Казахские песни

Группа вконтакте

Исполнители

Добавить
Все татарские исполнители
  • Не дейін, жаным, саған, Жүрекке жара салған. Тек қана айтарым сол: Сүйгенім бақытты бол! Таныстым бір өзіңмен, Туған күн кешінде. Сол күннен бастап мен бір Ғашықпын бір өзіңе. Не дейін, жаным, саған, Жүрекке жара салған. Тек қана айтарым сол: Сүйгенім бақытты бол! Арманым алып ұшқан Көгершін секілденді. Мұңайып сағыныштан Өмірім өтуде енді. Не дейін, жаным, саған, Жүрекке жара салған. Тек қана айтарым сол: Сүйгенім бақытты бол!
  • Күн болсаң әнімді кімге айтам Түн болсаң сен үшін түнді айтам Сен салған жүректің жарасын Кімге айтам -2 [Қайырмасы] Сен үшін шырқалған күйде мұң Сенсіз мен жабырқау күйдемін Таусылып барады тағатым Сен аңсап сүйгенім - 2 Қағазға қиялдап күн сыздым Келерме, біздерге мұңсыз күн Сөзімді айталмай алдыңда Тағыда үнсізбін-2 [Қайырмасы] Мен үшін жаралған күнсіңбе Жоқ әлде қараңғы түнсіңбе Мені іздеп бір күні келер деп Күтіп сен жүрсің бе -2
  • Ақ арманым аңсаған, Ғашық болдым мен саған. Жүрегімді қалай емдеймін? Баяны жоқ 5 күнде, Естімеймін ешкімді. Сенен басқа жанды көрмеймін! Құшағыма сен келмей, Тал бесігім тербелмей. Шағаласыз шалқар көлдеймін! Қайырмасы: Ақ маржан-ау, ақ маржан, Мақта көңіл, мақпал жан. Сені сүю маған тәтті арман! x2 Махаббатым кел бері, Сүйесің бе, сен мені? Сезімімнің айтшы ашығын. Тостырып жолыңды, Ұстат маған қолыңды. Жолықпайық енді жасырын! Аққан оқтай күн өтсін, Шапқан аттай жыл өтсін. Сүйіп өтем сені ғашығым! Қайырмасы: Ақ маржан-ау, ақ маржан, Мақта көңіл, мақпал жан. Сені сүю маған тәтті арман! x2 Ақ маржан-ау, ақ маржан, Жүрегімде жатталған. Хабар күтіп жүрмін хаттардан!
  • Тағдыр деген біреулер Жол дейді ғой шырғалаң Жүрек сені қалайды Мен қалайша құр қалам Ақ тамағым ән маған Сен едің ғой жыр маған Күндіз менің күлкімді Түнде ұйқымды ұрлаған Жүрегімді езесің Оны өзің де сезесің Ай жүрегім, жүрегім Бұған қалай төзесің Жарқыраған күнімсің Ақтамақ сен сұлусың Арман отын жағайық Жүрегіміз жылынсын Ақтамақ-ай, ақ тамақ Жоғаласың мақтап ап Елесіңді мен жүрмін Жүрегіме сақтап ап Ақтамақ-ай, ақ тамақ Жүрмін жолға көп қарап Қорқам сені біреулер Кете ме деп топтан ап Жүрегімді езесің Оны өзің де сезесің Ай жүрегім, жүрегім Бұған қалай төзесің Жарқыраған күнімсің Ақтамақ сен сұлусың Арман отын жағайық Жүрегіміз жылынсын
  • Күнім менің қара түнде түңілмедің Шуақты нұрым менің мына жалғанда Күнім менің сарқылмайтын жырым менің Мөп мөлдір сырым менің басты арманда қайырмасы: Күнім ай саған іңкәр менің жүрегім ай Күнім ай шуағынмен қайта түрлендім ай Күнім ай құштар жаным өзіңнен айналып Күнім ай күнім ай Күнім ай саған іңкәр менің жүрегім ай Күнім ай шуағынмен қайта түрлендім ай Күнім ай құштар жаным өзіңнен айналып Күнім ай күнім ай Күнім менің сенең нәр алып Гүлім менің қуанып күлімдедің Жайнап бағымда Күнім менің аласармас шыңым менің Сен барда түңілмедім сеніп сағымға қайырмасы: Күнім ай саған іңкәр менің жүрегім менин ай Күнім ай шуағынмен қайта түрлендім ай Күнім ай құштар жаным өзіңнен айналып Күнім ай күнім ай Күнім ай саған іңкәр менің жүрегім ай Күнім ай шуағынмен қайта түрлендім ай Күнім ай құштар жаным өзіңнен айналып Күнім ай күнім ай
