Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Казахские песни

Исполнители

Добавить
Все казахские исполнители
  • Артық болмас сен арайлы күн десем Аппақ ай боп көрінесің бірде сен Мен өзіңе қалғанымда кездеспей Сұлулықтың не екенін білмес ем Егер сені мөлдіреген жыр десем Ең әдемі ұйқасың боп күн кешем Махаббаттың бар екенін өмірде Сезбес едім сен жанымда жүрмесең Егер сені қырдағы әсем гүл десем Мен көктемнің самалы боп тілдесем Егерде сен теңіз болсаң тұңғиық Сол теңіздің толқыны боп үндесем Егер сені мөлдіреген жыр десем Ең әдемі ұйқасың боп күн кешем Махаббаттың бар екенін өмірде Сезбес едім сен жанымда жүрмесең
  • Мың бір түннен мен іздедім сені, Мөлдір күннен іздедім, Үзбедім, гүл боп көріндің. Талай шақтың тәжісің көркем, Арай бақтың сәнісің, Таңысың менің көгімнің. [Қайрымасы] Сүйемін сені жаным, өзіңсіз, Менің жалын өзегім Таусылмас махаббатым Сүйемін сені жаным, өзіңсіз, Менің жалын өзегім Жабырқайды тағы Сені көріп теңіздей тулап, Сені көріп тасыдым, Ғашығым шектім тағы мұң. Шарабына сезімнің баттым, Сені сүйген жүректің, Қалыспа енді сабырым. [Қайрымасы] Сүйемін сені жаным, өзіңсіз, Менің жалын өзегім Таусылмас махаббатым Сүйемін сені жаным, өзіңсіз, Менің жалын өзегім Жабырқайды тағы
  • Түзу түзу жолдарды Асулар мен жондарды Суретшідей сомдады дала Жол жүргенде жайдары Сұлу самал майда әні 2 рет Көңілімді жайлады жаңа К-сы: Ооу Алыс түзу жолдармен заулап Жүрегімде оттай сезімім барда Жеткізбейтін қиял алда бәрі Бәрі алда Ұлы дала шақырады алдан Таусылмайтын шексіз жолдарым арман Әлі де талай аттанамыз ұзақ жолға Әлі талай аттанамыз ұзақ жолға Түзу түзу көшені Жүріп өткен кешегі Қиял ойым кешеді самғап ау Жүрегімде таң күлсін Көне жолдар жаңғырсын 2 рет Өз таңбасын қалдырсын жолдар Қ-сы Қ-сы
  • Күңіренген күзде ұқсап тұрғандай бізге, Махаббаттың гүлі солып қалды ғой түзде. Ренжімеші күзге сен үмітіңді үзбе, Жүрегіңді тыңда шын бақытыңды ізде. Қайырмасы: Жылама жаным кінәләмағын, Тағдырымның сені мұңды еткен. Жылама жаным атады таңын, Сеніңде келер бір көктемің. Жылама жаным кінәләмағын, Тағдырымның сені мұңды еткен. Жылама жаным атады таңын, Сеніңде келер бір көктемің. Өкпелейсің кімге қосылмас ай мен күнде, Мәңгі бірге болу жазылды дейсің кімге. Мен кетермін жырап тамшы мұң болып кұлып, Күзгі жаңбырменен келіп тұрармын бірақ. Қайырмасы: Жылама жаным кінәләмағын, Тағдырымның сені мұңды еткен. Жылама жаным атады таңын, Сеніңде келер бір көктемің. Жылама жаным кінәләмағын, Тағдырымның сені мұңды еткен. Жылама жаным атады таңын, Сеніңде келер бір көктемің.
