сарайын ашатын Шаршағаныңды басатын Не бар айтшы тату отырып Әңгімемен ішкен сол бір шәугім шайдан артық Қайырмасы Ұмыт ұмыт өкпе назды Бекер бекер кетті ау аз күн Ұмыт бәрін ұмыт бәрін Кел,кел шай ішейік
  • Бастауы асқақ арманның Нәзігім күнге теңдес Біз жайлы басқа жандардың Білуі міндет емес [Қайырмасы] Армандаумен кезігуді Ұмытатын көз ілуді Өзің ғана біліп жүрші Саған деген сезімімді Сезім заңы қатал-ақ тым Сынына төзу бір күш Құпиясын махаббаттың Ашудың өзі қылмыс [Қайырмасы] Армандаумен кезігуді Ұмытатын көз ілуді Өзің ғана біліп жүрші Саған деген сезімімді Жасырдық шын сырымызды Терең, тереңіне Сүйеміз бір-бірімізді Басқаның керегі не [Қайырмасы] Армандаумен кезігуді Ұмытатын көз ілуді Өзің ғана біліп жүрші Саған деген сезімімді
  • Бағынба, жүрегім, бағынба, Мазасыз түндерім, басталды тағы да, оу, тағы да. Мен сені ұмытқам бұрында, Көрмеймін азабын, түспеймін торыңа, оу, торыңа… Қайырмасы: Сол бір сезім қайта келмес, Мүмкін емес, мүмкін емес. Мәңгілікке қалатын елес… Өтпелі кезең бұл, алданба, Бақытқа бөлеген сезім ғой, таңданба, оу, таңданба. Мен сені жіберем жолыңа, Өзім де кетермін, қарама артыңа… Қайырмасы: Сол бір сезім қайта келмес, Мүмкін емес, мүмкін емес. Мәңгілікке қалатын елес…
  • Күңіренген күз де, Ұқсап тұрғандай бізге. Махаббаттың гүлі Солып қалды ғой түзде. Ренжімеші күзге, Сен үмітіңді үзбе, Жүрегіңді тыңып, Шын бақытыңды ізде. Қайырмасы: Жылама жаным, (Продолжить) Кінәламағың, Тағдырыңның сенімұңды еткенін. Жылама жаным, Атады таңың, Сенің де келер бір көктемің. Өкпелейсің кімге, Қосылмаса ай мен күнде, Мәңгі бірге болу, Жазылды дейсің кімге, Мен кетермін жырақ, Тамшы мұң болып құлап, Күзгі жаңбырменен, Келіп тұрармын бірақ. Қайырмасы: Жылама жаным, Кінәламадым, Тағдырымның сенімұңды еткенін. Жылама жаным, Атады таңың, Сенің де келер бір көктемің.