  • Мүлдем таусылмады бұл өмірдің сынағы, Тоқтатпай жолымды,мен бұл ойында сынбадым. Себебі сенің демеуің мені сүйрейд(і),алдыға,алдыға,алдыға, Сыйлаған қанаттар мені ұшырды биік тағыда,тағыда,тағыда. Қайырмасы: Бір өзіңнен алам(ын) дем, Сөздеріңнен табам(ын) ем, Сеніменен қалам(ын) кел Тек өтінем маған сен. Мейлі болса қиын әлсіздікті көрсетпейм(ін), Көздегеніме мен өзімді жетелейм(ін). Енді ересің сөздеріме менің жаныма Жетемін арманыма. Сырымды жасырмады ойларым басымдағы, Қиындықтың көзіне тура қарауға қорықпады. Себебі сенің демеуің мені сүйрейд(і),алдыға,алдыға,алдыға, Сыйлаған қанаттар мені ұшырды биік тағыда,тағыда,тағыда. Қайырмасы Бір өзіңнен алам(ын) дем, Сөздеріңнен табам ем, Сеніменен қалам кел Тек өтінем маған сен. Мейлі болса қиын әлсіздікті көрсетпейм(ін), Көздегеніме мен өзімді жетелейм(ін). Енді ересің сөздеріме менің жаныма Жетемін арманыма.
  • Біз үшін суалтып жанарың Біз үшін мандайға салдаймыз Тоғыз ай көтерген ананың Бір сөзін көтере алмаймыз Мәз болып бес күнгі тірлікке Көңіліне қаяу мұқ салдықпа Әкенің қадірін білдікпе Ананы аялай алдық па? [Қайырмасы] Жанарың жасқа толтырып, жыламасын. Көрмесін ұл мен қызының, мұң наласын Ардақтап ата-ананың біл бағасын Олардың бақыты сен ғанасын. Жаны кең жанына, жанынан, жанында Аяла, құрметте Біз үшін көз ілмей таңдарда Тәңірден сұрады мол бақыт Өмірін арнаған жандарға Қимаймыз арнауға сәл уақыт Осынау бес күнгі жалғанда Олардай аяулы жан барма Өкініп қалмайық мәңгіге Ұрына ойсырап қалғандай [Қайырмасы] Жанарың жасқа толтырып, жыламасын Көрмесін ұл мен қызының мұң наласын Ардақтап ата-ананың біл бағасын Олардың бақыты сен ғанасын Жанарың жасқа толтырып, жыламасын Көрмесін ұл мен қызының мұң наласын Ардақтап ата-ананың біл бағасын. Олардың бақыты сен ғанасын Жаны кең, жанынан, жанында Аяла құрметте барында
  • Арман құсымның көкке ұшыр бәрін, Қосыла алмаймын әніңе. Өзегі дертті өкпешіл жанмын, Өкпелеп жүрме әлі де. Жолыңа сенің көп алаңдаймын, Жолығар ма деп жорамалдаймын. Өткенге бірақ орала алмаймын, Өкпелей берші, қайтейін?! Қайғымды сенің тұмар еткелі, Менің де мұңсыз жай күйім. Бәрі не соның кінәлап мені, Өкпелей берші, өкпелей берші, өкпелей берші қайтейін... Сезімге сендік мәңгі мас едім, Өзіме бір кун жетелер. Адасып келсем, алдыңа сенің, Көрмеген болып өте бер. Жолыңа сенің көп алаңдаймын, Жолығар ма деп жорамалдаймын. Өткенге бірақ орала алмаймын, Өкпелей берші, қайтейін?! Қайғымды сенің тұмар еткелі, Менің де мұңсыз жай-күйім. Бәрі не соның кінәлап мені, Өкпелей берші, өкпелей берші, өкпелей берші қайтейін...