  • Түсінбесең де сырын жанымның Құлазып жиі сені сағындым Болсыншы деп ем Гүлі бағымның Шолпаны жалғыз атар танымның Неліктен тосын серттен жаңылдың Ақ ұрып жиі сені сағындым Болар-ау деп ем гүлі бағымның Басқа сезімге бірақ бағындың [Қайырмасы:] Деуші едің ғой сенің пәгіңмін Өкініш өртеп сені сағындым Атыра алмай таң түндер сабылдым Жарығы сөніп үміт шамымның Кімдер сыйлаған сырға тағындың Қызғаныш лаулап сені сағындым Жалғыз құлазып жүрмін жанымның Болшы нұры сен атар таңымның Басқа сезімге бірақ бағындың Сағыныш деген ғажап сағымның Еркіме бойлап сені сағындым Келтірер сенсіз өмір мәнін кім? Тынысы екенсін менің жанымның Күтумен сені ұзақ сарылдым Сабырым жеңіп сені сағындым Атар таңыңмын, сенің бағыңмын Жылыншы келіп, Өртпін жалынмын [Қайырмасы:] Деуші едің ғой сенің Пәгіңмін Өкініш өртеп сені сағындым Атыра алмай таң түнде сабылдым Жарығы сөніп үміт шамымның Кімдер сыйлаған сырға тағындың Қызғаныш лаулап сені сағындым Жалғыз құлазып жүрмін жанымның Болшы нұры сен атар таңымның Басқа сезімге бірақ бағындың
  • Көрдім бүгін, көрдім тағы... Жылытты оның құшағы сені Көз алмай маған қарадың Қасыма кеп, айта алмадың нені? Кімбіз енді біз бір-бірімізге? Кімбіз? Оны біз өзіміз білмейміз. Үнсіз екеуміз бір-бірімізді, Қиялдан ғана іздейміз. Жаным, не істейміз? Қ-сы: Сезімімді неге ала кетпедің, Үмітім боп (болып) жанған? Елесіңді неге ала кетпедің, Жанарымда қалған? «Маxаббатың мұңын ала кет!» - дедім, «Сағыныштың үнін ала кет, ала кет!» - дедім. Ала кетпедің, жаным Неге ала кетпедің?! 2. Көрдің тағы, көрдің мені... «Бағым» -деп жүрсем де өзгені, сенбе! (көзіме, тек көзіме сен!) Бір өзің мәңгі тілегім, Болсам да алыс, жүрегім сенде. Кімбіз енді біз бір-бірімізге? Кімбіз? Оны біз өзіміз білмейміз Үнсіз екеуміз бір-бірімізді, Ұйқысыз түннен іздейміз. Жаным, не істейміз? Қ-сы: Сезімімді неге ала кетпедің, Үмітім боп (болып) жанған?! Елесіңді неге ала кетпедің Жанарымда қалған?! «Маxаббатың мұңын ала кет!» - дедім, «Сағыныштың үнін ала кет, ала кет!» - дедім! Ала кетпедің, жаным Неге ала кетпедің?! Өткенімді неге ала кетпедің, Ессіз ғашық еткен?! Көктемімді неге ала кетпедің, Бақытым боп (болып) жеткен? Түстерімнен неге әлі кетпедің? «Сағыныштың үнін ала кет, ала кет!» - дедім. Ала кетпедің жаным, Неге ала кетпедің?
  • Қаракөз ең алғашқы сүйген қызым, Көктемім жазым менің күзім қысым. Армандап жыл мезгілін қалай күтсем, Ол да менің көптен күткен аққу құсым. Қалап ем махаббаттың Қаламқасын, Қолдан ұштың қанатты қарлығашым. Аймалап аялаған күндерімді, Қалайша сен есіңнен шығарасын? Қайырмасы: Алтыным менің, Кете бардын амалым жоқ қала бердім. Жүрегім кеудеме сыймайды-ау, Сол менің жүрегімді қинайды. Алтыным... Күте күте сарғайдым хаттарынды, Сағынышым жыр болып ақтарылды. Мен ғана жалғыз сені сағынатын, Ойлап тұрсам осы бір шақтарынды. Ұмыттын ба жастықтың көп күндерін, Сол жылы алма ағаштар көп гүлдеді. Сол жылы көрші үйдің баласына, Мәңгілікке айырбастап кеттін мені
  • Өмірмен ойнама,ең жүйрік ой ғана. Қиялдай... Сен терең ойлана,ұшасын айғада. Қия алмай... Аңсаумен күн кешіп,жүрекпен тілдесіп. Күрсінбе... Бұрылып кете алмай,қол созсам жете алмай. Жүрсіңбе?... Қайырмасы: Сүйші мені таза сезіммен, Сүйші мені мөлдір көзіңмен. Армандай... Сүйші мені таза тәніңмен, Сүйем сені жаңа әніме Салғандай... Тамшы мол жасымда,кеттім мен қасында қала алмай . Ойлаумен түнімен,жарамды жүрмін мен таңа алмай, Көңілге гүл еккен,сезімге дір еткен қыздар-ай. Жүздерің күн сүйген,тұрмайды шын сүйген қызғанбай... Қайырмасы x2: Сүйші мені таза сезіммен, Сүйші мені мөлдір көзіңмен. Армандай... Сүйші мені таза тәніңмен, Сүйем сені жаңа әніме Салғандай... Сүйші мені салып жаныңды, Сүйем сені тілеп бағынды. Таңдар-ай... Сүйші мені сүйші тағыда, Сүйем сені менде сағыңа. Ақ-маңдай...