  • котерилмей жургенде енсем менин армандадым озинди корсем дедим биреу маган алыстан колын созган колын созган камкоршым сол сенбедин тангы шыктай ашылып сезимдерим узак танда уйктай алмай коз илмедим сонда менин биреуге алдилеген алдилеген сабиым озин бе един серигинен жанылып елигим ен жалгызсырап кей кейде журемин мен бари сонда жадымнан шыкпайтугын жаны бирге менимен серигим ен кысылтаян саттерде саган келдим жасырмай ак калимди жаман дедим муныменен сырыма ортак болган адам бедин аяулы панам менин суйгеним котерилген енсем бедин армандадым озинди корсем дедим бакытты издеп журмедим сол сенбедин арманым жок алдында журсем сенин
  • Аққудай аруымай нәзігім сұлуым-ай Әппақ жүзіне жарасқан еркетай қылығын-ай Жанды жылытып мұздаттын жүрегімді сыздатын Қалайша менің көңіліме жол таптын қайырмасы: Қылықтым-ау қылықтым Бақытыма жолықтым Жүрегімді жаулаған Сиқыры сұлулықтың Қылықтым-ау қылықтым Бақытыма жолықтым Жүрегімді жаулаған Сиқыры сұлулықтың Бір өзіңе жарығым-ай қанша жүрдім жолыға алмай Жердің жүзін сан айналып сендей бақыт таба алмай Таңдауым сені іздегенім бұндай жалын сезбеп едім Ғашық қылды ғой мені мына көздерің қайырмасы: Қылықтым-ау қылықтым Бақытыма жолықтым Жүрегімді жаулаған Сиқыры сұлулықтың Қылықтым-ау қылықтым Бақытыма жолықтым Жүрегімді жаулаған Сиқыры сұлулықтың
  • Көзіңнің мөлдірін-ай Сөзіңнің тәттісін-ай Тәттім, шекерім Әдемі күлгеніңе Еркеліп жүргеніңе-ай Еріп кетемін Тәтті-тәтті сөздерің балдай Маған деген пәк сезім қандай Сезімің бар болса Бар ойың ар болса Қолымнан ұстап ал Айрылып қалмай Сезімің бар болса Бар ойың ар болса Қолымнан ұстап ал Айрылып қалмай Өмірім күз деп едім Өзің ғой іздегенім Өзіме лайық Бақытты болашаққа Жалғыз боп дара шаппай Бірге барайық Тәтті-тәтті сөздерің балдай Маған деген пәк сезім қандай Сезімің бар болса Бар ойың ар болса Қолымнан ұстап ал Айрылып қалмай Бар ойың ар болса Сезімің бар болса Қолымнан ұстап ал Айрылып қалмай Сезімің бар болса Бар ойың ар болса Қолымнан ұстап ал Айрылып қалмай Сезімің бар болса Бар ойың ар болса Қолымнан ұстап ал Айрылып қалмай
  • Сарғайған мұңды күзге Суынды от кеуде. Сені әлі жүрмін іздеп, Сене алмай сен жоқ деуге. Еліктірген ерке едің сен, жаным, Өртедің сен жүрегімді. Сол көктемнің көркі едің сен, бағым, Күзге айналдың енді. Қайырмасы: Сен үшін жаралдым, жаным, дегем Сен үшін адалмын, арым, дегем, Сен үшін ғаламның бәрін берем, Сен үшін, Сен үшін. Тербеткен тәтті мұңмен Бұл күзге өкпем жоқ. Қауышып шат күніңмен Келші, еркем, көктем болып. Еліктірген ерке едің сен, жаным, Өртедің сен жүрегімді. Сол көктемнің көркі едің сен, бағым, Күзге айналдың енді. Қайырмасы: Сен үшін жаралдым, жаным, дегем Сен үшін адалмын, арым, дегем, Сен үшін ғаламның бәрін берем, Сен үшін, Сен үшін. Сен үшін жаралдым, жаным, дегем Сен үшін адалмын, арым, дегем, Сен үшін ғаламның бәрін берем, Сен үшін, Сен үшін. Сен үшін... Сен үшін жаралдым, жаным, дегем Сен үшін адалмын, арым, дегем, Сен үшін ғаламның бәрін берем. Сен үшін, Сен үшін. Сен үшін жаралдым, жаным, дегем Сен үшін адалмын, арым, дегем, Сен үшін ғаламның бәрін берем. Сен үшін, Сен үшін. Бәрі де сен үшін...