  • Ол сенiмен ойнап жүр-ау Ойнап жүр-ау Байқа... Ол өзі де өзгелерді Өзгелерді ойлап жүр-ау Байқа... К-сы Бағалай біл мені Каламаймын сені Ермегі болып өтуіңді жаттың Бағалай біл мені Аялаймын сені Мәңгі бақи бақытында бақтың Ол сөзімен гүл сыйлайды Күн сыйлайды ойға Сол ісімен алдайды Арбайды ол байқа Ол сенiмен ойнап жүр-ау Ойнап жүр-ау Байка... Ол сезімді алдап жүр-ау Алдап жүр-ау Байқа... Тарам тарам жол көп Аяғың бас аңдап Адасып қалып жүрме бірақ Байқа... Дүрсілдеген тулап Жүрегіңді тыңдап Сыңар тауып сезім көлін шайқа
  • Сагыныштан жарылуга таяумын Ал уйкыда тек мен гана ояумын Кайда сенин жапырактарын ак кайын Кайда маган журек болган аяулым Сенин гана жапырагына куз келмейди Сагыныштан сыр айтарем соз келмейди Жалынсанда омир заны озгермейди Озгермейди... Кайырмасы: Кузги кайын, кузги кайын Коктемге бир жетугой биздин уайым Кузги кайын, кузги кайын Коктемге бир жетугой биздин уайым Неге мени калдырды екен акпанга Неге сени тондырды екен ак карга Кел екеумиз коктем куткен бактарда Жылынайык естен кетпес шактарга Сенин гана жапырагына куз келмейди Сагыныштан сыр айтарем соз келмейди Жалынсанда омир заны озгермейди Озгермейди... Кайырмасы: Кузги кайын, кузги кайын Коктемге бир жетугой биздин уайым Кузги кайын, кузги кайын Коктемге бир жетугой биздин уайым Отер омир аязда ыстык аптапта Мумкун болса жапырагынды таптатпа Уа тиршилик кайынга бер коктемин Маган тозим беруинди токтатпа Сенин гана жапырагына куз келмейди Сагыныштан сыр айтарем соз келмейди Жалынсанда омир заны озгермейди Озгермейди... Кайырмасы: Кузги кайын, кузги кайын Коктемге бир жетугой биздин уайым Кузги кайын, кузги кайын Коктемге бир жетугой биздин уайым
  • Жетті ғой көзім мәңгі емес екен ештеме, Мәңгі емес екен өмірдің шаттық күлкісі. Жарылып жүрек кетсе де, Түседі екен аспанның жарық жұлдызы. Қайырмасы: Шақырсам даусым жетпейді Сағындым сені жан әке. Елес боп көзін кетпейді, Сөздерін сенің бал әке... Сүріне қалсам өмірдің тайғақ жолында, Ақылынды айтып саларма едің жолыма... Қайтемін байлық дүниені, Жетпейді әке еш нәрсе сенің орнына... Қайырмасы: Өзінсіз өтті әркүнім, Шашылып көзден зар мұным. Алыстап кеттін жан әке, Анама артып нар жүгін. Сұм тағдыр бізді ес білмей бізді айырды, Түсінер кім бар қазіргі менің жайымды. Балапандарын қанат қақты, Арнаймын әке қабыл ал осы әнімді. Қайырмасы: Қыздарын әке бой жетіп, Ұлдарын әке ер жетіп. Ананың айтқан ақылын, Жүрміз ғой әке жыр етіп...