  • Бәрі де артта қалды ма, Жаным-ау бағың жанды ма? Сағыныш болып күн сайын, Келесің көздің алдына. Екі жаққа екеуміз, Кетерміз енді не етерміз. Бақытқа бәлкім жетерміз, Өкініп мүмкін өтерміз. Айналған бұлдыр елеске, Біздің махаббат емес пе, Сезімнің сұлу сырларын, Сақта мәңгі сен есте. Есте сақта бір жүрген бақтарды, Есте сақта сол ғажап шақтарды, Есте сақта екеуміз көз ілмей, Армандап қарсы алатын ақ таңды. Есте сақта мен жазған хаттарды, Есте сақта мен салған тәтті әнді Енді сені сол ғана тербейді Өзгесі оралып келмейді. Бола алмасаң да жан жарым, Сен жүрегіңе алма мұң Кешегі келмес күндерді, Есіңе сақтап қал жаным. Орала алмайсың білем мен, Бақытың өзге біреумен. Сонда да өмір сүрем мен Өзіңе бақыт тілеумен. Айналған бұлдыр елеске, Біздің махаббат емес пе, Сезімнің сұлу сырларын, Сақта мәңгі сен есте Есте сақта бір жүрген бақтарды, Есте сақта сол ғажап шақтарды, Есте сақта екеуміз көз ілмей, Армандап қарсы алатын ақ таңды. Есте сақта мен жазған хаттарды, Есте сақта мен салған тәтті әнді Енді сені сол ғана тербейді Өзгесі оралып келмейді.
  • Пах-пах-пах қандай ғажап иіс Шат-шат-шат қиялыма ілес Қандай ыстық жүрегімнен сүйіс Созылған кірпігімнен күйіс Пах-пах-пах жүрегім жалқыды Сенің қиялыңнан, бұл денем балқыды Ояттым ауқымды, ұмыттым шартымды Бұндай ғажап иіс құштар етер әркімді Пах пах пах көркіңе тәтімін Дәмін сезгім келеді тәніңдегі қалтыңның Жанарың жарқылын, басылмай ауқымым Іздеймін өзіңнен көз қарасыңды күнім Сезім алаусыңды, суйем нәзік өзіңді Жаулап алсам деймін, сенің есіңді (менің есімді) Күлімдейсің бірақ, ішіңде мың сұрақ Буырқанып қаның, өз ойыңнан ұйаласың Жанып сөніп шырақ... Пах-пах-пах қандай ғажап иіс Шат-шат-шат қиялыма ілес Қандай ыстық жүрегімнен сүйіс Созылған кірпігімнен күйіс Пах-пах-пах бәрі сенің еркіңде Жаныма жол тауып, өтуге Сәнің, тәнің, талғамың өзіңде Және мендей жігіттің қарсы емессің етуіне Пах-пах-пах қандай асау шіркін Маған жағатын бар екен ау мінез құлқың Саған әдейі арналған әдісімді білсең Жеңіл әзілммен таусандырар күлкің Сезім алаусыңды, суйем нәзік өзіңді Жаулап алсам деймін, сенің есіңді (менің есімді) Күлімдейсің бірақ, ішіңде мың сұрақ Буырқанып қаның, өз ойыңнан ұйаласың Жанып сөніп шырақ Пах-пах-пах қандай ғажап иіс Шат-шат-шат қиялыма ілес Қандай ыстық жүрегімнен сүйіс Созылған кірпігімнен күйіс
  • Жаныңа салып сенің байқамай мұң, Сүйемін деп те сирек қайталаймын. Қасымда жүрген соң, Биіктігіңді де көп байқамаймын. Соқтырса да қатал күндер ызғарын Қабағыңды маған мүлде бұзбадың Жүзікпен емес біз Жүректерімізбен біргеміз жаным [Қайырмасы] Ханшайымым-ау, Жүрегім менен ошағымның иесі. Шаңырағым мен шаттығымның киесі, Ыстық сезіммен үнсіз ғана сүйесің. Ханшайымым-ау, Бағымды менің жалғыз өзің еселер, Бағымның гүлі болып бақыт кеше бер. Бағаңа жетпей жатсам егер кей кезде, Сен