  • Бөлісетін бар жүгінді Тағдыр тайғақ кешкенде Түсінетін бар мұңынды Достай болмас ешкімде Жылы сөзді жабыққанда Жүрегімді емдершім Өмір сынақ танытқанда Табылатын сендерсін [Қайырмасы] Достарым-ай достарым достарым Ашық болсын әрдайым аспанын Аман жүрейік Бірге достарым Достарым-ай достарым достарым Ашық болсын әрдайым аспанын Аман жүрейік Бірге достарым Досында дос жәй күндерде Жауында дос расында Түсер болса қайғың белге Шын дос қалар қасында Бұл өмірдің белесінде Достық атты бір шын бар Сол бір шынның төбесінде Сендер ғана тұрсындар [Қайырмасы] Достарым-ай достарым достарым Ашық болсын әрдайым аспанын Аман жүрейік Бірге достарым Достарым-ай достарым достарым Ашық болсын әрдайым аспанын Аман жүрейік Бірге достарым
  • Сен ғана маған лайық Болмашы көзден ғайып Бір жүріп бұл өмірде Бақытты бағалайық Тұрғысы жұмақтағы Жүрегін сәл ақтарды Әдемі айдай жүзін Тым қатты ұнап қалды Қайырмасы: Қызыл гүл қызғалдағым Асылым ізгі арманым Өзіңді өзге түгіл Өзімнен қызғанамын Қолымнан ұшырмағым Серік бол құсым маған Сүйемін десем саған Ұялдын қысылғаннан Өзіңсін әппақ арман Көңілге сақтап алған Керімсін ерке сұлу Жарымсын ақ маралдай Қайырмасы: Қызыл гүл қызғалдағым Асылым ізгі арманым Өзіңді өзге түгіл Өзімнен қызғанамын Қайырмасы: Қызыл гүл қызғалдағым Асылым ізгі арманым Өзіңді өзге түгіл Өзімнен қызғанамын Қызыл гүл қызғалдағым Асылым ізгі арманым Өзіңді өзге түгіл Өзімнен қызғанамын Қызыл гүл қызғалдағым Асылым ізгі арманым Өзіңді өзге түгіл Өзімнен қызғанамын Қызыл гүл қызғалдағым Асылым ізгі арманым Өзіңді өзге түгіл Өзімнен қызғанамын Өзіңді өзге түгіл Өзімнен қызғанамын
  • Қошақаным ботақаным құлыным Балапаным балдай тәтті қылығың Жартқанның сынағы мен сыйлығы Салиқалы болсын сенің ғұмырын Қайырмасы Балам Балам балам балам балам Өнеге үлгін мен болам Қолдасын сені Аллам Балам Балам балам балам балам Барымды берем мен саған Қорғаушың болсын Аллам Бабалардай даналардай ұлы бол Тек алдыннан ашылса екен ұлы жол Халқым сүйген перзенттердің бірі бол Жаратқанның ең сүйікті құлы бол Қайырмасы Балам Балам балам балам балам Өнеге үлгін мен болам Қолдасын сені Аллам Балам Балам балам балам балам Барымды берем мен саған Қорғаушың болсын Аллам Атың шыққан әр үйінде ұлын болсын Аты шықпас инабатты қызын болсын Ата-анаға тілегім сол Ел алдында жарқыраған жүз болсын Қайырмасы Балам Балам балам балам балам Өнеге үлгін мен болам Қолдасын сені Аллам Балам Балам балам балам балам Барымды берем мен саған Қорғаушың болсын Аллам Балам Балам балам балам балам Өнеге үлгін мен болам Қолдасын сені Аллам Балам Балам балам балам балам Барымды берем мен саған Қорғаушың болсын Аллам
  • Сен сүйем деген күндердің бәрі де жалған, Айналды күзге - жаз үміт болған Мен сүйем деген түндердің әні де арман Сағыныш болып мәңгілік жазылып қалған. Сағындым демеші. Жоғалған бақтың елесі. Жаралаған мені мұң жебесі. Сағындым демеші. Күйреді сезім кемесі. Жүректі жұбатар, Күндер елесі. Таусылып жасың жанардан сызылтып төгер, Жаңа бір ғұмыр ертең бастарсың ! Мен бір хат жазсам өзіңе үздігіп егер, Сен оны жаным оқымай, жыртып тастарсың !