  • Жүрегімнің әмірінен Аса алмадым әлі білем Саябақта сырласып тұрдық біздер Айлы түннің жарығымен (2 рет) [Қайырмасы] Жанарыңды жұмдың Құпияыңды білдім Мендік жүрек сыймай кеудеме Төмен қарап тұрдың Сәл жымиып күлдің Ғашық емес болсаң сен неге Бұл не деген керемет түн Жалыны ескен сенен оттың Менде үнсіз үндемей сенде жаным Құшағыма ене кеттің (2 рет)
  • Гүл беріп ем алмадын Алдамас деп арманым Өзімді өзім алдадым Мен мен мен мен Келбетіңе панданба Талайлар сөз салганга Ғашық болып қалғанға Сен сен сен [Қайырмасы] Көрдім сендей сылқымды Сөздеріде біртүрлі Келтіреді күлкімді Ах-ха-ха-ха Киім киіп түр түрлі Әрлегенің сыртынды Келтіреді күлкімді Ах-ха-ха-ха Мен тұратын қалада Сұлу өзің ғана ма? Қарамасан қарама Салтын сақтар бабамның Жауын алған жанардың Сенен сұлу табармын Мен мен мен мен [Қайырмасы] Көрдім сендей сылқымды Сөздеріде біртүрлі Келтіреді күлкімді Ах-ха-ха-ха Киім киіп түр түрлі Әрлегенің сыртынды Келтіреді күлкімді Ах-ха-ха-ха Көрдім сендей сылқымды Сөздеріде біртүрлі Келтіреді күлкімді Ах-ха-ха-ха Киім киіп түр түрлі Әрлегенің сыртынды Келтіреді күлкімді Ах-ха-ха-ха [Қайырмасы] Көрдім сендей сылқымды Сөздеріде біртүрлі Келтіреді күлкімді Ах-ха-ха-ха Киім киіп түр түрлі Әрлегенің сыртынды Келтіреді күлкімді Ай қойшы [Қайырмасы] Көрдім сендей сылқымды Сөздеріде біртүрлі Келтіреді күлкімді Ах-ха-ха-ха Киім киіп түр түрлі Әрлегенің сыртынды Келтіреді күлкімді Келтірмеші күлкімді Ах-ха-ха-ха
  • Өтуші едің қасымнан теріс қарап, Кетуші едің кеудеге қанжар қадап. Қаншама аяусыздық танытсаң да Жүрегім дүрсіл қақты сені қалап. - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - Сүйіп едім шынымен, ұғылмадым. Жазған өлең, жырыма құбылмадың. Шабытымды езгілеп өте бардың, Тым болмаса, бір қарап, бұрылмадың. Сүйіп едім мен сені Сүйіп едім!!! Ентігімді баса алмай Тұңшыққандай боламын Қабағымды аша алмай Таба алмадым жауабың Өткен күн мен түндерде Бақытымды сұрағам Сен еркелеп күлгенде Жүрегімнен шығар ән Қайырмасы: Өзің едің арманым Топ ішінен таңдаған Өзің едің жан жарым Ән жырымды арнаған Өзің едің арманым Топ ішінен таңдаған Өзің едін жан жарым Ән жырымды арнаған Қызғаныштан күрсініп Кейде от боп жанамын Көз салсада басқалар Мен деп тұрған жанарың Өң бойымды улаған Сол жанарға қараса Кеудемдегі тулаған Жүрегіме қарашы Қайырмасы: Өзің едің арманым Топ ішінен таңдаған Өзің едің жан жарым Ән жырымды арнаған Өзің едің арманым Топ ішінен таңдаған Өзің едін жан жарым Ән жырымды арнаған ләй ла ла ләй ла ла оуоуоу ләй ла ла ләй ла ла Қайырмасы: Өзің едің арманым Топ ішінен таңдаған Өзің едің жан жарым Ән жырымды арнаған Өзің едің арманым Топ ішінен таңдаған Өзің едін жан жарым Ән жырымды арнаған
  • Елжіреген сезім Мөлдіреген көздерін Бұйырмаған бағымба Сол аяулы кезін Өртеген өзің мені Арманның жолында Айналды сағымға неге? [Қайырмасы:] Алдадын неге Алдадын мені неге Алдады сезім оты Сені неге Тулайды жүрек Жетем деп саган гүлім Оралшы жаным маған Оралшы жаным маған бүгін Елесіне ердім Ерік берсен жетемін Журегіммен жаралы Неге сені көрдім Неліктен жылаттың сен Жалғыздық аралы Жандырып барады менi [Қайырмасы:] Алдадын неге Алдадын мені неге Алдады сезім оты Сені неге Тулайды жүрек Жетем деп саган гүлім Оралшы жаным маған Оралшы жаным маған бүгін
  • Ой ойлатқан талай-талай өтті күндер алыс, Міне бүгін бізде үй-жай, олда біздің парыз. Өз үйіміз бір отан береке, Қандай қызық бір қыдырсаң жанұяңмен бірге [Қайырмасы:] Аман болсын ата-анамыз бізді өсіріп баптаған, Аман жүрсін баурымыз алыстағы аңсаған. Берік болсын босағамыз, отауымыз қосылған, Ең керегі тату-тәтті болсын менің жанұям. Адал жаным сен қолыма гүл боп біттің менің, Тосу менен өтті талай күнім менен түнім. Шаршап келсем жұмыстан мен үйге, Жадырап сен қарсы аласың нұрын шашқан күнім [Қайырмасы:] Аман болсын ата-анамыз бізді өсіріп баптаған, Аман жүрсін баурымыз алыстағы аңсаған. Берік болсын босағамыз, отауымыз қосылған, Ең керегі тату-тәтті болсын менің жанұям. Жанұяның бір қызығы арадағы бала, Онсыз үйде болған емес құт-береке сірә. Жастайымнан еркелетіп өсірген, Аман болшы теңдесі жоқ Ата менен Ана! [Қайырмасы:] Аман болсын ата-анамыз бізді өсіріп баптаған, Аман жүрсін баурымыз алыстағы аңсаған. Берік болсын босағамыз, отауымыз қосылған, Ең керегі тату-тәтті болсын менің жанұям.