кеше гөр. Басымды да өзің төрге сүйреген, Ешбір адам мені сендей сүймеген. Тілегім сол ғана, Өмірлік біздерді бөлмесін деген. [Қайырмасы] Ханшайымым-ау, Жүрегім менен ошағымның иесі. Шаңырағым мен шаттығымның киесі, Ыстық сезіммен үнсіз ғана сүйесің. Ханшайымым-ау, Бағымды менің жалғыз өзің еселер, Бағымның гүлі болып бақыт кеше бер. Бағаңа жетпей жатсам егер кей кезде, Ханшайымым-ау, Жүрегім менен ошағымның иесі. Шаңырағым мен шаттығымның киесі, Ыстық сезіммен үнсіз ғана сүйесің. Ханшайымым-ау, Бағымды менің жалғыз өзің еселер, Бағымның гүлі болып бақыт кеше бер. Бағаңа жетпей жатсам егер кей кезде, Сен кеше гөр.
  • Менің үніме құлақ түр келіп Бәрі де бәрі сынақ білемін Өмір жайында ойлана қалсам Ессіз адамдай жылап күлемін Жүрмес өлместей өмірге келіп, Жалғанның жайлы төрінде көріп Басыңа жауған бақыттың қары Түседі-ау бір күн түседі ау бір күн Көңілден еріп Кетер әкеңде анаңда кетер Кеткенше саған алаңдап өтер Тірі кезінде құрметте бәрін Өкпелегенше заманға бекер Бермес ешкімге тіршілік баға Татымас тағдыр бір шыбыққада Ана өмірге апаратының Құдайға қылған құлшылық қана Ана өмірге апаратының Құдайға қылған құлшылық қана Шіркін таусылса әттеңің ғана Салқын күндердің сәттерін қара Жалғаннан жалғыз алатын еншің Бір екі метр ақ кебің ғана Сыналар өмір өтімек үшін Бай адам мықты секілді үшін Жер бетін ешкім жаулай алмайды Жер жаулап алар бетіндегісін Жер бетін ешкім жаулай алмайды Жер жаулап алар бетіндегісін Жетер Алланың үкімі алдағы Пенденің өлмеу бүкіл арманы айтып келмейтін ажал құрғұрдан Қорқыттың өзі құтыла алмады Қалар артыңда жаңғырық елес Әрбір адамның тағдыры белес Бәріңе мәңгі өмір тілерім Өмірде бәрі мәңгілік емес Бәріңе мәңгі өмір тілерім Өмірде бәрі мәңгілік емес
  • Кунде де тунде мойыма мінбе Шыркасын әнім туылган куніңде Кунде де тунде мойыма мінбе Шыркасын әнім туылган куніңде Әрбір күнің нұрға толсын болсын мереке Сен қуансаң таусылмайды үйде береке Ынтымағы жараскан бауырлар бірге Туған күнің құтты болсын жете бер жузге Бүгін сенің туған күнің шаттық мереке Сен қуансаң таусылмайды үйде береке Ынтымағы жараскан бауырлар бірге Туған күнің құтты болсын Туған күнің құтты болсын жете бер жузге Жаным бауырым Жаным бауырым Жолың болсын өмірде менің бауырым Жаным бауырым Жаным бауырым Жолың болсын өмірде менің бауырым Саған ғана айта алам жүрек сырымды Өзің ғана түсінетін менің мұңымды Өткен күннің бәрі елес келер күн жұмбақ Сондықтанда бағалай біл бүгінгі күнді Саған ғана айта алам жүрек сырымды Өзің ғана түсінетін менің мұңымды Өткен күннің бәрі елес келер күн жұмбақ Сондықтанда бағалай Сондықтанда бағалай біл бүгінгі күнді Өмір дауылын жеңіп бауырым Мақсатыңа аңсаған жетші бауырым Өмір дауылын жеңіп бауырым Мақсатыңа аңсаған жетші бауырым Жаным бауырым Жаным бауырым Жолың болсын өмірде менің бауырым Жаным бауырым Жаным бауырым Жолың болсын өмірде менің бауырым Өмір дауылын жеңіп бауырым Мақсатыңа аңсаған жетші бауырым Өмір дауылын жеңіп бауырым Мақсатыңа аңсаған жетші бауырым