  • Аңсаған бақытым сияқтанып, Ай туып келеді қияқтанып, Жол жаққа қараймын, Сен жоқсын, арайлым. Кешікпей келем деп ең, Мен тұрмын елеңдеумен. Жол жаққа қараймын, Сен жоқсын, арайлым. Кешікпей келем деп ең, Мен тұрмын елеңдеумен. Қайтемін кінәләп бұған сені, Сағатың алдаған шығар сені, Нұр ойнап көзіңде, Уәделі кезіңде. Кешікпей келем деп ең, Мен тұрмын елеңдеумен. Нұр ойнап көзіңде, Уәделі кезіңде. Кешікпей келем деп ең, Мен тұрмын елеңдеумен. Жол жаққа қараймын, Сен жоқсын, арайлым. Кешікпей келем деп ең, Мен тұрмын елеңдеумен. Жол жаққа қараймын, Сен жоқсын, арайлым. Кешікпей келем деп ең, Мен тұрмын елеңдеумен. Кешікпей келем деп ең, Мен тұрмын елеңдеумен.
  • Сыйлаған жүрегіме жалын Ойлайтын жанұямның қамын Қазақтың қызы сендей болсын Ибалы менің адал жарым Бойыннан бар жақсылық табам Ғұмырлы болсын ата анан Үлгілі тәрбиесін беріп Сыйлаған сендей қызын маған Қайырмасы: Сапарға кетсем сағынған Мұң айтсам лезде табылған Бұрынғы ақ арманым, Бүгінгі адал жарым Отағасы деп бағынған Сапарға кетсем сағынған Мұң айтсам лезде табылған Бұрынғы ақ арманым, Бүгінгі адал жарым Отағасы деп бағынған Жүректің таусылғанша демі, Бағыма балап өтем сені Жаралған жандай көрем еркем Бақытты қылу үшін мені Қайырмасы: Сапарға кетсем сағынған Мұң айтсам лезде табылған Бұрынғы ақ арманым, Бүгінгі адал жарым Отағасы деп бағынған Сапарға кетсем сағынған Мұң айтсам лезде табылған Бұрынғы ақ арманым, Бүгінгі адал жарым Отағасы деп бағынған
  • Мақтаған елдің қызы жақтаған, мен ханзадаң Іш жұртының сенімін ақтаған, мен ханзадаң Жанымда жүр ханшайым тәтті адам, мен ханзадаң Жүрекпен сүймей жүзік тақпаған, мен ханзадаң Қайырмасы: Мен мен ханзадаңмын биік көр мені Сен жаратқанның сый қып бергені Қосылған біздер кейіпкерлері ертегенің Ана жұмақ, әкені хан деген, мен ханзадаң Бес күнді құлшылықпен сәндеген, мен ханзадаң Жұптасқан орамалды жанменен, мен ханзадаң Жанына сырын айтар әнменен, мен ханзадаң Қайырмасы: Мен мен ханзадаңмын биік көр мені Сен жаратқанның сый қып бергені Қосылған біздер кейіпкерлері ертегенің
  • Қадірле ата анаңды тірісінде Бірін бақ бірін байлық ырысым де Алдында ата ананың бағаланбас Алтында гауһар жауһар күмісіңде Анаңды аялай біл ақ сүт берген Төрт бөліп тəтті ұйқысын түн ішінде Əкеден қарғыс емес алғыс алсын Жұмақтың жүрем десе күмішінде. Байлап бақ атанаңды жынды болса Бұл нақыл үлге қыз бен ұл үшінде Себебі дайын олар о бастанақ Бала деп отқа түсіп у ішуге Термелеп сөз айтайын саналыға Бұрынғы өлмесін деп баба мұра. Абайла ата анаңыз налымасын Қарайла қайғы алмасын қабағына. Ұрпаққа ұлағатты болғың келсе Сыйлағын əкеніде ананыда Атаңа не жасасаң алдыңа сол Келеді деген мəтел бағалы да. Аялап алақанға сап өтпесең Жəннəттің