  • Күндіз сары бір күз Сен де, мен де жақын жерде жүрміз Кімсіз, ару кімсіз? Неткен сұлу кетіп барасың үнсіз Көздерің сенің сондай әп-әдемі болып Өзіңе жарасып тұр Саған талайы таласып жүр Армандар орындалып бала күнгі Жарқ етіп шықтым қала түнгі Көздерің сенің сондай әп-әдемі болып Өзіңе жарасып тұр Болса да сұп-суық сұр [Қайырмасы] Тек орындашы менің басты тілегімді Менен басқа ешкімге ашпа жүрегіңді Таяқ жейді біреу басқа керек емес Таяқ жеп қалады өмірден менен емес Тек орындашы менің басты тілегімді Менен басқа ешкімге ашпа жүрегіңді Көздерің сенің сондай түпсіз терең тұңғиық Ойланып кетіп бара жатырсың қабағың түйіп Не тигенін жүрегіме өзім білмей Білемін әйтеуір қалғанымды сені сүйіп Көздерің сенің сондай түпсіз тұңғиық Ойланып кетіп бара жатырсың қасыңды түйіп Қалдым сүйіп Күндіз сары бір күз Сен де, мен де хабарласпай жүрміз Кімсіз, ару кімсіз? Өмір сүре алмаймын десем отырсың үнсіз Көздерің сенің сондай әп-әдемі Өзіңе жарасып тұр Болса да сұп-суық сұр Жұлдыздар бір сен үшін жаралғандай Күлімдесең бойыма күш таралғандай Көздерің сенің сондай әп-әдемі болып Өзіңе жарасып тұр Саған талайы таласып жүр
  • Шын айтайын Ойлай берем бір өзіңді күні түні Ойнайды сол кезде ішімде жүрек үні Өтірікші, деп жала жаппашы Сенбейтінің үшін жаулайды ашу Керек емес өзің өсек құрып оны менің бетіме басу [Қайырмасы] Мен шын айтайын сен маған сенші Алыстамай жанымнан жақынырақ келші Боламын әрдайым жаныңда деп сөзіңді маған берші Араласып жатса арамызға жан - жағымыз Суып қалады арамыз бірақ жүректе бар сағыныш Ұрысты шектен асырмай Шыдамымды қашырмай Кете алмайтынымды жаныңнан түсінші Ғашығым-ай [Қайырмасы] Мен шын айтайын сен маған сенші Алыстамай жанымнан жақынырақ келші Боламын әрдайым жаныңда деп сөзіңді маған берші
  • Сені есіме алмадым, Мені кешіре алмадың. Дейсің несіне алдадың, Тек үнсіз жанарыңменен. Кеттің асығып жырақ, Жаңбыр қосылып жылап. Қалдым кешірім сұрап, әніммен. [Қайырмасы] Жүрегіңді ұстап тұрып, ұстап тұрып жыладың, Жанарыңның жасы болып, жасы болып құладым. Жүрегіңді ұстап тұрып, ұстап тұрып жыладың, Жүрегіңді жұбатуға арналады бұл әнім. Өмір сынағанымен, Сынға құламадым мен. Сендей жылағаныммен, Болғансың енді сағым. Қайтып оралмасаң да, Түс боп кел анда-санда. Ашық саған қашан да, құшағым. [Қайырмасы] Жүрегіңді ұстап тұрып, ұстап тұрып жыладың, Жанарыңның жасы болып, жасы болып құладым. Жүрегіңді ұстап тұрып, ұстап тұрып жыладың, Жүрегіңді жұбатуға арналады бұл әнім.