  • Жас едім өмірге еркін бойламаған Күні ертең не боларын ойламаған Шарықтап кетсем Дағы қанат қағып Өзіңдей қамқор әке қайда маған Шарықтап кетсем Дағы қанат қағып Өзіңдей қамқор әке қайда маған Жан әке, шертіп сезіп Домбырасын Кеудемді қуанышқа толтырасың Арманның асқарына құлаш ұрсам Алдымда асқар тау боп Сен тұрасың Арманның асқарына құлаш ұрсам Алдымда асқар тау боп Сен тұрасың Бұл күнде мен де Өзеннің арнасымын Кім мөлдір болса соның жолдасымын Қуан сен, қуана бер, әкетайым Мен сенің өміріңнің жалғасымын Қуан сен, қуана бер, әкетайым Мен сенің өміріңнің жалғасымын
  • Солғанша гүлім көзде тұнық ана деп ән салам Жүрейін мейлі жүзге толып бөпекпін мен саған [Қайырмасы:] Ана Ана Ана мәңгі дос сен ғана Абзал ана ана көңілің кең дала Дарасың сен маған Данасың сен маған Мақтанатын, мархабатым, махаббатым Ардақтайды есіміңді Ел-ана деп адам Жер-ана деп адам Тербет мәңгі бесігіңді Ана жаным саған арнадым ән саған Қарызбыз әжім ақ шашыңа көзіңнің жасына Өзіңсің бақыт бақшасы да өмірдің басы да [Қайырмасы:] х2 Ана Ана Ана мәңгі дос сен ғана Абзал ана ана көңілің кең дала Дарасың сен маған Данасың сен маған Мақтанатын, мархабатым, махаббатым Ардақтайды есіміңді Ел-ана деп адам Жер-ана деп адам Тербет мәңгі бесігіңді Ана жаным саған арнадым ән саған
  • 1. Мен өзіңді іздедім тағы Жүрегімнің қалауы тым алыстап барады. Сен ұнайсың маған күнім, Гүлденде нəзік гүлім, гүлім, Келші бүгін. [Қайырмасы] Менің аңсарым болып қалдың, Неге мені тағы, тағы. Әуреге салдың,салдың, Мені ойласаң нетті. Сенсіз өмір мұңлы болып кетті, Мен ұмыта алмадым. Сені ғана жаным ойладым, Есіңе ал бəрін. Күтемін тағы да, тағы да, Қасымда қал жаным. Менің жалғыз арманым, Үмітімді сен алдамағың. 2. Гүл ол сенің есіміңде, Кетем деп кешірілмей. Келші маған күлімдей, Бұл айтатын соңғы сөзім, Бақытым жалғыз өзің жаным,жаным, жаным. [Қайырмасы] Менің аңсарым болып қалдың, Неге мені тағы, тағы. Әуреге салдың,салдың, Мені ойласаң нетті. Сенсіз өмір мұңлы болып кетті, Мен ұмыта алмадым. Сені ғана жаным ойладым, Есіңе ал бəрін. Күтемін тағы да, тағы да, Қасымда қал жаным. Менің жалғыз арманым, Үмітімді сен алдамағың. Мен ұмыта алмадым. Сені ғана жаным ойладым, Есіңе ал бəрін. Күтемін тағы да, тағы да, Қасымда қал жаным. Менің жалғыз арманым, Үмітімді сен алдамағың