иісі бармас танауыңа Ғаламның ғаламатын жиып терсең Ананың татымайды ау табанына Жамағат жақсы білер жұма барған Өмірде артық жан жоқ ұлы анаңнан Анаңды сыйла деген пайғамбарда Қолына қасиетті құран алған. Тіріңде төбеңізге көтеріп жүр Шуақ боп шапағаты шығар алдан Жатыр ғой күні біткен күнде кетіп Құтылмас ешкім қашып сұм ажалдан. Сан соғып қалмағайсың асылдарды Басынан көшкен шақта мына жалған Орны ойсыраған тола қоймас Жеті күн жер бауырлап жылағаннан. Өсиет айтам жайсаң жамағатқа Керегін алар əркім саралапта Қараусыз қалдырып жүр ата анасын Кейбіреу жеткеннен соң балиғатқа. Күнəсін құдай оның кешер мекен Қалған соң надан дейтін жаман атқа. Əлпештепте жүргендер бар ата анасын Қайтейін қара шенді қаралы апта. Солардың барлығына тəубе деймін Бақыттың басы дəйім қанағатта Ағайын ата ананы ардақтайық Сай болып адам деген саналы атқа.
  • Көздеріңе сүйсінер сән керек Ерініңнің қалауы бар сәл бөлек Ал жүрекке бір жақын жан керек Күтіп сүйіп ұнататын Жараланған кездерде жұбататын Шыңдығын айтса, жылататын Сұратпай-ақ кешірім кешіретін Жігер күшіңді сынататын Қайырмасы: Жүрекке керек екенсің, Бәрінен ерек екенсің, Түнекке төгеді екенсің Балауыз күлкіңмен жарықты. Жүрекке керек екенсің, Жанға нұр береді екенсің. Білмеймін сене ме екенсің, Өзіңсіз өмір де қауіпті. Сенен асқан табамын бақ қандай? Сәл мұңайсаң жер бетін түн жапқандай Тас болып маған тиіп жатқандай Тамшы түссе көздеріңнен Іздемедім бақытты өзгеден мен Сырымды сезсең сөздерімнен Жаңа жолдан бастадым өмірімді Саған жолыққан кездерімнен Қайырмасы: Жүрекке керек екенсің, Бәрінен ерек екенсің. Түнекке төгеді екенсің Балауыз күлкіңмен жарықты. Жүрекке керек екенсің, Жанға нұр береді екенсің, Білмеймін сене ме екенсің, Өзіңсіз өмір де қауіпті.
  • Бірде жанып шоқтай, Бірде сөнеміз. Бірде құлдай момын, Бірде төреміз. Бүгін досты ертең Дұшпан көреміз. Өзгереміз осы, Күнде неге біз? Қайырмасы: Өтеді өтпелі замандар, Бәріңнің де бір-бір налаң бар. Жүректің айнасын кірлетпей, Адал болайықшы адамдар. Өтеді өтпелі замандар, Бәріңнің де бір-бір налаң бар. Жүректің айнасын кірлетпей, Адал болайықшы адамдар. Жақынымыз өссе, Ұната алмаймыз. Қолдан келсе жардан Құлатардаймыз. Тәкәппар болуды Тура таңдаймыз. Жылатамыз бірақ Жұбата алмаймыз. Қайырмасы: Өтеді өтпелі замандар, Бәріңнің де бір-бір налаң бар. Жүректің айнасын кірлетпей, Адал болайықшы адамдар. Өтеді өтпелі замандар, Бәріңнің де бір-бір налаң бар. Жүректің айнасын кірлетпей, Адал болайықшы адамдар. Қайырмасы: Өтеді өтпелі замандар, Бәріңнің де бір-бір налаң бар. Жүректің айнасын кірлетпей, Адал болайықшы адамдар. Өтеді өтпелі замандар, Бәріңнің де бір-бір налаң бар. Жүректің айнасын кірлетпей, Адал болайықшы адамдар.