  • Жас қосылып, соңында жыл мен ай қалар Ақ тілекпенен басыңа бақыт байланар Құшақ толып гүлге, жақындармен бірге Әр жыл сайын тойланар Қызық сауық сайран, көңіл шат мәз мейрам Мерекеге бұл күн айналар қайырмасы: Бүгін бүгін бүгін Сенің туған күнің Зор денсаулық тілеймін Бақытты өмір сүргін Жанында болсын деймін Ажар көңіл серін жан серігін Бүгін бүгін бүгін Сенің туған күнің Аман болсын ата-анаң Тарту еткен ғұмыр Әр күніне жаратқан Төксін шуақ нұрын Ойнап күлгін Толқын тасып қуаныш кернеп тұр жанын Арасында дос, жарын, туыс, туғанын Ән мен жыры, биі, жылы сөз бен сыйы Кіргізер сәнін думанның Есіңнен кетпейтін еш нәрсе жетпейтін Ең бақытты күн туған күн қайырмасы: Бүгін бүгін бүгін Сенің туған күнің Зор денсаулық тілеймін Бақытты өмір сүргін Жанында болсын деймін Ажар көңіл серін жан серігін Бүгін бүгін бүгін Сенің туған күнің Аман болсын ата-анаң Тарту еткен ғұмыр Әр күніне жаратқан Төксін шуақ нұрын Ойнап күлгін
  • Ак гулдер кок гулдер бариде гулденер Танертен мазалы самал жел Айлы тун астында, ак гулдер касында Озинди суйгиздин баскага Барине кинали барине кинали барине кинали Жалгыз сен Коштасып турганда Бозарып тан атты Сол тандар ериксиз неге атты тез атты Коштаскым келмейди коштаскым келмейди Коштаскым келмейди озинмен Коштасып турганда Бозарып тан атты Сол тандар ериксиз неге атты тез атты Айлы тун астында ак гулдер касында Озинди суйгиздин баскага баскага
  • Жанбыр токти еш басылмай, Коштасуда коз жасындай Шыгарып сап турдык бизде Ен соңғы рет кешти осылай. Кайырмасы: Кун куркиреп, жаңбыр жауды Жаска малып тагдырларды Носерлетип устин устин Сезим дала жангырмады. Жаңбыр отти тамшыланып Сан жүректі шаншылады Носерлетип бари де отти Нурын токти тан шуагы Носер жаңбыр еске салды Кешегі откен кеште санди Еки тағдыр бир шақырды Бирге салган ошпес анди.... Кун куркиреп жаңбыр жауды Жаска малып тагдырларды Носерлетип устин устин Сезим дала жангырмады Носерлетип устин устин Сезим дала жангырмады......
  • Меккеге барсам сұрадым Алла Қағбада тұрсам жыладым Алла Тәуелсіз менің елімнің жаққан Сөндіре көрме шырағын Алла Наныңнан жедік, суыңнан іштік Отаным сенен көрмедім ыстық Ұрпаққа сені жеткізу үшін Алланың әділ жолына түстік Алла, Алла, Алла Шүкір, шүкір, Аллаға шүкір Шүкір, шүкір, Аллаға шүкір Көкте сұңқар, жерде тұлпар Қарасам біздей бақытты кім бар? Аллах уакбар Аллах уакбар Аллах уакбар Аллах уакбар Уаллали ил хамди Отаным деген Пайғамбар сөзі Аллаға қолын жайғандар сөзі Харамға қарны тойғандар емес Иманға жүрек тойғандар сөзі Бабалар еткен балауыз бақта Берегөр өмір бақытты шақта Ел-жұртым аман бауырым бүтін Иә Алла бізді тіл-көзден сақта Алла, Алла, Алла Шүкір, шүкір, Аллаға шүкір Шүкір, шүкір, Аллаға шүкір Көкте сұңқар, жерде тұлпар Қарасам біздей бақытты кім бар? Аллах уакбар Аллах уакбар Аллах уакбар Аллах уакбар Уаллали ил хамди x2