  • Кинодағыдай ғажайып емес махаббатым менің мүлде десем де Оңай табамын сылтау бір көруге сені күнде Көп қызғанамын ашуланамын жас баладай Еркелей берем сен қасымда болғанда Неліктен олай өкпелеп тұрып мәз боламай Сұрама жауабын менен! Қайырмасы Айып етпегейсің жаным өзім Түсінбеймін бірде сүйем бірде жек көрем Жек көремде түсімде көрем Мәңгі бір саған ғана байлаулы Жүргендеймін бірде сүйем бірде жек көрем Сенсіз маған өмір жоқ білем айтшы неге?! Сүйем сүйем сүйім - жек көрем Сүйем сүйем – жек көрем Сүйем сүйем - жек көрем неге?! Түсінбеймін Сүйем сүйем сүйім - жек көрем Сүйем сүйем - жек көрем Айтам тағыда-ай ертегі емес сезіміміз көрген көзге Бірақта қалай жазамын арнап әндерімді жанға өзге Сөз табалмаймын сені ұға алмаймын кейде сонша Қош деп алысқа ұзап кеткім келеді сенен Бір сәттен кейін сағынамын қайта амал қанша Бәрібір алдыңа келем Қайырмасы Айып етпегейсің жаным өзім Түсінбеймін бірде сүйем бірде жек көрем Жек көремде түсімде көрем Мәңгі бір саған ғана байлаулы Жүргендеймін бірде сүйем бірде жек көрем Сенсіз маған өмір жоқ білем айтшы неге?! Сүйем сүйем сүйем - жек көрем Сүйем сүйем – жек көрем Сүйем сүйем -жек көрем неге?! Түсінбеймін Сүйем сүйем сүйем – жек көрем Сүйем сүйем – жек көрем УУУУУУ Еркелей беремін неге?! Өкпелей беремін неге?! УУУУУ Өкіне беремін неге?! Өзгере беремін неге?! Бәрібір алдыңа келем...... Қайырмасы Айып етпегейсің жаным өзім Түсінбеймін бірде сүйем бірде жек көрем Жек көремде түсімде көрем Мәңгі бір саған ғана байлаулы Жүргендеймін бірде сүйем бірде жек көрем Сенсіз маған өмір жоқ білем айтшы неге?! Сүйем сүйем сүйем - жек көрем Сүйем сүйем – жек көрем Сүйем сүйем -жек көрем неге?! Түсінбеймін Сүйем сүйем сүйем – жек көрем Сүйем сүйем – жек көрем Жек көрем
  • Көргім келеді сені, Көздеріңнің жалыны арбап мені, Сені іздеймін! Нәзік сезім арнап, Махабаттың балынан бір татсам деп едім, Кездестірмедім. Жарық берші, жаныма келші , жаным Жанып тұршы күнімдей боп әрдайым Жастығымның лала гүлін арнайын, Жанымда жүр жазғы түнгі айдайым! Қайырмасы Асылым, Ғашығым, айтшы маған ашығын, Қайдан іздеймін сені? Асылым, Ғашығым, айтшы маған ашығын, Қайдан іздеймін сені? Сыйладым сен үшін, Сезімімнің лапылдаған жалын күшін, Шын жүректен. Жолығарын білем, іздей берем, Мәңгі саған сенем, арман ақ құсым Жарық берші, жаныма келші , жаным Жанып тұршы күнімдей боп әрдайым Жастығымның лала гүлін арнайын, Жанымда жүр жазғы түнгі айдайым! Қайырмасы Асылым, Ғашығым, айтшы маған ашығын, Қайдан іздеймін сені? Асылым, Ғашығым, айтшы маған ашығын, Қайдан іздеймін сені? G-Had Ғашық оты жанған сәттен-ақ бізге мәлім Бұл бір сезімімді билеген, жұмбақ әлем Құшағыма басайын, құшарға тәнім дайын, Асылым, қиратпа ғұмыр мәнін Түн қарасы әлі кейіпіңді әдемі етеді Жан сұлуы жаныңа ең керегі Тауды әрі асам, бағытымнан жаңылмасам Дара жұп қосылар, егер соны қаласаң Жарық берші, жаныма келші , жаным Жанып тұршы күнімдей боп әрдайым, Алтыным, Асылым Жастығымның лала гүлін арнайын, Жанымда жүр жазғы түнгі айдайым! Алтыным, Ғашығым-ай, жасырмай ашығын айт! Қайырмасы Асылым, Ғашығым, айтшы маған ашығын, Қайдан іздеймін сені? Асылым, Ғашығым, айтшы маған ашығын, Қайдан іздеймін сені?