  • Қырсығасың неге қызықсың сенде Еркелесең жеңесің Көрсетпейік өзге жанашыр көзге не болды екен демесін Ай мен сен едім сен мен едің ғой Мен қуансам күлгенің Мен жағамын сен жең едің ғой Толықтырған бір бірін Қайырмасы; Айналайын,айналайын бір өзіңнен айналайын Қорғаған қолдаған қабырғамдай болмаған Айналайын,айналайын бір өзіңнен айналайын Болмаған сол жаман маған көңілің толмаған Күндерің күмән түндерің тұман Жаңыласың сенде сүрінемін менде Тек мойындау жетпейді Кешірімді болу кешіре беру бізге көптік етпейді Ай мен сен едім сен мен едің ғой Мен қуансам күлгенің Мен жағамын сен жең едің ғой Толықтырған бір бірін Қайырмасы; Айналайын,айналайын бір өзіңнен айналайын Қорғаған қолдаған қабырғамдай болмаған Айналайын,айналайын бір өзіңнен айналайын Болмаған сол жаман маған көңілің толмаған
  • Өзіңмен өткен күндер кеше, Ойлағам сені түндер неше? Бізгеде бақыт жетер еді-ей, Қайтейін жаным үлгермесек. Кездескен сәттер кешке, Қоштасқан сәттер есте. Мәңгілік ұмытылмайды! [Қайырмасы] Өкінбеймін, өкінбеймін! Бақытты болам біл мұны. Бекін мейлі, өтінбеймін, Келші деп маған бір күні, өтінбеймін. Аяулы шақтың куәсі едің, Әр сәттің білдім мұң әсерін. Есейткен мені бұл өмірде-ей, Сезімің шығар сірә сенің. Күлгенде көзің мұңды, Жаныңда сезіндірді. Ол күндер қайта келмейді [Қайырмасы] Өкінбеймін, өкінбеймін! Бақытты болам біл мұны. Бекін мейлі, өтінбеймін, Келші деп маған бір күні, өтінбеймін. Күлгенде көзің мұңды, Жанымда сезіндірді. Ол күндер қайта келмейді [Қайырмасы] Өкінбеймін, өкінбеймін! Бақытты болам біл мұны. Бекін мейлі, өтінбеймін, Келші деп маған бір күні, өтінбеймін.2рет
  • Сен бе күнім Періштесін бұйырса Пейіш бақтан бұйырады қайтып тұр Бұл дүниеде болып жатқан жайттарды Бәрін, бәрін жаратқанға айтып бер Кедейлерді мазақтап, күлгендерді Бай болса да зекетсіз жүргендерді Қу дүниені бақыт деп білгендерді Бәрін бәрін жаратқанға айтып бер Барлық адам бір-бірін қорғасын деп Барлық адам бір-бірін қолдасын деп Бар әлемде бейбітшілік орнасын деп Жарылқаушы жаратқанға айтып бер Сауда жасап сәбиін сатқандарды Арын сатып арам ақша тапқандарды Арам оймен аққа күйе жаққандарды Бәрін, бәрін жаратқанға айтып бер Бауырларын бауырына баспағанды Ата-анасын далаға тастағанды Ақ қағаздың құлы болған қасқалардың Бәрін, бәрін жаратқанға айтып бер Ешбір адам зұлымдыққа бармасын деп Ешбір сәби жетім болып қалмасын деп Жер бетінде қарттар үйі болмасын деп Жарылқаушы жаратқанға айтып бер Барлық адам бір-бірін қорғасын деп Барлық адам бір-бірін қолдасын деп Бар әлемде бейбітшілік орнасын деп Жарылқаушы жаратқанға айтып бер Сен бе күнім Періштесін бұйырса Пейіш бақтан бұйырады қайтып тұр Бұл дүниеде болып жатқан жайттарды Бәрін, бәрін жаратқанға айтып бер