  • Басыңа жарасқан алтын бөрік Ақ еркем көркіңді қалдым көріп Көңілім бірге деп ойлаушы едім Білмеймін не деген дәтің берік Күтем деп мәңгілік, атыңды ән қылып Сағынған біреу бар, білесіңбе-ей? Таңдарда көз ілмей, үмітім үзілмей Жүр екен дегейсің сұрағанға Кештерде сағынып саламыз ән Достыққа сарай салып санамыздан Арманның ал қызыл әләуләйлім Алыстап барады арамыздан Күтем деп мәңгілік, атыңды ән қылып Сағынған біреу бар, білесіңбе-ей? Таңдарда көз ілмей, үмітім үзілмей Жүр екен дегейсің сұрағанға Әніңмен жанымды еліктірші Сезімнің мирасын кезіктірші Қалқам-ау егерде мені сүйсең Ат ізін суытпай келіп тұршы Күтем деп мәңгілік, атыңды ән қылып Сағынған біреу бар, білесіңбе-ей? Таңдарда көз ілмей, үмітім үзілмей Жүр екен дегейсің сұрағанға Күтем деп мәңгілік, атыңды ән қылып Сағынған біреу бар, білесіңбе-ей? Таңдарда көз ілмей, үмітім үзілмей Жүр екен дегейсің сұрағанға
  • Бар сұлулық бір өзіңнен табылғандай, Жанарыңнан жап-жарық күн шағылғандай. Нұрлы бейнең көктемнің гүл күніндей боп, Күміс күлкің бұлақ болып ағылғандай... Әдемісің қарындас, әдемісің! Сұлулықтың ғажайып әлемісің! Қарай бергім келеді қарай бергім, Білемісің, ару қыз білемісің! Арманы боп әр жігіттің қалсаң бе екен, Ақ ниетпен адал сөзге нансаң екен. Саған деген ақ тілегім орындалып, Құтты ұяңа бақыт болып қонсаң екен. Әдемісің қарындас, әдемісің! Сұлулықтың ғажайып әлемісің! Қарай бергім келеді қарай бергім, Білемісің, ару қыз білемісің! Көз жанарың жастан алға тағынбасын, Бар өмірің атқан таңдай жалындасын. Бұл Жаратқан жарылқаудан жаңылмасын, Тек жаныңда бойтұмар боп әнім қалсын. Әдемісің қарындас, әдемісің! Сұлулықтың ғажайып әлемісің! (Қарай бергім келеді қарай бергім, Білемісің, ару қыз білемісің!) (2х)
  • Қос жүректі сел еткізді, Жанарың көзімдегі. Дірілді сезе алдыңба? Тоқтатқан сөзімдегі. Күлгенде жүзіңді бұрып, Қысылып шықты демім. Көргенде жүрегім жылып Өзің бе қалап теңім. [Қайырмасы:] Екеуміз қалап бір гүлді, Бұйырады айтшы кімге? Бөлісіп айлы түндерді? Жігітсіз олда жүрме? Қос сезім күліп тұрса да, Жүрегі кімді қалар. Көңілін кімге бұрса да, Сол жүрек гүлді алар. Ғашығы өзге үмітпін Екенсің асыл гүлім. Жүрегім тулай бермеші, Сездірме,жасыр бүгін. Білекпен ашсақ жолынды адаспа өзге бақтардан Достықпен алдап қолынды Қол бұлғап өткен шақтарды [Қайырмасы:] Екеуміз қалап бір гүлді, Бұйырады айтшы кімге? Бөлісіп айлы түндерді? Жігітсіз олда жүрме? Қос сезім күліп тұрса да, Жүрегі кімді қалар. Көңілін кімге бұрса да, Сол жүрек гүлді алар.