  • Жолыққан қандай жақсы Шынайы жүздерменен Ең жақсы сөздерменен Жарқырап күліп тұрған Жайнаған көздерменен Жолыққан қандай жақсы /3 р/ Сағынған жүрекпенен Ең жақсы тілекпенен Құшақтап қатты қысып Ең жақсы ниетпенен Кездескен қандай жақсы Жолыққан қандай жақсы Жолыққан қандай жақсы Амандық болсын десіп Құшақтар толсын десіп Бақ қонып басымызға Бақ-дәулет қонсын десіп Бар болсақ қандай жақсы Бар болған қандай жақсы Бар болған қандай жақсы Кездесу себеп болып Той думан кенет болып Жүздесу қандай жақсы Жақындар себеп болып Жолықсақ қандай жақсы Жолыққан қандай жақсы Жолыққан қандай жақсы Бар болсақ қандай жақсы Бар болған қандай жақсы Жолыққан қандай жақсы Жолыққан қандай жақсы
  • Қызыл көйлек үстіне кигені Жарасып түр шашының түйгені Еркелейді даланың гүліндей Əттең-ай аттең бар екен сүйгені Қызыл көйлек ей қызыл көйлек Құлпырасың ортада гүл гүл билеп Қызыл көйлек ей қызыл көйлек Өмір өтер осылай дөңгеленіп Асау жүрек бағынбай еркіме Сүйген жүрек тұрады сертінде Ғашық болу жаралған жүрекке Əттең-ай əттең кездестім мен кімге Жалт қарадың ерекше көзіңмен Əн арнадым өртеніп сезіммен Кел билейік қалмайын арманнан Ғашық еттің мені қызыл көйлегіңмен
  • Сүймедің бе деп, күймедің бе деп Күлмедің бе деп, сұрамаймын Сұрамаймын сенен ұмыттың ба деп мені Алдадың ба деп, арбадың ба деп Жалғадың ба деп, сынамаймын Журегіме жұмбақ мұң қондырмашы Сағынышқа сөнбейтің, сендейтін шалдырмашы жаным тек Бір сұрақ,бір ғана сұрақ Өртеді жанымды қайта-қайта Жалының оның баса алмадым Өзімнен өзім қаша алмадым Қалды тек бір сұрақ,бір ғана сұрақ Қалдырдың жауабын қайда-қайда? Тұрсанда қош бол деп өзің Сүйем дейді неге көзің? Асықтым ғой деп Ғашықпың ғой деп Жасыттың деп жылай алмаймын Санамаймын, енді күндерді күтіп сені Уақытсыз өткен,бақытсыз еткен, Сезімімді кінәләмаймың Қоштасудың сағатын создырмашы Үмітімнің көз жасын бірак та жазғырмашы жаным тек Бір сұрақ,бір ғана сұрақ Өртеді жанымды қайта-қайта Жалының оның баса алмадым Өзімнен өзім қаша алмадым Қалды тек бір сұрақ,бір ғана сұрақ Қалдырдың жауабын қайда-қайда? Тұрсанда қош бол деп өзін Сүйем дейді неге көзің?
  • Құп көріп тәңір болумен әмір жаралып іште денеміз Өмірге біздер келеміз Ақ пенен қара бақ пенен нала күреске бірден енеміз Жеңілеміз де жеңеміз Қайырмасы Бұл өмір сынақ Біреулер жылап біреулер шыдап көтерер Имандық бір тек жаманнан бүркеп Жақсыға жүр деп жетелер Жақсыға жүр деп, жүр деп жетелер Жақсы да болсын жаман да болсын Ұяда нені көреміз ұрпаққа соны береміз Белгісіз бақыт байқатпай уақыт Аялдамаға жетеміз Тоқтайды сөйтіп кемеміз Қайырмасы 2х Бұл өмір сынақ Біреулер жылап біреулер шыдап көтерер Имандық бір тек жаманнан бүркеп Жақсыға жүр деп жетелер Жақсыға жүр деп, жүр деп жетелер
  • Тереземнен соққан самал еседі-ай, Ғашық отың мені өртеді-ай. Сенің ңұрлы мөлдіреген көздерің Жүрегімді менің емдеді! Іздеймін деп сені, Таусылардай демім, Елестейсің сен сағымдай... [Қайырмасы] Күтемін мәңгі, өзіңдей жанды, Арнадым әнді, аяулым! Жаңбырлы түнде, шуақты күнде, Іздеймін сені, аяулым! Қиалдағы ару қызы, күнім-ай, Ай боп жүрмін күнді көре алмай. Толқын соққан теңіздегі кемедей, Тербеледі көңіл сені іздей... Іздеймін деп сені,
 Таусылардай демім,
 Елестейсің сен сағымдай... [Қайырмасы] Күтемін мәңгі, өзіңдей жанды, Арнадым әнді, аяулым! Жаңбырлы түнде, шуақты күнде, Іздеймін сені, аяулым!