  • Ешбір ұмытылмас, жүрген күндер бірге Шештім бәрін болмас, кештім жаным мүлде Келші қайта тағы, тәңірдің сый бағы Сенсіз күннің бәрі, қинады жанды Жаям саған жаям Құшақты ешкімге ашпаған Қайдан табамын қайдан? Жаныма жалау болар Сеннен басқаны Тілегіңе сенің айналғым-ақ келер Сүйенер сүйер таңдана Жүрекке ғашық жалын от берер Сөнбейтін мәңгілік бір сен ғана Кел жаным кел Сүйем тек тек тек сені ғана Көркемім, сен менің Жұлдызымдайсың жанған Көктегі дара Сен әнім сен Маған сен сен Сен қара көзім Жаным сол Бағым бол Жүрек қалаған арман Сен жалғыз өзің Сені көрсем дейді, жүрек дүрсіл қағып Жоқсын түсінбейді, сыздап мазамды алып Ораларсың ойға, жиі жиі жаным Қайда жүрсің қайда, сыңар жан Жаям саған жаям Құшақты ешкімге ашпаған Қайдан табамын қайдан Жаныма жалау болар Сеннен басқаны Кел жаным кел Сүйем тек тек тек сені ғана Көркемім сен менің Жұлдызымдайсың жанған Көктегі дара Сен әнім сен Маған сен сен Сен қара көзім Жаным сол Бағым бол Жүрек қалаған арман Сен жалғыз өзің Кел жаным кел Сүйем тек тек тек сені ғана Көркемім сен менің Жұлдызымдайсың жанған Көктегі дара Сен әнім сен Маған сен сен Сен қара көзім Жаным сол Бағым бол Жүрек қалаған арман Сен жалғыз өзің
  • Мені түсінбей жүрсін, Алыстағы неліктен Нұры шашылған гүлсін Көңілімді жібіткен Мені түсінбей жүрсін Ғашық қылардай кімсін Жүрегім айымды нестерсін [Қайырмасы:] Мені түсінбей жүрсін Мұны жүрегін білсін Алдамағанмын сені Ұнайсын маған бұл шын Мені кінәламағын Сені кінәламаймын Кетпейді есімнен сол күн Келеді қайта көргім Тағатсыз аңсай бердім Неге жауапсыз болдым Мені кінәламағын Сені кінәламаймын Мені түсінбей қалдын Енді босқа сөкпеші Арманы талай жанный Менен ғана кетпеші Мені түсінбей қалдын Өртеніп күйіп жандым Жүрегім айымды нестерсін [Қайырмасы:] Мені түсінбей жүрсін Мұны жүрегін білсін Алдамағанмын сені Ұнайсын маған бұл шын Мені кінәламағын Сені кінәламаймын Кетпейді есімнен сол күн Келеді қайта көргім Тағатсыз аңсай бердім Неге жауапсыз болдым Мені кінәламағын Сені кінәламаймын [Қайырмасы:] Мені түсінбей жүрсін Мұны жүрегін білсін Алдамағанмын сені Ұнайсын маған бұл шын Мені кінәламағын Сені кінәламаймын Кетпейді есімнен сол күн Келеді қайта көргім Тағатсыз аңсай бердім Неге жауапсыз болдым Мені кінәламағын Сені кінәламаймын
  • Сыр бар менде ешкім білмей сырласатын Мұң бар менде бір сені ойлап мұңдасатын Ән бар менде түнде келіп мазалайтын Сен бар менде ғашық етіп жазалайтын қайырмасы: Мазала тағы да мазалашы Махаббат отымен жазалашы Сүйемін сүйген сол жазығынды алшы Мазасыз дүние-ай мазамды алшы Мазалайтын саған деген жұбан енді Сені сүйген құпиялы сыбыр менде Ән бар мен шырқа жүрек таламайтын Сен барда жерде оңашада саған айтамын қайырмасы: Мазала тағы да мазалашы Махаббат отымен жазалашы Сүйемін сүйген сол жазығынды алшы Мазасыз дүние-ай мазамды алшы Мазала тағы да мазалашы Махаббат отымен жазалашы Сүйемін сүйген сол жазығынды алшы Мазасыз дүние-ай мазамды алшы
  • 1.Бейнеңнің тек елесі мен Аралап ақ айдынды Жібектей өлең есіп ем Серік қып талай мұңды Көңілдің терезесінен Сығалап арай күлкі Өмірдің жеребесінен Жолымыз қақ айырылды қайырмасы: Сен барда ұмытқандаймын Өмірдің бар қайғысын Жанымды жылытқандаймын Кетсеңде шалғай құсым Сағымға бастап барады Сезімім сол шақтағы Жанардан жас боп тамады Сағыныш моншақтары 2.Жанымды жылытпаймын ба Қоштастық шіркін неден Сен жалғыз жүріп қайғырма Бар кінә мүмкін менен Мен сені ұмытпаймын да Жаныңа бір күн келем Сезімді құлыптаймын да Қолыңа кілтін берем