  • Өмірімді көрдім мен Көңілімді көрдім мен Өртенген өлеңімнен Айырылмай қойдым ау Жалықтым тойдым ау Мен сыймас әлеміңнен Сағынсам қалай шыдаймын Іздесем кімнен сұраймын Ақ періштесі арманның Мен саған қалай ұнаймын Таулардан асырып Орманға жасырып Несіне қызғанамын Армандап айту үшін Сүймесе қайтесің Жүрегім сыздамағын Сағынсам қалай шыдаймын Іздесем кімнен сұраймын Ақ періштесі арманның Мен саған қалай ұнаймын (Жүрегім жалын өрт демім Сағынып жүрмін көктемім) Көздерім біреуді Жүрегім біреуді Жолығып нем бар еді Махббат жемісін Көрмейтін мен үшін Өмір жоқ енді әдемі Сағынсам қалай шыдаймын Іздесем кімнен сұраймын Ақ періштесі арманның Мен саған қалай ұнаймын
  • Сағындым ба, сағындым ба Көңіл-күй жоқ ой мазалы. Неге қондың маған келіп, Сезімдердің шын ғазалы. Қою түнде есіміңді Жұлдыздармен кім жазады. Кімнің туып айы оңынан Болар екен кім жазалы. Қайырмасы: Жердің бетін киіндіріп Қанатыңның түсіне сай. Кім сенімен мақтануда Жүрсің жаным жерлерде қай? Сары алтындай сағыныш-ай Оттай жанған жүрегім-ай. Жалғыздықты көкте Жалғыз Бір түсінсе, түсінер-ай. Кірпігіңмен үп еткіз де, Үміт отын жандырсаңшы. Жаз боп кел де, қуаныштан Мені есімнен тандырсаңшы. Не болмаса өзің келіп Көңілімді қалдырсаңшы. Күз боп кел де, сұрланып ап, Сары жапырақ жаудырсаңшы.
  • Күңіренген күз де, Ұқсап тұрғандай бізге, Махаббаттың гүлі, Солып қалды ғой түзде. Ренжімеші күзге, Сен үмітіңді үзбе. Жүрегіңді тыңда, Шын бақытыңды ізде. қайырмасы: Жылама жаным, Кінәламағын Тағдырыңды сенің мұңды еткен. Жылама жаным, Атады таңың, Сенің де келер бір көктемің. 2. Өкпелейсің кімге, Қосылмас ай мен күн де. Мәңгі бірге болу, Жазылды дейсің кімге. Мен кетермін жырақ, Тамшы-мұң болып құлап, Күзгі жаңбырменен Келіп тұрармын бірақ.
  • 1. Бұл өмірде берілместен талас қайғыға Сен екеуміз бірге жүрсек жараспайдыма Алынбайтын қамалдай, бақ құсым боп қоналмай Еш бір баян табалмай өткен бір дәурен Жанға жайлы самалдай Жан құмарым табалмай Қайта айналып оралмай Кеткен бір дәурен Қайырмасы: Алма ағаштың гүліндей құлпырасың сен Ақ сазандай ағысқа ұмтыласың сен Ертегі деп ойласам шын шығарсың сен Қасындағы күн шығарсың сен 2. Сен күлгенде менің жаным жадырағанда Жыл құсындай ұшып кетпе бағыма қонбай Қариядай тасыған, кейде жүдеп жасыған Барінің де басынан өткен бір дәурен Бетегедей беттегі Таңғы шықтай шөптегі Ақша бұлттай көктегі Көшкен бір дәурен